«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет84/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

Хəн əулеті – билік əулеті. Б.з.б. 206 жылы Ли Баң Чин əулетін құлатты, сонан көп 


 436
437
өтпей Шяң Юйды жеңді. Б.з.б. 202 жылы Лю Баң өзін Хəн Гауди патша, мемлекетін 
Хəн деп атап, Чаң-əн қаласын (қазіргі Шаншидағы Ши-əн қаласы) астана етті. 
Бұл қытай жылнамаларында Батыс Хəн немесе Алғашқы Хəн əулеті деп аталады. 
Заманымыздың 8 жылы Уаң Маң тақты тартып алып, Шин деген мемлекетті құрды. 17 
жылы елде Қызыл қастылар, Жасыл орамалдылар көтерілісі бұрқ ете түсті. Осындай 
алмағайып заманда бұрынғы Хəн əулеті патшаларының тұқымынан шыққан Лю Шю 
деген адам өзін Хəн Гуаң-уди патша деп атап, Хəн мемлекетін қайта орнатты. Жаңа 
мемлекеттің астанасы Лояң (қазіргі Хынəн өлкесіндегі Лояң қаласы) болып бекітілді. 
Бұл жылнамаларда Шығыс Хəн немесе Соңғы Хəн əулеті делінеді. 184 жылы елде 
Сары орамалдылар көтерілісінің өрлеуіне байланысты патшалық аты бар, заты жоқ 
болып қалды. Елдің тізгіні бас уəзір Цау Цаудың қолына көшті. Янкаңның алғашқы 
жылы (220) Цау Цаудың ұлы Цау Пи өзін патша деп жариялап, Уей мемлекетін құрды. 
Хəн əулеті тарих сахнасынан түсті. Аталған екі Хəн əулеті қытай тарихнамасында Екі 
Хəн деп те аталады. Екі Хəн əулетін 26 патша 406 жыл биледі. 
Дəй – мемлекет жəне астана аты. Шығыс Хəн əулетінің соңғы мезгілінде Сянбидің 
Тағбат ұлысы Дешті құмның теріскейінен Чыңлыға көшіп келді. 315 жылы Тағбат 
Чилу өзін Дəй ханы деп жариялап, Дəй мемлекетін құрды. Елдің астанасы Пиңчың 
қаласында (қазіргі Сəншидегі Датұң қаласында) болды. 386 жылы Тағбат Гүй 
мемлекет атын Уей деп өзгертті. Мұнда айтылып отырған Дəй осы елдің астанасын 
меңзейді.
Нейс сеңүні – лауазым аты. Хəн əулетінің патшасы Хəн Уди Дад-уанның 
(Перғананың) қан көбік тұлпарларын алу үшін Ли Гуаңлиды “Нейс сеңүні” деген 
лауазыммен жорыққа аттандырды. Нейс қамалы «Сүйнамада» Sutrishna (Сутришна) 
деп те жазылады, орны қазіргі Орта Азиядағы Ұратөбе (Ura-tupe). Бұл қамалды 
Геродоттың «Тарихында» баяндалған “Nesaean жылқысы” деген атаумен байланысты 
қарастырушылар бар. Nisa, Nisaya деген жер аттары да осымен қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет