Эпидемиологиясы. Спирохеталардың арасында суда,топырақта өз бетінше тіршілік ететін және де әр түрлі жануарлармен ассоцияланған жағдайда болатын түрлері кездеседі. Адам патологиясында маңызды: трепонема,боррелиялар. Трепонема– мерез қоздырғышы; боррелиялар - қайталама сүзек ауруларын қоздырады.
Мерез қоздырғышы
Treponema pallidum-мерез қоздырғышы Treponema түріне жатады.Treponema pallidum 1905 жылы Ф.Шаудин ашқан.
Морфология. Treponema pallidum-ұзындығы 8-18 мкм,ені-0,08-0,2 мкм болатын, ұсақ бірдей бұрамасы бар спираль тәрізді жіп. Бұрама саны 12-14 болады. Трепонемдердің ұшы ұшты немесе дөңес болып келеді. Трепонемдер қозғалғыш.
Төрттүрлі қозғалыс түріне қабілетті. Романовский-Гимзе әдісі бойынша бозғылт-қызғылт түске боялады, сондықтан олар T. Pallidum-бозғылт трепонема деп аталады. Олардың дұрыс боялмауы құрамында нуклеопротеидтердің аз болуымен түсіндіріледі.
Спирохеттерді Бурри әдісі бойынша боялған,күмістелген препараттарда анықтауға болады.Оларды тірі күйінде қаранғы жерде зерттейді. Мерез қоздырғыштары
капсула мен спора түзбейді.
Өсіру. Бозғылт трепонемдер қөректік ортада өте талапшыл болып келеді. Олар жасанды қөректік ортада қоянның миы мен бүйрегінің бөліктері және асцитиялық сұйықтық болғанда ғана өседі. Өте жай өседі, анаэробты жағдайда 35-36 С температурада
Бөзғылт трепонемдер тауық эмбрионында жақсы көбейеді.
Жануарлардың қабілеттіліктері.Табиғи жағдайда жануарлар мерезбен ауырмайды. Алайда маймылдарда И.Мечников пен Э.Ру көрсеткендей мерездің клиникалық көркісін жаңадан өндіруге болады екен: енгізген жерде қатты шанкр түзіледі. Қазіргі кезде қояндарға, теңіз шошқасына жұқтырғанда,енгізген жерде немесе басқа жерде жара пайда болған.
Инфекция көзі: науқас адам.
Жұғу жолдары: тұрмыстық байланыс, көбіне жыныстық қатынас жолдары арқылы. Кейде мерез күнделікті қолданылатын заттар арқылы (ыдыс, киім) жұғуы мүмкін. Мерезбен ауырған анадан құрсақтағы балаға жұғады.
Достарыңызбен бөлісу: |