«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша


Қоршаған орта факторларына төзімділігі



бет31/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Қоршаған орта факторларына төзімділігі.Обермайер боррелилері 5-8 бұрамалары бар, ұшы ұшты болып келетін спираль тәрізді жіпше. Өлшемдері 10-18 х 0,3-0,5 мкм.Олар спирохеттерге тән қозғалыс түрінің бәріне қабілетті.
Жануарлардың қабілеттіліктері.Мынадай кеміргіштер ауырады: тышқандар, атталмандар, құмтышқандар. Тәжірибелік жануарлардан теңіз шошқасы, ақ тышқандар, егеуқұйрықтар сезімтал болып келеді.
Инфекция көзі: табиғи ошағы және көзі кеміргіштер болып табылады: тышқандар, атталмандар, құмтышқандар,кенелер.
Жұғу жолдары: трансмиссивті
Иммунитет. Эндемиялық ошақтарда иммунитет ерте бала кезде қалыптасады. Негізінен келген адамдар ауырады. Ауырғаннан кейін иммунитет тұрақсыз болады.
Алдын алу.Кеміргіштер мен жәндіктерді жою.
Емдеу. Антибиотиктер.
3.Тұқымдастығы грам теріс облигатты жасушаішілік паразиттер тобы, олар адамдарды, жануарлар, құстар және буынаяқтыларды зақымдайды.
Экологиясы және эпидемиологиясы. Адам және жануарлар арасында, тасымалдаушылардың (кенелер,биттер) көптігімен байланысты. Риккетсиялар тудыратын аурулардың жалпы аталуы- риккетсиоздар.
Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар
Эпидемиялық бөртпе сүзегі тудыратын жұқпалы ауру, дене қызбасы, арнайы бөртпелермен, ОЖЖ мен қан тамырларының зақымдануымен өтетін антропонозды жедел жұқпалы ауру.
Таксономиясы. Бөртпе сүзегінің қоздырғышы осы инфекцияны ашу жолында қайтыс болған АҚШ ғалымы Н.Риккетс және Чехия ғалымы С.Провацек кұрметіне аталған. Провацек риккетсиясы бөліміне жатады.
Морфологиясы, дақылды өсіру және антигендік құрылымы. Грам теріс таяқшалар, Романовский Гимзе әдісі бойынша қызыл түске боялады. Олардың субмикроскопиялық құрылысы грам теріс бактериялардың құрылымына ұқсас. Негізгі екі антигені бар;беткейлі орналасқан термостабильді липополисахарид және ерімейтін соматикалық термолабилді ақуызды полисахаридті кешен. Провацек риккетсияның генетикалық инженерия әдісімен үш ақуызды антигені анықталды.Бөртпе сүзегінің қоздырғышы жасуша цитоплазмасында көбейетін жасушаішілік паразит. Токсикалық және гемолитикалық қасиетке ие. Оны тауық эмбрионының сары уыз қапшығында, жасуша дақылында және сезімтал жануарларда (тышқан, теңіз шошқасы, ор қоян) өсіреді.
Провацек риккетсиясы қоршаған ортаға тұрақсыз. Жоғарғы температураға антибиотиктерге, дезинфекция ерітінділеріне өте сезімтал, дегенмен төменгі температурада, биттің құрғақ экскременттерінде ұзақ сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет