Үйсін елі – қазіргі Қазақстан мен оған көршілес аймақтарда (Қырғызстан жəне
ҚХР Шынжаң) іргелі мемлекет құрған байырғы этнос жəне мемлекет. Үйсіндер
қазақтың этникалық түп-тегінің ең тереңде жатқан ежелгі тамыры есептеледі. Ғалым-
дар ежелгі қытай жазба деректеріне жəне археологиялық материалдарға сүйене оты-
рып, ежелгі үйсіндерде мемлекеттік биліктің көшпелі халықтарға тəн едəуір кемелді
жүйесі қалыптасқанын, мемлекеттіліктің барлық нышандарының болғанын атап
көрсеткен. “Үйсін” сөзіне байланысты иероглифті синологтар ежелгі қытай тілінде
a sin, o swən, o sin, а suən деп алуан түрлі оқыған. Осыған орай үйсіндердің тегін
сақтардың Аси тайпасымен қатысты деп қуаттайтын ғалымдардың болғанын атап
өткен жөн. Үйсін елінің байырғы ата қоныстары, қытай деректерінде сипатталуынша,
Келентау мен Дахата (яғни Шығыс Тəңіртау) болған. Кейінірек олар Жетісуға қоныс
аударып, қуатты мемлекет құрған. Хəн əулеті үйсін күнбилеріне Шижюн, Жею деген
ханшаларын ұзату арқылы үйсіндерді ғұндарға төтеп берудегі күшті одақтас еткені
мəлім. Көптеген ғалымдар оны қазіргі қазақ ішіндегі Ұлы жүзінің ұйтқы тайпасы –
үйсіндермен байланысты қарастырады. Мына мəтінде айтылғанындай, “Көгарттың
терең қойнауларына көшіп кетті” дегенге негізделе отырып, үйсіндерді «Ұлы жүздегі
үйсіндерге қатысы жоқ» деген көзқарасты қуаттайтындар да бар. Алайда олар «Билік
ғибратнамасында» Перғана елінің ежелгі үйсіндер екендігін атап өткен дерекке ден
қоймаған.
Чекүк – ежелгі үйсін елінің астанасы. Чекүк қаласының орны туралы бірнеше
болжам бар. Бірінші болжам бойынша Чекүк қаласын Текес өзені алабында деп
қарайды, екінші болжам бойынша Нарын өзені алабында деген көзқарастар айты-
лады. Қазіргі кезде ғалымдардың басым бөлігі екінші болжамды құптай отырып,
ҚХР ШҰАР Іле қазақ автономиялы облысындағы Моңғолкүренің Шаты ауылындағы
Шаты ескі қаласын Чекүк қаласы деген көзқарасты құптайды. Алайда қаланың
қирап қалған жұртына жүйелі археологиялық барлау жасалмағандықтан, мұны соңғы
шешім деп есептеуге əлі ерте. Мұнан тыс, қазіргі Алматы облысының Нарынқол
ауданындағы Кеген кенті маңындағы Құмтөкей деген ескі қаланы да Чекүк қаласы
болуы мүмкін деген пікір бар. Кей зерттеушілер иероглифтердің мағынасына сай,
Қызылкүрен, Қызылалқап, Шие, Қанқора, Шығу секілді аттармен атауды да ұсынады.
Біз иероглифтердің ежелгі оқылуы бойынша Чекүк деп алдық.
Достарыңызбен бөлісу: |