Антигендік құрылысы. Күрделі, жасуша мембранасында түр спецификалық антигені бар. Жоғарғы жиілікке ие мутация нәтижесінде антигендік полиморфизмі айқын байқалуымен сипатталады.Ақуыздардың басым көпшілігі мен липидтер мембрана құрамына кіреді.Патогенділік факторлары әртүрлі және құбылмалы. Негізгі патогенділік факторлары: адгезиндер, токсиндер, агрессия ферменттері және метаболизмнің өнімдері.
Төзімділігі.Қоршаған ортада тұрақсыз. Жоғарғы температураға, ылғалдылыққа, ультракүлгін сәулелерге шыдамайды.Ортаның рН -шы 7,5-8,0. Микоплазмалар фторхинолондарға, цефалоспориндерге, азалидтерге, тетрациклиндерге сезімтал. Кең қолданылатын антисептиктер мен дезинфектанттарға сезімтал.
Эпидемиологиясы. Табиғатта микоплазмалар кең таралған. Қазіргі уақытта 100 астам түрлері анықталған. Адамнан 15- тен астам түрлері бөлінген. Инфекция көзі – ауру адам, тасымалдаушы. Таралу механизмі - аэрогенді , негізгі таралу жолдары - ауа тамшылы, жыныстық қатынас арқылы. Ауруға адамның сезімталдығы жоғары. Ауру оқиғаларының жиілеу мезгілі - жаз айларының аяғы мен күз айлары.
Клиникалық көрінісі. Микоплазмалар қоздыратын инфекцияларға ғана тән сипаттамасы жоқ.Клиникалық- морфологиялық белгілері бойынша микоплазмалық инфекциялар басқа бактериялық қоздырғыштар, хламидиялар, вирустар, саңырауқұлақтар т.б тудыратын патологиямен ұқсас болып келеді. Сондықтан дер кезінде анықтап, клиникалық диагноз қою керек. Микоплазмалық инфекциялар жедел түрде өтуі мүмкін, бірақ созылмалы күйге жиі ауысып кетіп отырады.
Патологиялық үрдіс сипаттамасы қоздырғыштың ену қақпасына байланысты. Мысалы: M. Hominis фарингитпен қатар урогениталдық жолдар инфекциясын қоздыра алады. Құрсақ ішілік ұрықтың микоплазмозы кезінде инфекция жоғарғы тыныс алу жолдарында, урогениталдық жолдарда, ОЖЖ- де дамиды.
Микоплазмалық инфекциялар әртүрлі иммундық патологиялық реакциялармен қатар жүргендіктен инфекция ағымы күрделеніп, науқастың жағдайы нашарлауы мүмкін. Олар түрлі аурулардың кофакторлары бола алады: ЖИТС, ісіктік үрдістер, артриттер және этиологиясы белгісіз түрлі синдромдардың (созылмалы шаршағыштық, Крон ауруы т.б) себепшісі екендігі анықталған.
Иммунитеті. Кернеулі немесе жасушалық және гуморалдық болады. Жергілікті- SLgA иммуноглобулинін түзеді. Жеңіл түрінен кейін ұзақ емес, ауыр түрінен кейін – 5-6 жылдық иммунитет қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |