«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Запгүй – Сянби тəңірқұты .  Нағрағи



Pdf көрінісі
бет81/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

Запгүй – Сянби тəңірқұты . 
Нағрағи – толық аты-жөні Мурұң Уей (269–333), жанама аты – Елағи. Атасы 
Муян сол білге хан, əкесі Запгүй сянби тəңірқұты болған. Нағрағи бастапқыда əке 
лауазымына мұрагер болып тəңірқұт атанды. Кейінірек Жин əулетіне кіріптар 
болғасын, Жин Уди патша оны сянби тұтығы етіп тағайындады. Юңжяның алғашқы 
жылдарында өзін сянбидің ұлы тəңірқұты деп жариялады. 49 жыл ел биледі. Немересі 
Мурұң Жюнның тұсында Ушюанди патша деп аталды. 
Лұң – қазіргі Гəнсу жері. Лұңшəн тауының атына байланысты аталған Лұңши 
аймағының қысқартылған атауы. Аталған аймақ жауласқан бектіктер тұсында б.з.б. 
279 жылы құрылған. 
Фухəн – Гəнсудағы Линшя ауданы. Қытай жылнамаларында Фухəн ауданы, Фухəн 
аймағы, Фухəн бекінісжайы дегендер болған. 
Гəнсұң – қазіргі Сычуан өлкесінің Сұңфəн ауданы меңзеліп отыр. 
Лұңхы – қазіргі Сычуан өлкесінің Сұңфəн ауданы меңзеліп отыр. Осы аудандағы 
Лұңхы қамалының солтүстігін тұйғұндар жайлаған. 
Таушұй кешуі – Гəнсу өлкесінің оңтүстік-батысындағы өзен. Таухы деп те ата-
лады. Гəнсу, Чиңхəй шекарасындағы Шичиң тауының оңтүстік баурайынан басталады 
да, шығысқа ағып, Маңшян ауданына келгенде солтүстікке қарай ағады, Линтау 
ауданынан өткен соң, Юңчиң қалашығының маңында Сарыөзенге құяды. 
Баклан – қазіргі Чиңхəйдағы Сарыөзеннің басталар тұсының солтүстік-баты-
сындағы Бұрханбұда тауы. Ескіше оқылуы бойынша алынды. Қазіргі қытай тілінде 
Бəйлəн деп оқылады. Қияндардың бір ұлысы да баклан деп аталған. 
Ли – ұзындық өлшемі. Ежелгі қытайда əр дəуірде нақтылы ұзындық өлшемі 
болған. Хəн əулеті дəуірінде бір ли – 414 метрге, Солтүстік Уей əулеті тұсында – 504 
метрге, Таң əулеті тұсында 531 метрге тең болған. 1929 жылы 150 жаң, яғни 500 метр 
деп тұрақтандырылған.
Аза – этноним. Ертеде қытайлықтар жау жақты лу деп атаған. Демек, қытайша 
жазылуы “аза лулары” деген мағынада. Бұл этноним жөнінде басқаша пікірлер де 
бар. «Жиырма алты тарих сөздігінің» жарғы-түзем бөлімінде: “Аза лу – ғұнның өзге 
атасынан, ғұндар құлды «аза лу» дейді. Соңғы Хəн əулеті тұсында ғұндар əлсірегенде, 
оның құлдары Жинчың, У-уей, Жючюанның солтүстігіндегі Қарасуда, Шихының 
(қазіргі Ниңшяның) шығысы мен батысында мал шаруашылығымен шұғылданды. 
Олардың құрамында дахулар, деңлеңдер болды” деген анықтама берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет