Мазмұны түсінік хаты



бет52/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)

«Шатқалаң» (1935) әңгімесінде колхоз ісін ақсатқысы келетін ішкі жаулардың сыбайластары шет елде де жүреді. Шығармада Қытайға қашып кеткен белгілі бай Сүгірдің шекарадан жасырын өтіп, «Талды өзек» колхозындағы сенімді жақыны Қатпамен байланыс жасағаны, колхоз малын жойып, елді шошытпақшы болғаны, адал адамдарға жала жауып, қуғындауды көздегені айтылады. Колхоз дұшпандарының астыртын ұйымдастырған жоспарлары әшкереленіп, қастандықтары күйрейді. Бұл істе қырағылык, зеректік көрсеткен ферма бастығы Саматтың тапқырлықтары шебер ашылған. Самат тұлғасы — шығарманың шоқтығын биіктетіп тұрған тұлға. Ол күрделі істерде парасат көрсете біледі, адамдарды сөзіне емес, ісіне қарап таниды, жауларының құрған торына түспейді, адал жандарды жазықсыз жазалауға жібермейді. Советтік құрылыс жолында қайрат-күшін жұмсайтын Самат алдыңғы саптағы ауыл адамдарының көркем жиынтық бейнесі болып елестейді.
«Бүркітші» деген әңгімеде «Іздер» мен «Шатқалаңдағы» оқиғалық сарын жаңа бір қырынан көрінеді. Мемлекеттің жоғалған жылқыларын іздесіп, батыл көмек көрсеткен бүркітші Бекбол бойында қарапайым еңбекшіге тән ұнамды қасиеттер бар. Ол тікелей өз міндетіне жатпайтын тапсырмадан жалтармай, жылқы ұрлаушыларды ұстауға жәрдемдеседі. Жазушы бұл арада коллектившіл сананың құдіретті ықпалы кең тарай бастағанын да аңғартады. Кейбір тұста кейіпкерлердің іс-әрекетіне дәлелдеме жетпейтініне қарамастан «Бүркітшіні» де жаңа тақырыпты меңгерудің жақсы бастамасы қатарына қосу қажет.
Жаңа ұйымдасқан колхоз ауылының жігерлі қадамын, кездескен кедергілердің әлеуметтік себептерін жазушы өз көзінен көріп, көңіліне түю үшін, нақтылы өмірді зерттеді. Оңтүстік Қазақстан өмірінен жазылған «Білекке білек» (1933) әңгімесі — нақ осындай ізденістің жемісі. Еңбегімен ел құрметіне бөленген сауыншы Мақпалдың бейнесі шындықтан алынған. М.Әуезовтің жаңа ауыл келбетін аралап көріп, жете танысып жазған шығармаларының кейбіреулері очерк жанрында туды. Кейбір шығармасында очерк пен әңгіменің сипаттары қатар көрініп те отырады. Жазушының әңгімелеріне тән оқиғалық, тартыстық жүйелер драмалық шығармаларда да кездеседі. Бұл да суреткердің өмір ақиқатын неғұрлым шыншыл әрі толық бейнелеу ниетінен туған көрініс. Жанрлар құпиясын үздіксіз іздеп, жаңа түрлер табуға ұмтылып жүрген шағында жазушының бір тақырыпты проза мен драмада қатар алып отыруы табиғи.
Тозығы жеткен кертартпа әмеңгерлік салтқа лағынет айтып, өзін зорлап қоспақ болған кәрі шалдан қашып жүріп, ақ боранға ұшыраған Рабиға («Қыр суреттері»), сүйген жігіті Ісламға қосыла алмай, Жақып болысқа әйел үстіне баруға көнбегені үшін соққыға жығылып, дертке ұшырап, құсадан өлген Ғазиза («Кім кінәлі?») өзі сүймеген кісіге тұрмысқа шығуға үлкендердің күштеуімен амалсыз көніп, соның күйігінен көзі жасқа, шерге толған Жәмилә («Сөніп жану») осының бәрі тағдырлас, бірінің бейнесін бірі толықтырып тереңдетіп тұрғандай. 20 жылдары М.Әуезовтің шығармалары жарияланған тұстағы батыс әдебиетшілерінің де махаббат, әйел тағдыры жөніндегі шығармаларынан сабақтастық көруге болады. Б.Шоу өмір сүруге құштар Элиза өмірін суреттесе, Т.Драйзер жазықсыз үзілген Роберта, М.Митчелл өмірден бақыт табуға бекінген Скарлеттің тағдырлары жайлы жазды. Бұл кездейсоқ құбылыстар емес, көркем әдебиеттің қадам алысына қырағылық танытатын М.Әуезовтің көркемдік тұнған классикалық әдебиеттен үлгі алуы заңды құбылыс.
М.Әуезовтің алғашқы кезеңдегі жазылған әңгімелерін көтерген проблемасы жағынан профессер Ә.Қоңыратбаев 4 салаға бөледі. 1.Интеллигенция тақырыбы; 2. Қазақ қызы мен оқымысты проблемасын сөз ететін шығармалар; 3. Әйел мәселесі; 4. Езілген шаруа тақырыбы. Ал Ы.Дүйсенбаев та «жазушының осы жылдардағы жарияланған басқа әңгімелерін шартты түрде үш топқа бөлуге келетін сияқты» деп тақырыптық жағынан саралайды. Сөйтіп «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесі», «Сөніп жану», «Кім кінәлілерді» жатқызады да, шартты түрде екінші топқа жататын әңгімелері ретінде «Жетім», «Барымта», «Жуандық» т.б атайды да үшінші топтағы шығармаларын қыр суреттері және қыр әңгімелерін жатқызады.
«Оқыған азамат» (1923), «Кінәмшіл бойжеткен» (1925), «Сөніп жану» (1923) деп аталатын әңгімелер тақырыбы қазақтың болашағынан дәметкен ізденістерге толы. «Оқыған азамат» әңгімесінің оқиғасы негізінде қалада болады. Аурудан қайтыс болған Мақсұт деген жолдасының Хадиша деген әйелін алған Жұмағұл тек жолдасының әйеліне ғана ауыз салып қоймайды. Келе-келе ашкөзденіп кешегі жолдасы Мақсұттың үйіне оның мұрасына қол сұғады. Мақсұттың жесірі Хадиша да Жұмағұлдың өзіне сай дүниеқоңыздың дертіне шалдыққан жан. Тойымсыздық пен ар-ұяттан безген Хадиша мен Жұмағұл кешегі Мақсұттың артында аңырап қалған жалғыз шешесінің дүниесі мен мүлкіне ауыз салады. Бұлардың соңы мұндай айуандық әрекеті бұл сұмдыққа шыдамаған сорлы кемпірдің өліміне әкеліп соғады. Сөйтіп, семинарист Жұмағұл мал үшін кемпірді тонап, адам өлтіруге дейін барады. Сөйтіп, суреткер білім алу мен гуманист болудың арасындағы алшақтықты Жұмағұл сияқты интеллигенцияның дүниеқоңыздығын әшкерелейді. Сөйтіп оқыса да тісінен қан исі кетпейтін Жұмағұлды Иудушка тонын киген жалған интеллигент бейнесінде көрсеткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет