«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


ӨЛЕҢ ӨНЕРІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТРАКТАТ



Pdf көрінісі
бет69/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

ӨЛЕҢ ӨНЕРІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТРАКТАТ
Рақматы күшті раббымның атынан бұл зерттеудегі біздің мақ-
сатымыз – тынық ой маржанын сүзіп, онымен танысқандарға 
философтың поэзия туралы айтқандарын түсінуге қол ұшын беру еді. 
Алайда біз аталмыш өнерге байланысты белгілі жайларды шиырлап, 
тəптіштеп жатпаймыз. Өйткені философтың өзі де софистика өнері, 
əсіресе поэзия өнері хақындағы тұжырымдарын аяқтаған жоқ. Бұның 
бір ғана себебі бар, оны өзі, софистика өнері туралы толғамдарының 
соңында айтқандай, өзінен бұрынғылардан негізге алып, қағидаға 
айналдырып, жүйемен əсіре бағалайтын еш нəрсе таппаған. Сондықтан 
да сонша таудай талантымен дарқан дарынды бола тұрып, философтың 
өзі де ширатып, пісірмеген нəрсені тəмамдау талабы ақталар ма, сірə! 
Біз тек қана осы өнерді зерттегенде септігі тиер-ау деген қағида, сана 
салихалығын танытатын сөздерді атап өтудің дəл қазір мүмкіндігі туды 
деп есептейміз.
Жалпы айтқанда, сөздің мағыналы, яки мағынасыз болмағы 
шарт. Алғашқысының ішінде кейбір қарапайым, басқаларға күрделі 
келмекші. Күрделі сөздің жай айтылуы да, тұспалмен жеткізілуі де 
мүмкін; əуелгісінің кейбірі көкейден шығады да, кейбірі олай емес. 
Ой көрігінен сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да 
болады. Жалған айтылғанның ішіндегі қайсыбірі сөз барысында тың-
даушының зердесінде бейнеленіп, сонымен тікелей тұспалданса, 
басқалары бейнеленетін затқа байланысты ойда еліктеу туғызады. 
Соңғысы жай поэтикалық қуаттың əсері. Еліктеудің кейбірі жетілген, 
кейбірі түбегейлі жетілген. Екеуінің жігін ажыратып зерттеу ақындар 
мен поэзия білімпаздарының міндеті, көптеген тіл мен диалектіден бұл 
хақында əр түрлі шығармалар жазылған.
Бұдан əрі ешкім «софистика» мен «еліктеу» екеуін төркіндес 
санамауы тиіс. Керісінше, олар кейбір ара қатыста ерекшеленеді. Ең 
алдымен олардың мүддесі əр түрлі: софист тыңдаушы санасында 
болмыстан тыс, оған қайшы қайдағы бір елес туғызады, сондықтан ол 
бар нəрсе – жоқ, жоқ нəрсе бар деп ойлайды; ал оған қарама-қарсы 
еліктеуші тыңдаушысына үйлесімге орай ой түюге жетелейді. Оған 
сезім шарапатын тигізеді. 
Мамыржай күйдегі адам кейде қиялға шомып, мəселен серуендеп 
жүргендей, жағадағы жапырлаған тынығушыларға қарағанда немесе 
жерде тұрып, көктемгі бұлттардың жөңкіген көшін қарабарқын аспан-
дағы ай мен жұлдыздарды көргендей бір түрлі күй кешеді. Сезімді 
сиқырлайтын болмыс сондай. Егер адам айнаға яки соған ұқсас жалтыр 
затқа қараса, онда жағдай оны затқа ұқсас нəрсені көріп тұрғандай 
топшылауға мəжбүр етеді.
Тұжырымды да басқаша, келесідегідей білген ғанибет. Ол да құп-
тарлықтай, яғни оған керісінше болуы мүмкін. Егер пайымдау діттеген 
жерден шығысып жатса, үйлесімді не оған кері болады. Егер ол 
үйлесімді болса, онда болмыстағыдай қисынды болмақ. Егер қисынды 
болса, ол не қорытынды, не еліктеу. Еліктеу, дағдыдағыдай, поэзия 
өнерінде қолданылады. Сондықтан поэтикалық пайымдау дегеніміз 
еліктеудің өзі.
Үйлестікті де, басқа пайымдау тəрізді өз бетінше бөлуге болады. 
Пайымдау не толық шынайы, не толық жалған, не шынайылау, бірақ 
ішінара жалған, не керісінше: шынайы мен жалған барабар келеді. Егер 
көбісі шынайы болса, пайымдау басым да, шынайылық пен жалғандық 
тепе-тең болса – даулы болады, көбісі жалған болса – көпірме, 
толық жалған поэтикалық софистика болып шығады. Бұл талдау 
поэтикалық пайымдау не басым, не дəлелдемелі, не көпірме желбуаз, 
не софистикалық болмайтынын көрсетеді. Сөйтсе де ол силлогизмнің 
немесе постсиллогизмнің түрі деп есептелінеді. («Постсиллогизм» 
дегенде, мен түйінділік, бейнелілік, түйсік т.б. секілді əсер күші бар 
нəрсені айтамын. – Əбунəсір əл-Фарабидің өз түсініктемесі). 
Біздің жазбамыздың осы жеріне жеткенде, ақындық түйіндеудің 
əр қилы түрін белгілеу лəзім. Ақындық түйіндеуді өлшеміне, яки 
мазмұнына қарай топтау мүмкін. Өлшеміне қарай топтау əуенділікке, 
немесе екпінге, тұжырымдау қай тілде екеніне байланысты, соны-
мен қатар музыканың деңгейіне де қатысты. Мазмұнына қарай 
ғылыми тұжырымдау, шама-шарқынша тап басып болжау, поэзияны 
талдаушының, поэтикалық мəнді зерттеушінің, əр түрлі халық 
поэзиясы мен оның əрбір мектебін білетіндердің харекетіне кіреді. 
Ондай араб пен парсы поэзиясын бүге-шігесіне дейін білетін 
білімдарлар біздің кезімізде де өмір сүріп отыр. Кітап та жазып жүр. 
Олар поэзияны сатира, поэтика, айтыс, комедия, ғазал, жұмбақ жəне 
басқаларға бөледі. Сөйтіп өз кітаптарында əр түрлі топты келтіреді; 
оған көз жеткізу онша қиын емес. Демек, біз мүлдем кең көсіліп
негізгі нысанадан ауа жайылмаймыз.
Мысал келтіреміз.
Басқа білетін қазіргі жəне ежелгі халықтардың көптеген ақыны 
фабула мен өлшем арасын шектемейді, сонымен қатар ақындық 
тақырыпқа ерекше өлшем қоймайды. Бұдан тек көне гректер ғана тыс 
тұр. Олар əрбір ақындық тақырыпқа ерекше өлшем қолданған. Оларда 
пэонның өлшемі – сатира өлшемінен, ал комедия өлшемінен тіптен 
өзгеше. Соған қарамастан, басқа халықтар мен тайпалар пэон үшін 
де сатираға т.б. қолданатын өлшем түрін қолданады; сөйтіп өлшемнің 
көпшілігі жалпы болып есептеледі жəне олар əрбір топты ежелгі 
гректер сияқты мұқият топқа бөлмейді.
Енді біз грек поэзиясының түрлеріне тоқталамыз. 
Философтың поэзия өнеріне байланысты тұжырымдарында кел-
тірген топтауына сəйкес өз ретімен келтіре кеткен жөн. Грек поэзиясы, 
мен сипаттағандай, төмендегі топқа бөлінеді:
1. Трагедия
2. Дифирамбы
3. Комедия 
4. Ямб


 416
417
5. Драма
6. Эпос
7. Диаграмма
8. Сатира
9. Поэма
10. Эпика
11. Риторика
12. Амфигеноссос (космогония)
13. Акустика


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет