«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


XII. СЫРТҚЫ ОҒЫЗДАРДЫҢ ІШКІ ОҒЫЗДАРҒА



Pdf көрінісі
бет68/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

XII. СЫРТҚЫ ОҒЫЗДАРДЫҢ ІШКІ ОҒЫЗДАРҒА 
ҚАРСЫ БАС КӨТЕРУІ ЖƏНЕ БАЙРАҚТЫҢ 
ҚАЛАЙ ӨЛТІРІЛГЕНІ ТУРАЛЫ ЖЫР
Бір күні үш оқ пен бұзық оқ елі жиналып келіп, Қазан үйінен олжа 
бөлісті. Екінші жолғы олжа бөлісіне сыртқы оғыздар келмеді. Қазан 
үйінде олжа бөліскенде ол əйелінің қолынан ұстап, өзі далаға шығып 
кетеді екен. Содан соң жұрт оның үйіне кіріп, олжа бөліскен. Бұл 
олжа бөлісінен сыртқы оғыздардың көсемдері – Аруз, Əмен сияқты 
батырлар хабарсыз қалған еді. Сыртқы оғыз бектері: «Бұл кезге 
дейін Қазанның үйінде біз ішкі оғыздармен бірлесіп олжа бөлісуші 
едік, бұл жолғы олжа бөлісінен бізді неге шет қалдырған?» – депті. 
Содан соң сыртқы оғыздың бектері баталасып, Қазаннан суынып, 
оған бармайтын болыпты, дұшпандық ниет те көрсетеді. Құлбас 
дейтін адам бар еді, содан Қазан: «Мен мал-мүлкімді олжаға салғанда 
сыртқы оғыздар соны бірлесіп олжалаушы еді, олар бұл олжа үлесіне 
қатыса алмады»,– депті. «Олар бізге жаулық ниетке көшкен жоқ па 
екен?» – депті Қазан. Құлбас тұрып: «Хан ием, онда мен барып жау 
ма екен, дос па екен, білейін»,– депті. Қазан: «Білсең, біліп кел»,– деп, 
Құлбасты жұмсады. Құлбас атына мініп, қасына бірнеше жолдас ертіп, 
Қазанға қызмет істеген Аруздың үйіне барып түсті. Аруз алтын шатыр 
тіктіріп, балаларының ортасында отыр екен. Амандасып болған соң 
Құлбас: «Қазанның басына ауыр күн туды. Қызметімде болған Аруз 
келіп кетсін дейді. Еліме жау келіп, түйелерімді бақыртып қуып кетті, 
жылқыларымды кісінетіп айдап кетті. Қаздай қалқыған қыздарымды 
олжалады. Басыма осындай күн туды. Тəрбиемде болған еді, Аруз тез 
жетсін деді», – депті. 
Сонда Аруз: «Үш оқ, бұзық оқ елі Қазан үйінен олжа бөліскенде, 
біз бірге барушы едік, соңғы олжа бөлісінен біз шет қалдық. Біздің не 
айыбымыз болды екен? Қазанның басына күн туса, оған біздің берер 
көмегіміз жоқ. Қазанға еткен қызметім аз болған жоқ. Ендігі жерде біз 
Қазанға дос емес, жаумыз», – депті. Сонда Құлбас арыла сөйледі. 
Тыңдалық, хан-ием, ол не деген екен: «Ақылсыз болма, Аруз. Қазан 
хан орнынан ерте тұрып жауға аттанбақ. Алатауға ақ шатырларын 
тікті. Үш жүз алпыс алты батыр жиналды. Ас-ауқат үстінде олар 
сенің атыңды жоқтады. Бізге тиген жау жоқ. Сені дос па екен, қас 
па екен, сынағалы айтып едім. Қазанға жау екеніңді білдім, бетіңнен 
жарылқасын, қош бол», – деп, Құлбас атына мінді. Аруз қатты састы. 
Сыртқы оғыздардың бəріне хабар салып: «Батырлар тегіс жиналсын, 
Əмен келсін, Рүстем батыр келсін, жаудан беті қайтпаған Төлек-Боран 
келсін, барлық бектер келіп жетсін», – депті Аруз. Сыртқы оғыздардың 
барлық бектері жиналыпты. Аруз кең далаға сансыз шатыр тіккізіп, 
жылқыдан айғыр, түйеден үлек, қойдан қошқар сойғызды, сөйтіп 
сыртқы оғыздардың бектерін сыйлады. Жиын тойға айналды. Аруз: 
«Бектерім, не үшін шақырғанымды білдіңдер ме?» – депті. «Білгеніміз 


 410
411
жоқ», – дейді бектер. Білмесеңдер айтайын: Қазан бізге Құлбасты 
жұмсап: «Еліме жау тиді, халқым ойран болды. Басыма күн туды, 
қызметімде болған Аруз келсін», – депті. Мен Құлбасқа: «Қазан өзінің 
жиған байлығын бөліскенде сыртқы оғыздар олжадан құр қалмаушы 
еді, бектер соған риза болып, алғысын айтушы еді. Соңғы олжадан біз 
неге құр қалдық», – дедім. Əмен тұрып: «Бізге қандай жауап бергеніңді 
айт», – деді. Аруз оған: «Мен Қазанға ендігі жерде жаумын», – деп 
жібердім. Сендер не айтасыңдар бұған?» – деді. Бектер тұрып: «Одан 
бөлек сөз бізде бар ма? Сен жау болсаң, біз де жау», – депті. 
Аруз жиылысқа құран əкеліп соны əрбіреуіне ұстатып, антын алды. 
Бектер: «Сенің досыңа біз доспыз, сенің жауыңа біз жаумыз», – деп 
тегіс құран ұстады. Аруз бектеріне шекпен жапты, мынаны айтты: 
«Бектер, Байрақ бізден қыз алып, күйеу болып еді, бірақ өзі Қазан 
жағында қалып тұр. Соны бізді Қазанмен жарастыр деп алдап шақырып 
алып, тілін білсек қайтеді? Бізге қосылса, ол əбден жақсы, қосылмаса,– 
өлтірелік. Байрақты өз ортасынан айырсақ, Қазанмен жауласу бізге 
оңайға түседі», – депті.
Байраққа хабар жіберісті. Ол өзінің шатырында жігіттерімен ішіп-
жеп отыр екен. Аруздан барған адам сəлем беріп, үйіне кірді. Ол: 
«Ханым, Аруз саған сəлем айтты. Байрақтың жүрегі шат болсын. Сол 
кісі келіп, бізді Қазанмен татуластырсын деп жатыр», – деді. Екі сөзге 
келмей, Байрақ «мақұл» депті. Содан соң ол атын алдырып мінді де, 
қырық жігітін алып Аруздың ауылына келді. Онда сыртқы оғыздардың 
барлық бектері отыр екен. Байрақ оларға сəлем берді. Сонда Аруз: 
«Сені біз не үшін шақырғанымызды білдің бе, Байрақ?» – деді. «Не 
үшін шақырып едіңдер?» – деді ол. «Осында отырған бектер түгел 
Қазаннан бөлінеміз деп құран ұстап, анттастық»,– деді Аруз. Байрақ 
Қазаннан бөліне алмаймын деп ант беріп: «Мен Қазанның жақсылығын 
көп көрген адаммын. Соны ұмытсам, көзімнен шықсын. Мен Қазанның 
кавказдық жүйрік аттарына көп міндім. Соны ұмытсам, төсегім табыт 
болсын. Мен оның сыйлыққа берген шапандарын кидім, соны ұмытсам, 
ол менің кебінім болсын. Мен Қазанның ала шатырына кірдім. Соны 
ұмытсам, кірер үйім абақты болсын. Біліп қойыңдар, Қазаннан мен 
бөлінбеймін», – деді Байрақ. 
Аруз Байрақтың сақалынан алып жұлқылады. Бектердің оны 
өлтіргісі жоқ еді. Аруздың ашулы екенін білген соң, Байрақ: «Аруз, 
сенің азғаныңды білгенде, мен Кавказ атына мінер едім, үстіме сауыт, 
басыма дулыға киер едім. Қарыма алпыс тұтам найза ілер едім, 
қолыма қара болат қылыш алар едім, қасыма бек біткенді қосар едім, 
сөйтіп басыңды кесер едім. Тегі оңбаған неме, бұл ниетіңді білгенде 
мұнда келер ме едім? Батырды алдау – əйелдік. Мұндай аярлықты сен 
əйеліңнен үйрендің бе, тексіз?» – деді. Аруз оған: «Тіліңді тарта сөйле, 
қаның сенің аққан су емес, одан да бізге қосыламын деп антыңды 
бер», – деді. Байрақ ашуға мінді. «Тəңірі куə болсын, Қазан үшін басым 
кетсе де, сөзімнен таймаймын, денемді қырық бөлек етсең де, Қазаннан 
бөлінбеймін!» – деді. Аруз ашуланып, оның жағасынан қайта алды. 
Жан-жағына қарап еді, ешбір бек жақындап келген жоқ екен. Сонда 
Аруз қынаптан қылышын алды да, оның оң жамбасын шауып тастады. 
Байрақтың қара қаны судай төгіліп, өзі жерге құлап түсті. Бектер бұл 
іске наразы болып, аттарына мініп, тарады. Байрақты серіктері атқа 
отырғызып, біреуі артынан ұстап алып, ауылына қайтты. Батырды 
шатырына əкеліп жатқызып, ішікпен жауып тастады. Сонда Байрақ: 
«Жігіттер, орындарыңнан тұрып, менің шұбар атымның құйрығын 
кесіңдер, аттарыңа мініп, биік тауға беттеңдер. Ақ киімдеріңді тастап, 
қара киім жамылыңдар, Байрақ өлді деп хабарлаңдар, өзі сау болсын. 
Өзі тəрбиелеген Аруздан бір адам келіп ауылына шақырды, соған еріп 
біз Аруз ауылына бардық. Онда сыртқы оғыздардың барлық бектері 
жиналып, той жасап жатыр екен. Өздері ас үстінде құран ұстасып, біз 
Қазаннан бөлінеміз деп анттасыпты. Оны біз білмей қалдық. Олар 
Байраққа: «Бізге қосыламын», – деп антыңды бер деді. Байрақ ант 
бермеді. Сенің тəрбиеңде болған азғын Аруз бұл сөзге ашу көрсетіп, 
Байрақты қылыштап, қанын судай ағызды, сөйтіп Байрақтың басына 
қара күн туды деңдер. Егер Қазан мен үшін оның да қанын төкпесе, 
махшарда менің қолым оның жағасыңда болады дерсіңдер», – депті. 
Тағы бір тапсырғаны: «О, жігіттерім, енді Аруздың баласы Бисат 
келіп, менің елімді шабады. Келелі түйемді боздатып, үйірлі жылқымды 
кісінетіп, қоралы қойымды маңыратып айдап кетпек, қыздарымды 
олжаламақ. Бисат менің сұлу жарымды құшпақ, тайпамды, елімді
талқандап, талап алмақ. Қазан маған тез келсін. Арузда кеткен менің 
кегімді алып берсін, қаным үшін қанын төксін. Сөйтіп, менің сүйген 
жарымды өзінің баласына қоссын. Менің оған көрге түскенде айтар 
сөзім – осы. Байрақтың жаны тəңіріге барып қосылды дерсіңдер».
Бұл хабар Байрақтың əкесі мен шешесіне жетті. Олардың ақ үйлері 
жылаған елге толды. Байбөрінің қыздары ақ киімдерін тастап, қара 
жамылды. Байрақтың шұбар атының құйрығын кесті. Қырық-елу жігіт 
қара киді, жұрт ақ сəлденің орнына көк сəлде орады. Ел Қазанның 
алдына келіп, сол сəлделерін жерге алып ұрып: «Байрағым, асыл туған 
ерім!» – деп жылап еңіреді. Жұрт Қазанның қолын сүйіп: «Өзің аман 
бол, Қазан! Байрақ өлді. Өз қызметіңде болған Аруз қолынан өлді. Бізді 
ол ауылына шақырған еді, сөйтсек, сыртқы оғыздар жиналып, құран 
ұстасып: «Біз Қазаннан бөліндік», – деп анттасқан екен. «Сен де бізге 
қосыл», – десті. Байрақ сенің наныңды тепкен жоқ. Олардың сөзіне 
көнбеді. Бұған өзіңе қызмет істеген Аруз ашуланып, төрде отырған 
Байрақтың бір жамбасын шауып тастады. Өзіңіз аман болыңыз, хан 
ием. Байрақ тəңірісіне кетті. Бірақ Қазан Аруздың бұл күнəсін кешпесін 
дегенді айтты», – депті. 
Қазан мұны есіткен соң қолына орамалын алып, өкіріп жылады. 
Диуанға жиналған ел, бектер «ой-бауырымдап» көрісті. Қазан өзінің 
шатырына барды да, жеті күндей төсек тартып, жылаумен болды. 
Қазанның інісі Қара Көне Құлбасқа: «Орныңнан тұрып, менің ағам 


 412
413
Қазанға бар, орнынан тұрсын. Сен үшін бізден бір батыр өліп отыр 
де. Айтқан өсиеті: «Менің қаныма – қан, жаныма жан алсын», – депті. 
«Жауымыздан соның кегін алалық», – депті. Құлбас оған: «Сен оның 
інісі едің, өзің бар», – дейді. Ақырында екеуі бірлесіп Қазанның 
шатырына кіріп, сəлем берді. Содан соң Құлбас сөйлей бастады: 
«Хан ием, өз басыңыз аман болсын. Біздің ортамыздан бір батыр өліп, 
сенің жолыңда басын беріп отыр. Бас құрап, соның кегін алалық. 
Босқа жылап, көздің майын тауысқаннан не шығады? Тұр орныңнан, 
басыңды көтер», – деді. Қазан оларға: «Бұл дұрыс ақыл екен. Менің 
барлық қару-жарағымды түйелерге артыңдар, барлық бек аттарына 
мінсін», – деді. Бектер тегіс аттарына мінді. Қазан өзінің қара атын 
алдырды. Соған мініп алып, даңғыра қаққызып, керней шалғызды. 
Жорыққа шығып, күн демей, түн демей тартты.
Бұл хабар Арузға, барлық сыртқы оғыз бектеріне жетіп еді. «Қазан 
келе жатыр екен» дейтін сөз елге тарады. Бұлар да əскер жиып, 
оның алдынан шықты. Екі жақ бетпе-бет келді. Үш оқ пен бұзық оқ 
жауласты. Аруз тұрып: «Ішкі оғыздар ішінде менің өлтіретін адамым 
Қазан болсын», – деді. Əмен батыр болса: «Менің жауым Теріс Ұзамыш 
болсын», – деді. Əмен батыр болса: «Менің жауым Ақсақ оғыздың 
баласы Оқшы болсын»,– деді. Олардың əрқайсысы өзінің көз тіккен 
жауларын белгілеп алды. Сап тұрған əскер жазылып, соғысқа əзірленді. 
Қорғасын оқтар оқшантайға салынды. Аруз атын ортаға айдап, Қазанға 
айқайлады: «Кел бері, оңбаған Қазан, сазайыңды беремін», – деді. Қазан 
қалқанын тосып, Арузға найза қолданды. «Тексіз ит, опасыздықпен ерді 
өлтірдің, өлімнің қандай екенін мен саған көрсетермін», – деді. Аруз 
атына қамшы басып, Қазанға қылыш ұрды. Бірақ онысы тимей кетті. 
Кезек Қазанға келгенде, ол алпыс тұтам найзасын салды, найза жарқ 
етіп оның кеудесіне өтіп кетті. Аруз жерге құлап түсті. Қазан өзінің 
інісі Қара Көнеге белгі беріп, Аруздың басын шауып таста деді. Қара 
Көне шауып барып, оның басын шауып тастады. Мұны көрген сыртқы 
оғыздардың бектері тегіс аттарынан түсіп, Қазанның аяғына жығылды. 
Өздерінің айыбын мойындап, қолынан сүйді. Қазан Байрақтың қаны 
үшін Аруздың қанын төккенін жеткілікті деп санап, олардың күнəсын 
кешірді. Қазан Аруздың мал-мүлкін, елін, тайпасын талан-таражға 
салды. Жігіттерін қырып, кең шалғынға шатыр тіктірді.
Бұл жиынға Қорқыт атам келіп, қуанышты жыр айтыпты. Дін үшін 
күрескен сол батырлардың ерлігін жырға қосыпты. Жалған-ай, бар 
дүние біздікі деп айқай-сүрең салған сол ерлер қазір қайда? Оларды 
ажал ұрлап, жер жұтты. Дүние кімге опа қылған? Адам өмірі өткінші, 
өмірдің құрдымы – ажал, ажырасу, жердегі өмір баянсыз! Ақ сақалды 
əкеңнің барған жері жұмақ болсын! Ақ шашты анаңның жүрер жері 
асқар ала тау болсын! Иманды жүзіңді көрген соң, бес ауыз сөзбен дұға 
оқыдық. Дұғам қабыл болып, түгел орындалсын, «əумин» дейтіндер 
болса, ол дүниеде құдайдың дидарын көрсін. Ол дүниеден Мұхамед 
үшін Алла сенің күнəңді жеңіл етсін!» 
¶ÁÓͶѲР
¶Ë-ÔÀÐÀÁÈ


 414
415


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет