Мазмұны түсінік хаты



бет40/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

МҰҚАҒАЛИ, ИНОЗЕМЦЕВ

 Галифе – сан тұсы кеңдеу, ал балтыр тұсы жабысып тұратын әскери шалбар түрі.
Жаубүйрек – ұлттық тағамның бір түрі. Қойдың етін өзінің қарнына салып, аузына жіліншігінен түтік жасап, сыртын топырақпен сылап, шоққа көміп пісіреді.
Шібіш – ешкінің 7–8 айлық төлі.



1. Мұқағали орыс офицері Иноземцевті не үшін қамауға алады? Олардың мақсаты не еді?
2. Жазушы неліктен Иноземцевтің жауыздық әрекеттерін Мұқағали аузымен айтқызған?
3. Мұқағали монологіне сүйене отырып, Иноземцевтің қатыгез іс-әрекеттерін санамалап айтып беріңдер.
4. Мұқағали-Иноземцев диалогін оқып, тілдік-стильдік ерекшелігіне талдау жасаңдар.
5. Бес азаматты қабаттап қойып, қаншасын тесіп өтер деп алды-артынан оқ жүгірткен Иноземцевке қандай жаза лайықты деп ойлайсың?



1. Топқа бөлініп, «Кейіпке ену» әдісі бойынша жұмыс жасаңдар.
• «Кейіпкер кестесін» толтырыңдар.

• Үзіндідегі негізгі құндылықты көрсететін кейіпкерді таңдаңдар және кейіпкер
арқылы осы құндылықты баяндайтын қысқаша қойылым дайындаңдар.
2. Үзінді кейіпкерлерінің характерлері мен портреттеріне нақты мысалмен сипаттама беріңдер.
3. Үзіндіден байқалатын жазушы тұлғасы туралы пікірлеріңді жазыңдар.
Пікір. Үзіндідегі жазушы тұлғасын бір сөйлеммен жаз.
Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
Қорытынды. Өзіңнің сыни көзқарасыңды білдір.
4. Романнан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, «Үш жақты күнделік» толтырыңдар.


1. Үзіндідегі Мұқағали-Иноземцев диалогінен көрінетін өмір шындығы туралы түйінді ойды «ПОПС формуласы» бойынша дәлелдеп жазыңдар.
Менің ойымша, …
Мен оны былай түсінемін: …
Мен оған мынадай деректер, мысалдар келтіре аламын: …
Мен мынадай қорытынды шешімге келдім: …
2. Үзінді кейіпкерлерінің өмірін ой елегінен өткізе отырып, жан дүниелеріңе жазушы суреттеген оқиғаның қалай әсер еткенін әңгімелеп беріңдер.
3. Үзіндіні тыңдап, жазушы шеберлігіне баға беріңдер. Автор қолданған көріктеу құралдарын тауып талдаңдар. Уақыт – 15 минут.




Үзінді идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңдар.
Кері байланыс. «Үш минуттық эссе».
Бүгінгі түсінгендеріңнің ішінде ең маңыздысы не?
Қай сұрақ есіңде қалды?
Сен үшін ең қиын, түсініксіз болған не?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет