«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Қаған – лауазым аты. Алғашқы ретте заманымыздың ІІІ ғасырында сянбилердегі  ағамандардың құрмет атауы ретінде аталған.  Көккөл



Pdf көрінісі
бет82/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

Қаған – лауазым аты. Алғашқы ретте заманымыздың ІІІ ғасырында сянбилердегі 
ағамандардың құрмет атауы ретінде аталған. 
Көккөл – қазіргі Чиңхəй өлкесіндегі Көкнор көлі. 
Бұқса қамалы – тарихи бекініс. Орны қытайдың қазіргі Чиңхəй өлкесінің Кұңхы 
ауданындағы Хейма қалашығының солтүстік-шығысында.
Хан – атақ, лауазым. Қытай тілінде уаң болып оқылады. Ол екі түрлі мағынада 
қолданылған: біріншіден, рулық қауымдық қоғамның соңғы мезгілінде əскербасылар, 
ал Шаң хандығы тұсында елбасылар уаң деп аталды. Екіншіден, Хəн əулетінен бергі 
жылнамаларда патшаның өрен-жарандары мен еңбегі сіңген дегдарларға берілетін ең 
жоғары атақ та уаң деп айтылады. Қытай жылнамаларында шетелдердің елбасыларын 
жалпылама уаң деп атады. Біз аудармада қаған ұлдарының немесе қағанатқа еңбегі 
сіңген егей ерлердің «хан» болып аталған дəстүрін ескере отырып, қытайша уаңды 
хан деп аудардық. 
Сұлтан – жоғары дəрежелі мəртебе. Қытайда Жоу хандығы кезеңінен бастап бес 
дəрежелі мəртебе қолданған. Бұлар: сұлтан, бек, дарқан, оғлан, ұлнақ. Мұндай дəреже-
лік түзім батыс елдерінің герцог, маркиз, граф, уиконт, барон дегендерімен ұқсас.
Сеңүн – əскери шен, атақ. Көне қытай тіліндегі дыбысталуы сяңгуын, ол қазіргі 
қытай тілінде “жяңжюн” деп дыбысталады. Бұл атауды түркі тілдес ежелгі тайпалар мен 
ұлыстар “сенгүн”, “сеңүн”, “сағұн” деп атаған. Ежелгі түркі ескерткіштерінде “сеңүн”, 
“тайсеңүн” түрінде кезігеді. Біз қытайша дыбысталу мүмкіндігі мен ескі түркішедегі 
жақындықты ескере отырып “сеңүн” деп алдық. Жылнама заманындағы Жин бектігінде 
уəзірлер «жюнжяң» деп аталуға байланысты “жяңжюн” термині қалыптаса бастады. 
Жауласқан бектіктер заманында əскери мансаптылар “жяңжюн” атанды. Хəн əулеті 
тұсында “тайсеңүн”, “шығауыл сеңүн”, “арбалы-аттылар сеңүні”, “қорыман сеңүн”, 
“маңдай сеңүн”, “артқы сеңүн”, “сол қол сеңүн”, “оң қол сеңүндер” болды. 
Қатұн – қағанның əйеліне берілетін атақ. Ескі қытай тілінде “кактусəн”, қазіргі 
қытай тілінде «кызүн» деп оқылады. «Солтүстік əулеттер тарихында» “əз-ана” деп 
жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет