Мазмұны түсінік хаты



бет37/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

Қалған жұрт не болмақ?
Сәруар әкесін «тәте» деп атайды. Сәруарды тосқан Мұқағали Иноземцевті «тақымынан суырып» алып, «қарағұсын бүріп-бүріп, мытып-мытып жіберіп», «Жат» деп тізесінен сыпырып тастайды. «Жасыл шөпке құлаған Иноземцев бірақ тұяқ серіпкен жоқ», – дейді жазушы. Ал «тұяқ серіппеу» деген сөздің «жан тапсыру» деген мағынасы бар. Талып та қалуы мүмкін. Автор мұны ашық айтпайды. Шығарма соңында әбден қиналған Сәруарды Мұқағали ауылына әкелген Крейгель жалпақ сары көшіріне маузерін беріп: «Сәруарды ат», – деп бұйырады.
Ол жылап: «Я не могу, Ваше благородие», – дейді.
«Что не можешь?» – дегенде «Я живу на их земле», – дейді.
Ыза болып, маузерін жұлып алған Крейгель Сәруарды өзі атады. Шығарма Төрехан мен Сәруардың қаза табуымен аяқталады. Шығарма басталған бетте «сол бір шілдеде» «бердеңкенің өңменінен балқып шыққан жалғыз оқ кәрілі-жас бұғананы қырқып қана суыды» деген сөйлем арқылы 1916 жылғы қанды қырғынды көз алдымызға елестетеді.
«Бесатар» – қарудың түрі, қазақтар маузерді «бесатар» деген.
Бұл жерде бесатар – символ, яғни империялық патша өкіметінің қанды саясаты, озбырлығы, аяусыз таптауы, атып-шабуы деген мағынаны жүктеп тұр. «Бесатар» қызыл империяға қарсы атылған оқ болатын».



Бесатар – 7,62 мм калибрлі винтовка. Оқсауытына 5 патрон салынатындықтан, «бесатар» аталып кеткен.
Кісәпір – өз құлқынын ғана көздейтін, арам пиғылды адам.
Бердеңке – оқпаны қырлы ұңғылы, қазынадан оқталып, бір зарядты унитарлық патронмен ататын мылтық түрі.
Бәкене – аласа, тапал деген мағынада.
Каратель отряд – орыс-казактардан құралған жазалаушы отряд.
Тас метім – артық қимыл жасай алмайтындай, қатты.



1. Жазушы, сыншы, драматург Асқар Сүлейменовтің қандай шығармалары бар?
2. Асқар Сүлейменов не себепті повесті «Бесатар» деп атаған?
3. «Түркістанның босағасын … 16-жылдың шілдесі аттады» деген сөздің астарында қандай тарихи шындық жатыр? Шығармаға арқау болған тарихи оқиғалар туралы не білесің?
4. Шығарманың тақырыптық-идеялық тұтастығы неде?
5. Повесть құрылымында қандай ерекшелік бар?
6. Иноземцев кім? Ол қолға түскенде қандай соңғы үмітке сенді?

1. Шығарманың композициялық ерекшеліктерін топпен бірге талдаңдар.

2. Үзіндідегі кейіпкерлер бейнесін анықтаңдар.

3. 1-жұп шығарманың көркемдік жүйесі (монолог, диалог, пейзаж, көркем деталь), ал 2-жұп шығарманың тілдік-стильдік ерекшелігі туралы бір-біріңе екі сұрақ қойыңдар. Жауаптарың дәлелді болсын.

1. Жүсіпбек Қорғасбек жүргізген «Кітапхана» бағдарламасын (https://www.youtube.com/watch?v=PciAzDMd0Iw) көріп, бағдарламаға арқау
болған Асқар Сүлейменовтің «Бесатар» повесі туралы пікірлерді зерделеңдер.
2. «Бесатар» повесінің құндылығы туралы зерттеушілер пікірлерін жинақтап, ерекше ұнаған бір пікірге дәлелдеріңді ұсыныңдар.
Ү л г і :
Өзіндік пікір:
Дәлел:
Өз пікіріңді айғақтайтын мысал:
Өз пікіріңе қарсы дәлел:
Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал:
Қорытынды:




«Бесатар» повесі қазақ әдебиетінде қай шығармаға ұқсас болып келеді? Өздерің білетін шығармалармен салыстыра талдап, шағын сыни мақала жазыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет