Кенелік бөртпе сүзегінің қоздырғыштары
Кенелік риккетсиоз (солтүстік азиялық кенелік риккетсиоз) алғашқы ошағында регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаюымен, бөртпемен, қызбалық жағдайымен сипатталатын риккетсия тудыратын жұқпалы табиғи-ошақты ауру.
Инфекция қоздырғышы жасуша дақылында, тауық эмбрионының сарыуыз капшығында өсетін, пішіні таяқша тәрізді грам теріс бактериялар. Жұқтырған жасушалардың ядросы мен цитоплазмасында көбейеді.
Риккетсияның жоғары температураға төзімділігі төмен, дезинфекциялық заттарға төзімсіз. Кенелік бөртпе сүзегінің риккетсиялары әр түрлі иксодты кенелер денесінің табиғи қоныстанушысы болып табылады.Ауру эксперимент түрінде ер жыныстық теңіз шошқасына, алтын түсті аламанға,ақ тышқандарға жұқтыру арқылы жүргізіледі.
Кенелік риккетсиоздар белгілі географиялық аймақтарда қиыр шығыс пен сібірде кездеседі. Қоздырғыштың негізгі көзі мен тасымалдаушысы иксод туыстастығына жататын инфицирленген кенелер болып табылады. Олар риккетсияларды ағзасында ұзақ сақтайды, сондықтан ұрпаққа берілу қасиетіне ие. Риккетсиямен зақымданған кенелер қан сору кезінде адамға жұқтырады. Жүғу жолы-тек трансмиссивті, сондықтан ауру айналадағылар үшін қауіпсіз.Ену қақпасында қоздырғыштың көбеюі жүреді. Риккетсиялар қанға түсіп, қызба мен бөртпені тудыра отырып, тері қан тамырларын және миды зақымдайды. Өлім жітімдік байқалмайды.
Ауырған адамдарда тұрақты иммунитет қалыптасады. Рецидив пен қайталап ауыру байқалмайды.
Микробиологиялық диагностикасы. Микробиологиялық диагноз қою серологиялық әдістерге негізделген.
Емдеуі. Тетрациклин қатарының антибиотиктерімен жүргізіледі.
Алдын алуы. Сақтандыру кешенді шаралардан тұрады: кененің жабысуы мен соруынан жекелей қорғану, дезинсекциялау т.б.
1.Спирохеталар иірімделген, нәзік, қозғалғыш бактериялар. Спирохета денесі протоплазмалық цилиндрлі қоршайтын көп қабатты сыртқы жасушалық қабықшадан тұрады. Протоплазмалық цилиндр цитоплазмалық мембранамен қоршалған цитопазманы құрайды.Протоплазмалық цилиндрдің айналасында жасуша қабығының тереңінде қозғалытқыш аппарат орналасады,ол периплазматикалық талшықтардан құрылған.Фибриллалар мен протоплазматикалық цилиндр арасындаорналасады. Фибрилалардың бір ұшы цитоплазмалық цилиндірдің плюсына,блефаропластқа тіркелген, ал келесі ұшы бос жасушаның екі штінен бірдей фибриллалар шығады.
Бір жасушада периплазматикалық фибриллалардың саны спирохета түріне байланысты 2-100 дейін болады. Лептоспираларда бұл эндо талшықтар қабықшаға бекіп,өстік жіпшені құрайды. Периплазматикалық фибриллалар спирихеталардың қозғалғыш аппараты болып келеді. Олар талшықты бактерияларға қолайсыз қоймалжың ортада қозғалуға қабілетті. Спирохеталар - грамм теріс. Дифференциалды бояу әдісі – Романовский-Гимзе әдісі. Осы бояу әдсімен туыстастық ерекшелігін ажыратуға болады.Күмістендіру әдісіменде бояуға болады.
Дақылдандыруы және ферменттік белсенділігі. Хемоорганотрофтар. Спирохеталардың арасында аэробтар,микроаэрофилдер,факультативті анаэробтар және қатал анаэробтар кездеседі. Көміртек және энергия көзі ретінде көмірсулар, амин қышқылдар ,липидтерді туыстық ерекшелігі бойынша қолданады. Жасанды қоректік орталарда өсуі таксономиялық және тіршілік жағдайына байланысты. Дақылдандыру үшін күрделі қоректік лрталар қажет етеді,құрамында сарысу,тіндік экстракттар болуы қажет. Өсуі баяу. Осы қатардың кейбір өкілдері қолайсыз жағдайларда циста немесе L-пішінге айналады. Спирохеталар көлденеңінен бөлініп көбейді,кейде циста түзіп және дәндерге бөлшектеніп көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |