Антигендік құрылысы.Антигендік құрылымы күрделі,соматикалық және капсулалық антигендері бар.ЛПС күшті иммуногенділік көрсетеді. Негізгі антигендік жүк пилилер мен сыртқы мембрананың беткей ақуыздарында болады.Пилилер ақуыздық суббірліктердің тізбегінен, қанттардың қалдықтарынан және фосфорлық қышқылдан тұрады. Сыртқы мембрана протеиндерден тұрады.
Резистенттілігі.Гонококк кептіруге, дезинфекциялық заттарға, температураға жоғары сезімталдығымен ерекшеленеді: бензилпенициллинге, эритромицинге, тетрациклинге, доксициклинге, цефалоспориндерге, бисептолға сезімтал.
Эпидемиологиясы.«Гонорея» терминін Қаңа дәуірдің ІІ ғасырында Талон ұсынды.Гонококк антропонозды инфекция. Табиғи және тәжірибелік жағдайда гонококктарға бір де бір жануар сезімтал емес.Қоздырғыштың негізгі таралу жолы- жыныстық қатынас. Бленнорея кезінде қоздырғыш (гонококк) ананың туу жолы арқылы нәрестеге жұғады. Сирек жағдайда тұрмыстық заттар арқылы таралуы мүмкін.
Патогенезі, клиникалық белгілері.Гонококктар ағзаға ене отырып, зәр жолының эпителиіне және жыныс жолдарының шырышты қабығына жабысып жасуша ішіне өтеді. Шырышты қабаттарда көбейіп, жасушалары бұзылғаннан кейін эндотоксин бөлінеді, лейкоциттердің көптеп көшуімен белгіленетін қабыну процестерін тудырады. Эпителиден гонококтар субэпилелилік тіндерге енеді, олардың әйелдердің жыныстық ағзасының шырышты қабаты арқылы жылжып отыруына сперматозоидттар да көмектеседі. Организмнің қарсыласуы төмен болған жағдайда, генерализациялық түрге ауысады, яғни бактериемия, буындардың қуыстарына, перикардтарға, ми қабына дейін тарауы мүмкін.Дұрыс емделмеген жағдайда жедел процесс созылмалыға ауысады.
Жасырын кезеңі 2-4 күн. Содан кейін зәр шығаратын жолдардан іріңнің ағуымен және зәр шығару кезінде ауырсынумен сипатталады. Ауру симптомсыз созылмалы формаға ауысуға бейім. Емделмеген жағдайда ер адамдарда және әйелдерде бедеулікке әкеледі.
Иммунитеті.Ауырып жазылғаннан кейін тұрақсыз иммунитет қалыптасады, сондықтан қайта ауыру мүмкіншілігі жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |