Ферментативтік қасиеті. Бруцеллалар D рибозаны, D галактозаны, аланинді, аспарагинді ыдыратады. Ол түзетін патогенді ферменттер:
гиалуронидаза
каталаза
пероксидаза
липаза
фосфатаза
Бруцеллалардың инвазивтік және агрессивтік қасиеттері басым болады.
Токсин түзуі. Эндотоксин түзеді.Аллергендік қасиеттері бар.
Антигендік құрылысы. Бруцеллалардың 2 соматикалық А және М антигені бар. Олар микроб клеткасының құрамына әртүрлі деңгейде кіреді.
Мысалы:B.meIitensis-М антигені басым. B.abortus және B.suis-А антигені басым. Бұлардан термолабильді Vi антигені де бөлінген.
Қоршаған орта факторларына төзімділігі.Бруцеллалар қайнатқанда, дезинфекциялық ерітінділер әсерінен тез жойылады, дегенмен төменгі температураға тұрақты тоңазытылған етте 5 айға дейін, сүт тағамдарында 1,5 айға дейін сақталады). Ылғалды орталарда 3-4 ай бойы сақталады, сүт тағамдарында -40-45 күн, суда, топырақта 3-5 айға дейін тіршілік етеді.
Эпидемиологиясы. Бруцеллаларға теңіз шошқалары, ор қояндар, ақ тышқандар өте сезімтал болып келеді. Бруцеллез зоонозды инфекция, жұқтыру көзі – ірі және ұсақ қара мал, доңыз, сирек жағдайда – еліктер, жылқылар, иттер, мысықтар және тағы басқа жануарлар. Бруцеллезбен зақымдану сүт, ет тағамдарын қолданғанда болады. Ауру жануарлармен қатынаста болған малшылар, сауыншылар ауырады.
Патогенезі. Бруцеллез адам ағзасына тері және шырышты қабат арқылы өтеді, аймақты лимфа түйіндеріне түседі, қанға таралады. Қан айналымымен барлық ішкі ағзаларға тарайды және ретикулярлық эндотелиалды жүйеге енеді. Аурудың патогенезінде организмнің бруцеллалармен сенсибилизациялануы маңызды рөл атқырады.
Клиникалық көріністері. Инкубациялық кезеңі 1-3 аптаға дейін созылады. Дамыған аурулардың белгілері әртүрлі. Бруцеллез кезінде ұзақ дене қызбасы, қалтырау,тершенділік, буындардың ауырсынуы, түсік тастау байқалады. Кейбір жағдайларда радикулиттер және миозиттер пайда болады. Патологиялық процестерге жүрек-қан тамыры, зәр шығару жыныс және басқа жүйелер бұзылыстары қосылады. Ауру созылмалы түрде өтеді.
Иммунитеті. Аурудан соң тұрақсыз, стерилді емес, ұзаққа созылмайтын гуморалды-жасушалық иммунитет қалыптасады. Бруцеллезбен ауырған адамдар осы инфекцияға қайтадан шалдығуы мүмкін.
Емдеуі. Негізгі емі-кең спектрлі антибиотиктермен емдеу. Созылмалы түрінде антибиотиктер әсер етпейді, сондықтан арнайы иммунды емдеу -өлі вакцинаны және бруцеллездік иммунды глобулинді қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |