Мұқыра – “таз” деген мағынаны білдіреді. Манжуша muhuuri, моңғолша “мұқыр”
(мухар), қазақша “мұқыр” (таз) сөздерімен үндеседі.
Му-ди патша (?–316) – мұнда Тағбат Чилу айтылып отыр.
Тəй-у патша – мұнда Солтүстік Уей əулетінің патшасы Тағбат Тау айтылып отыр.
Ол 405 жылы туып, 452 жылы қайтыс болған. Тəйчаң жылнамасының 8 жылы (423)
таққа отырып 30 жыл ел билеген. Өлгеннен кейінгі аты Тəй-у патша, тауапжайдағы
есімі Шызу патша болып бекітілген.
Уейчын – бес худың 16 патшалығының бірі саналатын Шя мемлекетінің патшасы
Хылəн Бобоның əкесі, Ол Лю деген əулет есімін де қолданған.
Нымсан – тау аты. Моңғол үстіртінің батысында болса керек. Нақты орны
белгісіз.
Тоя –тау аты. (Жоше) – жапон ғалымы Учида Гинпу қазіргі Баркөл қазақ авто-
номиялы ауданындағы Баркөл көлінің шығысындағы бір тау, ал қытайлық ғалымдар
оны Моңғол Алтайының оңтүстік-шығыс сілемі деп қарайды.
Барна – тау аты. Учида Гинпу қазіргі Шанши өлкесінің Сүйды ауданында, ал
қытай ғалымдары қазіргі Ішкі Моңғолиядағы Ойрат алдыңғы қошұнының оңтүстік-
шығысындағы тау деп қарайды. Біз қытайша ежелгі дыбысталуымен алдық. Қазіргі
қытай тілінде Бана шəн болып дыбысталады.
Науғрақ – өзен аты. Учида Гинпу бұл өзенді Sarakha өзені деп атап, оны Тоғла
өзенінің жоғарғы ағарындағы Қалқа өзені деп түсіндірген, қытайлық ғалымдар оны
қазіргі Ішкі Моңғолиядағы Ширамөрөн өзені деп қарайды.
Орхон – (At kən) өзен аты. «Қытай тарихи атласында» бұл өзенді Орхонның
жоғарғы ағысындағы Қалқа өзені деп көрсеткен. Учида Гинпу иероглифтерді Орхон
деп транскрипциялаған. Ежелгі оқылуы Ерген дегенге бейім. Сондықтан «Жұңго
тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректердің» 2-кітабында Ерген өзені деп
аударылған.
Қаңғай – Хəн, Уей əулеттері тұсында Байқал көлі осылай аталған. Таң əулеті
тұсында Гоби шөлінің солтүстігі мен Жоңғар даласын Қаңғай деп те атаған. Юан
əулеті тұсында Алтай тауы осылай аталған. Миң əулетінің жылнамаларында тек
Гоби шөлі ғана осы иероглифтермен жазылатын болған.
Түнязы (Жұңюан) – Қытайдың ескі жазбаларында Жұңту, Жұңжоу деп те
айтылады. Көлемі туралы мынадай үш түрлі болжам бар: 1. Қазіргі Хынəн өлкесі;
2. Сарыөзеннің орта жəне төменгі аңғары; 3. Сарыөзен аңғарын түгел қамтиды.
Бұрынғы аудармаларда Кіндікжазық, Ортажазық деп те аударылған. Ескі түркі
ескерткішіне сай Түнязы деп алдық.
Ічүк – «Жоунаманың» 50-бумасында – “Іркін”, «Сүйнаманың» 84-бумасында
“Сіді” деп алынған. Мəтіннің төменгі жағында “Іркін” болып жазылған, сондықтан
“Ічүк” сөзін иероглифтегі жаңсақтық деп түсінген жөн.
Уей елі – Жоу əулеті айтылып отыр. Түркілер мен Жоу əскерлерінің Чи еліне
жорығы Жоу Уди заманы баудиңның 3–4 жылдарындағы оқиға. Батыс Уей əулеті
түркілермен білек біріктіре Чи еліне шабуыл салғаны туралы дерек жоқ. Мəтіннің
төменгі жағындағы Яң Жұңның түркілермен біріге Чиға жорық жасауы осыны
растайды.