Кері байланыс.«3-2-1».
Тақырыптан түйген 3 ой.
Осыған дейін таныс болған 2 ақпарат.
Түсініксіз 1 сұрақ.
1916 жылғы 25 маусымда 19–43 жас аралығындағы барлық бұратана халықтың ер адамдарын тыл жұмыстары мен әскер үшін қорғаныс құрылыстарын салу жұмыстарына шақырған патша үкіметінің Жарлығы шықты. Тыл жұмысына алу қазақ және Орта Азияның басқа халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты қозғалысының басталуына түрткі болды. Қозғалыс стихиялы түрде басталып, 1916 жылғы шілденің аяғы мен тамыз айының басында барлық Қазақстанды қамтыған көтеріліске ұласты.
КРЕЙГЕЛЬ
Френч – етегі тізеден жоғары тұратын әскери киім.
Маузер – «Маузер» компаниясында ағайынды Фидель, Фридрих және Йозеф Федерлелер құрастырған тапанша. 1895 жылы тапанша Германияда Пауль Маузердің атына патенттелген.
Адъютант (лат. adjutans) – көмектесуші. 1. Әскери бастықтардың, қолбасшылардың түрлі тапсырмаларын орындайтын немесе штаб қызметін атқаратын офицер. 2. Жеке әскери бөлімдердің жасақтау жағын басқаратын офицер.
Адыр – берік тау жыныстарынан құралған мұқыл аласа тау. Көпшілігі төңірегіндегі жазық өңірлерден 100–400 м көтеріңкі тұрады.
Қан дабысы – құр дақпырт.
Фаэтон – күймелі жеңіл арба.
Шобыр – мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат.
Нәргүмән – дүдәмал болу, бір нәрсеге күдіктену.
1. Крейгель кім? Оның мазасыздануының себебі не?
2. Үзіндіден Крейгельдің қандай жан екендігі туралы қандай мәліметтер алуға болады?
3. Автор Крейгельді неліктен қазақы танымды қазақтың өзінен де терең білетіндей етіп бейнелеген?
4. Голоножкин кім? Крейгель оған қандай ат қойған?
5. Шығарма бөлімдері неге кейіпкерлер атымен аталған деп ойлайсыңдар?
6. Автор кейіпкерлеріне ат бергенде қандай да бір мағынаға мән берген бе?
7. Автор неге әр кейіпкерін жеке сөйлеткен деп ойлайсыңдар?
1. Бөлім атауларына назар аударып, жазушының повесті осы бөлімдерге бөлу мақсатын топпен бірге анықтаңдар.
2. Крейгельдің жылқы туралы, қазақ жері туралы пікірлерін теріп жазыңдар. Крейгельдің жылқы туралы ойы, қазақ жылқысының желіске жоқтығы, шабысқа, яғни ашық күрес, тікелей тайталасқа бейімдігі неге айтылып отыр деп ойлайсыңдар? Ойларыңды жүйелеп жеткізіңдер.
3. Үзіндіні негізге ала отырып, Крейгельге сипаттама беріңдер.
4. Үзіндіден бейнелеу, суреттеу құралдарын табыңдар. Олардың қандай көркемдегіш құрал түрі екенін ажыратыңдар. Шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдаңдар.
1. Үзіндідегі өздеріңе ұнаған мәселе мазмұнына шығармашылық жолмен қорытынды жасаңдар.
2. «Бесатар» повесінде дәріптелетін құндылықтарды анықтаңдар.
«Бесатар» повесі – өз заманындағы өзекті тақырыптарды көтере алған туынды» тақырыбында әдеби эссе жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |