Кодтық сан – нуклеотид саны, ДНҚ құрамындағы. Кодтық сан 3 тең екені бекітелген.
Кодон- триплет, генетикалық кодтың өз алдына біртұтас бөлшегі, РНҚ-ның үш нуклеотидтен тұратын жері.Бір аминқышқылын кодтайды немесе белок түзілудің басталуы мен аяқталуының хабаршысы. Барлығы 64 кодонның 61-і 20 аминқышқылды кодтайды. Бұл термин иРНҚ жазылатын 3 нуклеотидтің орналасу ретінде оған көшірілмей-ақ генетикалық материал болып саналатын кейбір вирустардыц РНҚ-ның 3 нуклеотидін де атау үшін қолданылады
Кокктар– шар тәрізді бактерия түрі.
Комплемент (алексин) - күрделі белоктар құрамасы. Жаңадан алынған барлық қан сарысуының құрамында болады.Адам және жануарларда табиғи иммунитеттің, факторы болып табылады. Қан сарысуының әртүрлі химиялык, және иммунологиялық 11 белогы кіретін 9 құрамнан тұрады. Торша сыртындағы антигенантидене комплексіне қосылуы нәтижесінде комплемент антиденелермен өңделген бактерияларды, қызыл кан түйіршіктерін және т. б. торшаларды ерітеді (өлтіреді). Ол егу процесінің ең ерте пайда болатын антиденелерінің (ИГМ) вирус бейтараптандырғыш қасиетін күшейтеді. Антиденелермен бірге олар сыртқы қабығының құрылымындағы заттары бар кейбір вирустарды да ерітеді. Оларды иммунохимиялық және физика-химиялық әдістермен ажыратып бөлуге болады. Комплемент әртүрлі иммунобиологиялық реакцияларға қатнасады. Ол суша мембраналар бетінде антиген және антидене жиынтығына қосылып, сәйкес антиденелермен домдалған бактерияларды, қызыл қан түйіршіктерін және басқада жасушаларды жояды.
Конъюгация (лат. conjugatіo – қосылу) – екі генеративті (жынысты) ядроның қосылуы. 1) балдырларда (кейбір диатомды, коньюгатты түрлерінде) – құрылысы бірдей балдырлардың вегетативті екі клеткасындағы заттардың біріне-бірі құйылып қосылуы; төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда – сыртқы пішіні ұсақ екі талшықсыз клеткалардың қосылуынан болатын жыныстық процесс; 2) инфузорияларда – жыныстық ядроларының алмасуы және олардың жұптанып қосылуы; 3) бактерияларда – генетикалық материалдарының алмасуы. Бұл кезде екінші клеткаға ДНҚ жіпшесінің бір бөлігі ауысады; 4) хромосома Конъюгациясы – гомологтық хромосомалардың уақытша жұптасып айқасуы; бұл кезде хромосоманың гомологтық бөліктерінде алмасу жүреді Конъюгация – прокариотты (ядролы) организмдердің тұқым қуалау факторларын (өзгергіштігін) күшейтетін процесс деп те саналады.
Кофактор - қан сарысуындағы тәнсіз дербес кұрам.Вирусқа қарсы антиденелердің күшін арттырады. Кофактор қатысуымен антиденелермен вирус қатынасының беріктігі мен жылдамдығы артады, гетерогендік вирустармен айқас реакциялардың жүруі күшейеді. Кофактор гамма-глобулиндердің 19S тобының α2-макроглобулиндеріне жатады. Кофактор жылулыққа тым төзімсіз, суықта ұзақ уақыт сақталады, трипсиннің, зимозанның және инсулиннің әсеріне төзімді. Бұл ұғымды алғаш рет 1958 ж. чехословакия ғалымы Стык енгізген