Лизоцим- адам және малдар сілекейлерінде болатын бактериялар клеткаларын оңай ерітетін фермент тектес заттар.
Липаза - гидролиз барысында майларды глицерин мен май қышқылдарына дейін ажырататын микроорганизмдерде кездесетін фермент.
Лофотрихтар- бірнеше жіпшелері клетканың бір үшында орналасқан бактериялар.
Макрофаг(Масrорһаgіа - үлкен жалмаушы) -Активті қозғалыс (хемотаксис) және фагоцитозға қабілетті дәнекер тканінің клеткасы. Макрофаг жұтқан материалды қорыту үшін өзінің ішінде ферменттері бар, фагоцитозды активті іске асыратын сүйек ми тектіклеткалар. Макрофаг жұтатын материал өте үлкен бөлшектерден (өлі тканьдер бөлшектерінен) тұруы мүмкін.
Манту - сынамасы - теріішілік, туберкулез бацилласының сығындысы туберкулин енгізуге негізделген, туберкулез ауруын аныктауда қолданылатын аллергиялық сынама.
Матрица– ДНҚ тізбегі, нуклеотидтердің рет-ретпен орналасуына жауап береді.
Май қышқылы ашу процесі - кейбір органикалық кьішқылдар (сүт қышқылы т. б.) мен углеводтардан (крахмал, клетчатка, пектин заттары) түзілетін өнім. Бүл май қышқылы бактерияларының әсерінен анаэробты жағдайда жүретін процесс.
Мальтаза- мальтоза қантын екі молекула глюкозаға ажыратуға белсене қатысатын фермент. Кейбір микробтар клеткасында кездеседі. Маринадтау - сірке суын қосып, содан соң ептеп қыздыру арқылы тағамдарды консервілеу.
Мейоз(гр. meіosіs - кішірею, азаю) - жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде жасушалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды.
Мембрана- жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрии, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 - 10 нм), ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық мембрана өткізгіштік қасиетіне байланысты жасушада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Клетканың протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана жасушалық мембрана деп аталады. Клеткалық мембрана қос қабатты ақуызды-липидті молекулалардан тұрады. Биологиялық мембрананың құрылымы мен ерекшелігі туралы нақты ғылыми мәліметтер 20 ғасырдың басында белгілі болды.бүгілуі қалындығынан 5 есе және одан да артық болатын жұқа иілгіш пластина
Достарыңызбен бөлісу: |