ЖАҢСҮН ШЫҢ
Жаңсүн Шың, жанама аты – Жишың. Тумысынан қағылез, сұңғыла,
атқа мықты, мерген жəне жүзіктің көзінен өтетін жылпос еді. Жоу
əулеті кезінде қару өнеріне ден қойылып, ақсүйектердің перзенттері де
біраз қару өнерін білгеніне əспенсіп кетуші еді. Бірақ олар ат өнері мен
мергендікте мұның қапталына да келмейтін. 18 жасында ол қорғаушы
азнауыр болды. Алғашқы кезде оның аты елге мəлім бола қоймады.
Тек Гаузу бір көрген жерден оған риза болып, елге: «Жаңсүн нөкер
қару өнеріне топ жарған озат екен. Əлгінде əңгімелесіп ақыл-айлаға
да кенде емес екенін байқадым. Ендігі əйгілі сардарымыз осы болмас
па?» – деді оның қолын алып тұрып.
(Жоу) Шюанди заманында Түріктен Шату Жоу əулетінен қыз
айттыруды тілек етті. Осылайша Жау ханы (Юйуын) Жаудың қызы
оған əйелдікке ұзатылды. Бірақ (Солтүстік) Жоу мен Шату бірінен-
бірі қалыспай, мықты-мықты азаматтарын өзара елшілікке ығайлап
жіберіп тұрды. Сол қатарда Жаңсүн Шың Рунəн сұлтаны Юйуын
Шынчиңның кіші елшісі ретінде Мыңділда ханшаны Шатудың ордасы-
на ұзатып апаруға жіберілді. Ілгерінді-кейінді ондаған елші барғаны-
мен, Шату олардың көбін елемеуші еді. Ол тек осы Жаңсүн Шыңды
айрықша жақсы көрді. Əр рет саятқа шыққанда жанынан тастамай,
оны жыл соңына дейін қайтармай қасында ұстады. Бір жолы екі бүркіт
ұшып жүріп етке таласты. Шату Жаңсүн Шыңға: «Мыналарды атып
түсір», – деп екі оқ берді. Жаңсүн Шың садағын оқтай ұмтылып, екі
бүркіт таласқан орайда бір тал оқпен екеуін де атып алды. Балаша мəз
болған Шату перзенттеріне жəне маңындағыларға мынамен араласып,
оның мергендік өнерін үйреніңдер деді. Шатудың інісі Чориға – есімі
Төле шад халқына жағымды еді. Бірақ Шату оны күндейтін еді.
Сондықтан ол астыртын адам жіберіп, Жаңсүн Шыңмен одақтасты.
Жаңсүн Шың онымен саятқа шығып жүріп Түріктің жалпы жер
жағдайын, ұлыстарының шама-шарқын түгел тексеріп білді. Бұл кезде
Гаузу (Солтүстік) Жоу əулетінің бас уəзірі еді. Жаңсүн Шың игерген
жағдайларын Гаузуға мəлімдеді. Гаузу жерден жеті қоян тапқандай
қуанып, оны күймелілер бас жасауылы етіп өсірді.
Кəйхуаңның 1 жылы (581) Шату: «Мен Жоу əулетіне жегжатпын,
қазір Сүй сұлтаны өзін патшамын деп жариялап отыр, оны тежей
алмасам, қатұнға қай бетіммен қараймын?» – деді де, Гау Бауниңмен тізе
қосып Линюй бекінісін басып алды. Сосын өзге ұлыстармен одақтасып
оңтүстікке жабыла шабуылдады. Билік басына енді ғана келген Гаузу
қатты қаймаңдап Ұлы Қорғанды жасатты əрі солтүстік шекараға əскер
төгіп, Йын Шоуға Южоуды, Юй Чиңзыға Биңжоуды сақтап тұруға
жарлық шығарып, сақтық үшін шекарада сан түмен əскер тұрғызды.
Шату, Темкіт, Аба жəне Төлелердің өзара бірі – көке, бірі немере іні
болғанымен, алды-алдына қыруар жасақ ұстаған қағандар екенін, бірін-
бірі аңдып төртеуі төрт жақта жатқанын, сырттан тату көрінгенімен,
араларына оңай іріткі салуға болатын іштей бақас жандар екенін
ертеден білетін Жаңсүн Шың патшаға былай деп датнама жолдады:
«Аласат асқынса – бейбітшілік жол табар» деген аталы сөзді естігенім
бар. Құдай тілеуімізді берсе, қасиетті уазипаңыз іске асқалы тұр.
Тақсыр, Сіз күллі хандардың адағы ретінде сан ықылымдарда ғана
кезігетін орайлы сəтке дөп келіп отырсыз. Хуашя жерінде тыныштық
орнағанымен, бірақ нұмдардың əлегінен əлі арыла алмады. Бұл жауы-
мызды əскер шығарып жазалайтын да кез емес; ал олармен жұмыссыз
болмаса, шапқыншылықтан көз ашпаймыз. Сондықтан əдіс-айланы
өрге бастырып, олардың көзін біртіндеп жойған жөн. Əдістен ағаттық
жіберсек, бұқара қауым бейбіт бола алмайды, əдіс алмайды, əдіс
ұтықты болса ұрпақтан-ұрпаққа бақтиярлы өмір орнығады. Құт пен
құтсыздықтың түйіні мұқият толғануда. Пақырыңыз (Солтүстік)
Жоу заманының соңғы кезінде елшілік қатарында болып, Ғұндардың
қыры мен сырына əбден қанған. Темкіт əскери күш жағында мығым
болғанымен, мəртебе жағынан Шатудан төмен тұрады. Көріністе оған
қарасты болғанымен, іштей онымен қайшылықты. Оның сол мойын-
88
89
сал болмай жүрген тарапын неғұрлым өршіте түссек, араларында
ішкі соғыс басталды. Мұнан тыс, Шатудың інісі Чориға – алаяқ қу,
əйтсе де күші əлсіз. Адамға жағымдылығынан елі оны жақсы көреді,
Шату күндейді. Сонан мазасы май ішкендей. Араларында ара-тұра
қайшылықтар да белең беріп жүр. Іс жүзінде оның қауіптен күдігі
күшті. Ал Аба – тым екібеткей. Осылардың ішінде ол Шатудан көбірек
жасқанады. Оның ырқынан шықпайды. Қай жақтың күші басым
болса, сол жаққа жығылады. Əсіре тұрлаусыз. Қазір алыстағысымен
байланыс орнатып, таяудағысына соққы беру, күштісін ыдыратып,
олардың əлсізімен бірігу, Темкіттерге елші жіберіп, Абамен ұшарласу
əбден қажет сияқты. Сонда Шату жасағын кері қайтаруға мəжбүр
болады да, оң тарапымыздағы жерлер шапқыншылықтан аман болады.
Мұнан тыс Чориғаны қайлармен, септермен бірігуге иландыру
арқылы Шатудың күшінің бір бөлігін өзінің сол тарапындағы
жерлерін қорғауға алып кетуге мəжбүрлеу лағзым. Сөйтіп бұларды
өз ішінде аңдыстырып, берекелерін бұза берсек, 10 шақты жылдан
кейін патшалығымыз бір орайда оларға қарсы аттанып, бір жолда-
ақ оларды түбегейлі құрта алады». Патша оның бұл датнамасына
дəн риза болды да, Жаңсүн Шыңды əңгімелесуге шақырды. Жаңсүн
Шың білген жағдайларын ауызекі байымдап, жер-су ахуалын сызып
көрсетіп, түріктердің бар болмысын өз алақанындағыдай жайып
салды. Патша толық иланып, оның айтқан ақылын түгел қабылдады.
Осылайша сарай көлік уəзірі Юан Хүйды И-у асырып, Темкітке елші
етіп жіберді, оған бөрі басты ту тарту етіп, үлкен құрмет жəне қошемет
көрсеткенсіді. Темкіттің елшісі сарайға келгенде оған орын Шатудың
елшісінің жоғары жағынан берілді. Іріткі салу амалы осылай іске
асырылып, түріктер қырбайланып өзара алакөздене бастады. Жаңсүн
Шың арбалы-аттылар сеңүні болып тағайындалды. Ол Хуаңлұң жолы
арқылы асып, қай, сеп, қытандардан ақшаға жол бастаушы жалдап
Чориғаның еліне барды. Сонан оны іштей тіл табысып, ретін тауып
шырғалап, кірімтал болуға əрбіледі.
(Кəйхуаңның) 2 жылы (582) Шатудың 400 мың атты жасағы
Лəнжоудан шабуыл жасап кіріп, ат басын Жоупəнға тіреді де, Даши
Жаңрудың қосынын күйретіп, оңтүстікке қарай тағы да шапқыншылық
жасамақшы болды. Темкіт онымен келіспей, жасағын бастап кері
қайтты.
Осы аралықта Жаңсүн Шың Намғанды үгіттеп: «Телектер бүлік
шығарып, ордаңызға тұтқиыл шабуылдамақ болып жатыпты» деп
Шатуға жалған мəлімет беруге көндірді. Мұны естіген Шату қатты
қорқып, жасағын шекарадан алып кері қайтты.
Осыдан бірнеше айдан кейін түріктер жаппай шапқыншылық
жасады. Оларға жорық сардарлары өз бөлімшелерімен қарсылық
көрсетті. Аба Ляңжоуға келгенде Доу Рұңдиңның бөлімінің күшті
қар сылығына тап болып, жеңілістен жеңіліске ұшырап, солтүстікке
ығысты. Бұл кезде Жаңсүн Шың мұндағы қосалқы бөлімнің қолағасы
еді. Ол елші болып барғанда (Абаға) былай деді: «Шату əр реткі
жорықта ірі-ірі жеңіске жетіп келеді. Ал, Аба, сіз бірінші жорықта-ақ
жеңіліп отырсыз. Бұл түріктер үшін намыс қой. Бұған өзіңіз іштей
болса да біраз арланбайсыз ба? Сіздің əскер күшіңіз Шатумен шамалас.
Солай тұра, Шату əр күні жеңіске жетіп, ел-жұртының құрметіне
бөленіп жатса, Аба, сіз тиімсіз ұрыс салып, қағанаттарыңызды мас-
қаралап отырсыз. Шату бұл іске қалайда сізді жазықты етеді. Оның
үстіне мына солтүстік орданы жою оның бұрыннан ойында бар.
Мұны жақсырақ ойланыңыз, затында Шатуға төтеп бере аласыз
ба?» Абаның елшісі келгенде, Жаңсүн Шың оған былай деді: «Қазір
Тарду Сүй əулетімен анда болып отыр. Ал Шату қазірше бой берер
емес. Қаған, сіз онан да Көктің ұлына кірімтал боп, Тардумен күш
біріктіріп, күшіңізді нығайта алсаңыз, мұның өзі – өте бір кемел
тəсіл болар еді ғой. Адамдарыңызды бекер шығындап, ел-жұртты
күйзелтіп Шатуға бодан болып, оның қорлығы мен зорлығына көну-
дің не жөні бар?» Аба оның ұсынысын қабылдап, жасағын шекараға
тұрғызды да, сарайға қол тапсыруға Жаңсүн Шыңға қосып елшілігін
аттандырды. Шату мен Уей Уаңның қосыны душарласып, Ақбелдеу
маңындағы соғыста жеңілген жау шөлге кіріп кетті. Абаның ала көңіл
екендігін естіген Шату солтүстік ор даға шабуылдап, Абаның ұлысын
түгелімен тұтқындады, Абаның шешесін өлтірді. Аба еліне қайта
алмай, батысқа Темкітке барды. Онан жүз шақты мың жасақ алып,
шығыстан Шатуға тосын тап берді. Сонан солтүстік ордадағы қолдан
кеткен жерлерін қайтарып алды. Тозып кеткен жасақтарынан бірнеше
түмен жасақ құрап, Шатумен тағы соғысты. Аба жеңістен жеңіске
жетіп, ықпал күші анағұрлым зорайды. Шату сарайға қол тапсыруға
тарту-таралғымен тағы да елші жіберді. Ханша да науғысын өзгертіп,
патшаға қыз болуды тілек етті. Патша мұны мақұлдады.
(Кəйхуаңның) 4 жылы (584) Жаңсүн Шың Юй Чиңзының қасында-
ғы кіші елші ретінде Шатуға барып, ханшаға Яң науғысы беріліп, атағы
Көшелі ханша болып, өзгерген рəсімді басқарды. Шату жарлықнаманы
қабылдарда тағзым еткісі келмеді. Жаңсүн Шың оған: «Түрік пен Сүй
сынды ірі елдердегі Көктің ұлымыз деп қаған орныңыздан тұрмай
мұратыңызға қайшы келсеңіз қалай болар. Қатұныңыз патшамыздың
қызы, ал, қаған, сіз Ұлы Сүй патшалығына күйеусіз. Солай бола
тұра ибасыздыққа барып, атаңызға иіліп ізет жасаудан қалайша бас
тартасыз?» – деді. Шату дүбірлеріне қарап күліп: «Атама иіліп тағзым
етейін, сөзіңе жығылдым», – деді. Осылайша жарлықнаманы тағзым
жасап қабылдады. Патшаның жарлығын атқарып, елшілік міндетін
ойдағыдай орындағандықтан, Жаңсүн Шыңға санаттас үштік, сол қол
ардазада тоқсауыл арбалы-аттылар сеңүні деген лауазымдар берілді.
7 жылы (587) Шату өлді. Сарай Жаңсүн Шыңды қолына мойшақ
ұстатып, оның орнына інісі Чориғаны Баға қаған деген лауазыммен
таққа отырғызуға, оның баласы Оңғылды Ябғу қаған етіп тағайын-
дауға жіберді. Чориға Жаңсүн Шың арқылы сарайға датнама жолдап:
90
91
«Абаны Тəңірім қарғады, ол 5–6 мың əскерімен ғана бір қысаңда
жатыр. Жарлығыңызды екі етпей орындауға пейілмін. Керек десеңіз,
оны тарту етемін», – деді. Бұл іс сарай ұлықтарының қарауына
берілді. Лы-əн сұлтаны Юан Ше: «Қылмысына қарай жазалау үшін
оны Абаның басын алуға жіберген жөн», – деді. Уяң сұлтаны Ли Чұң:
«Оны сарайға тірі əкелдіріп, ел-жұрттың алдында өлтіру керек», –
деді. Патша Жаңсүн Шыңнан «Сенің ойыңша қайтсек болады?» – деп
сұрады. Жаңсүн Шың былай жауап берді: «Түріктердің опасыздығын
айтсақ, оларды түгел өлтірсе болады. Қазір олар – ағайындар өзара
қырқысып жатыр. Абаның қылмысы мемлекет ісіне саймайды. Егер
оны осындай кіріптар кезінде ұстап өлтірсек, мұнымыздың қиыр-
лықтармен елдесудегі жақсы тəсіл болуы екіталай. Онан да Аба мен
Чориғаның екеуін де тірі қалдырған жөн». Патша «Рауа!» – деді. 8 жылы
(588) Чориға өлді. Оның азасына Жаңсүн Шың жіберілді жəне Чын
əулеті тарту еткен асыл заттар Оңғылға сəлемдемеге жолданды.
13 жылы (593) ішкергі өңірге жер аударылған Яң Чин түріктерге
барды да, «Пың сұлтаны Лю Чаң мен Юйуын ханым Сүй əулетіне қар-
сы қимыл жоспарлап жатыр» деген қауесет таратып, «мені түріктерге
солар жіберіп отыр» дегенді ханшаға құпиялап айтты. Оның осы сөзі-
не сенген Оңғыл сарайға көпшір тапсыруды доғарды. Сарай жағдай-
ды барып біліп келуге Жаңсүн Шыңды түріктерге тағы да елші етіп
жіберді. Ханша Жаңсүн Шыңға кезігіп тəйтік сөздер сөйледі. Əмбе
Оңғылды азғырудың жəне алжастырудың амалын ақылдасуға өзінің
көңілдесі Əн Зұрканы Яң Чинге жіберді. Жаңсүн Шың астанаға қайтып
барған соң бұл ахуалды сарайға түгел мəлімдеді. Сарай Яң Чинды
тапсырып беріңдер деп түріктерге Жаңсүн Шыңды тағы жіберді.
Оңғыл оны тапсырып бергісі келмей: «Қонақтардан сұрастырдық,
мұндай адам жоқ екен», – деп өтірік алдауратты. Сонан Жаңсүн Шың
оның орда ұлығына пара беріп, Яң Чинның тұрған жерін біліп алды
да, түн жамылып барып оны тарпа бас салды. Ханшаның зина ісін
əшкерелеу үшін оны Оңғылға көрсетті. Түріктер мұнан қатты ұялды.
Сонан Оңғыл Əн Зұркаларды да ұстап Жаңсүн Шыңға тапсырды.
Патша төтенше қуанып, Жаңсүн Шыңға ордагер деген шен берді əрі
оны Көшелі ханшаны өлтіру мақсатымен түріктерге тағы жұмсады.
Оңғыл датнама жолдап, пат шалықтан (құда-андалық шартпен) тағы
да қыз беруді тілек етті. Сарай оның тілегін мақұлдамақ болды. Осы
кезде Жаңсүн Шың патшаға былай деген дат айтты: «Мен білгенде
Оңғыл өте тұрлаусыз, оған сенім артуға келмейді. Ол Темкітпен
қайшылығы болғандықтан ғана патшалығымызға кірімтал болдым
деп отыр. Қыз бердік деген күннің өзінде ол бəрібір сатқындық
жасайды. Қазір ханшамызды алса, патшалығымыздың құдіреттілігін
пайдаланып Темкіт, Намғандарды ырқына көндіреді. Əбден күшей-
ген соң бізден жалт береді. Сосын оған төтеп беруге қиынға соғады.
Оның үстіне Намған – Чориғаның баласы. Олар екі ұрпақ бойына
адал қызмет етіп келеді. Осының алдында Намған маған кезіккенде,
ол да патшалығымыздан қыз айт тырғысы келетіндігін айтқан. Онан
да соның тілегін қабылдап, оны оңтүстікке көшірген мақұл. Жасағы
шағын, күші əлсіз болғандықтан, оны көндірмек оңай. Шекарамызды
қорғау үшін оны Оңғылға төтеп бере алатын етудің қамын қарас-
тырайық». Патша «Рауа!» – деді. Сонан Наманға əйелдікке хан ша
беруге келіскенін айтып оны тағы жіберді.
(Кəйхуаңның) 17 жылы (597) Намған сарайға барып ханшаны
алып келуге Жаңсүн Шыңға қосып 500 атты əскер жіберді. Патша
өз жұртынан бір қызды Салиқалы ханша деген атақпен оған ұзатты.
Жаңсүн Шың Намғанды ел-жұртымен көшіп, оңтүстікке – Түкеннің
ескі бекінісіне келіп тұруға насихаттады. Оңғыл жауығып, шекараға
шапқыншылығын жиілетті. Намған олардың қимылын қапысыз
бақылап, дер кезінде мəлімдеп отырды. Сондықтан қарашылар оң-
түстікке шабуыл жасағанда əр ретте алдын ала жасалған сақтық
бойынша төтеп берілді.
19 жылы (599) Намған Оңғылдың қала қорғанын бұзатын жабдық-
тар əзірлеп, Датұңға шабуылдамақшы болып жатқанын Жаңсүн Шың
арқылы патшаға хабарлады. Патша алты төбенайдың əскерін шығарып,
Хəн ханының қолағалығында бірнеше бағыт бойынша жазалау жо-
рығына аттандырды. Қатты шошыған Оңғыл Тардумен тағы да
одақтасып, тізе қоса Намғанға тұтқиыл шабуылдады. Ұлы Қорғанның
түбінде үлкен ұрыс болды да, Намған жеңіліс тапты. Оңғыл оның аға-
бауырларын, перзенттерін қырып тастады, бүкіл ұлысы торғайдай
тозды. Намған Жаңсүн Шыңмен бірге атты əскерін ғана алып, түн
қатып оңтүстікке қарай қашты. Таң атқанша 100 шақты ли жол жүріп,
бірер жүз атты əскер жиды. Сонан ол: «Қазір мына жеңіліс жағдайында
сарайға барсам, соқайған жалғыз бағынушы ғана боламын. Ұлы Сүй
патшалығындағы Көктің ұлы менің неме қызығады? Темкіт маған
шабуылдап отырғанымен, арамызда үлкен араздық жоқ еді ғой, онан
да соған барып паналайын, ол қалайда қол ұшын берер» деп ойлады.
Намғанның ала көңіл екенін сезген Жаңсүн Шың Фуан бекінісіне
астыртын адам жіберіп, тұрларға дереу от жағуды бұйырды. Төрт
тұрдан қатар жанған отты көрген Намған Жаңсүн Шыңнан: «Қамал-
қорғандардағы тұрларда от жағылғаны несі?» – деп сұрады. Жаңсүн
Шың оны алдап: «Қамал-қорғандардың тұрғысы биік, шапқалы келе
жатқан қарақшылардың үлкен шоғырын байқаған болар. Ұлы Сүй
патшалығының белгілемесінде қарақшылардың қарасы шамалы
болса – екі тұр жағылады, көп болса – үш тұр жағылады. Өте көп
болса – төрт тұр жағылады. Қарақшылардың көптігін жəне таяп келіп
қалғанын ел-жұртқа осындай амалмен ұқтырады», – деді. Бұл сөзден
Намған шошып, өз тобына: «Қуғыншылар таяп қалыпты, қазірше Ұлы
Қорғанға барып бой тасалай тұрайық», – деді. Бұлар Ұлы Қорғанға
кіргеннен кейін Жаңсүн Шың Намғанның орда ұлы Шапышты ел-
жұртына бас-көз болуға қалдырып, Намғанды жам арқылы сарайға
жеткізеді. Патша іскерлігіне риза болып Жаңсүн Шыңды сол қол
92
93
ардазада тоқсауыл шығауыл сеңүн етіп тағайындады да, мойшақ
ұстатып Түрікті (Намғанды) қорғауға жауаптандырды. Жаңсүн Шың
бағынған лулар арқылы Оңғылды барлап, оның ордасы көлемінде
бірнеше жамандық нышаны байқалғанын, яғни түнде қып-қызыл
кемпірқосақ көрініп, бірнеше жүз ли жерді нұрландырғанын, арлан
жұлдызының кетілгенін, үш күн бойына қызыл жаңбыр жауғанын,
аққан жұлдыз бөлшегінің нажағайдай шатырлап Оңғылдың қорасына
келіп түскенін естіді. Түріктер əр күні түнде Сүй патшалығының
лəшкері келеді екен деп елеңдейтін еді. Жаңсүн Шың осы жағдайды
мəлімдеп, түріктердің үстіне жорық жасауды тілек етті. Намғанға
түселдер жəне ер-əйел болып түмен шақты адам берілді. Жаңсүн Шың
оларды ойдағыдай орналастырды. Сонан бастап түріктер сарайға
бодан болуды өздеріне қуаныш санайтын болды. Көп ұзамай, Намғанға
Елтынды Қынын қаған деген атақ берілді əрі ол У-əндян сарайындағы
атыс өнері байқауына шақырылды. Мергендерден 12 адам іріктеліп,
олар екі топқа бөлінді. Қынын қаған: «Мен елші Жаңсүнның арқасында
Көктің ұлының дидарын көрдім. Атыс жарысына қатысуға рұқсат
болса, мен соның тобына қосылар едім», – деді. Патша оның тілегін
қабылдады. Жаңсүн Шыңның тобындағы алты мерген түгел бұғы
нысанаға дəл тигізді. Осылайша Қынын қатысқан топ жеңіп шықты.
Сол аралықта аспанда бір топ қарға ұшып бара жатты. Патша: «Сен
мергенсің ғой, анау қарғаларды атып түсірші», – деді. Жаңсүн Шың
10 тал оқ атты. Қарғалар түгел жалбырлап жерге түсті. Сол күнгі
жарыста ұлықтардың бəрінен Жаңсүн Шың жүлделі болды. Ұзамай ол
Намған тұратын Дали қаласын салғызуға 50 мың əскермен Шожоуға
жіберілді. Кейінірек Салиқалы ханша қайтыс болды да, Жаңсүн Шың
тағы да мойшақты елші ретінде Намғанға Мейірлі ханшаны ұзатып
апарды. Ол патшаға былай деп датнама жолдады: «Намғанның
ұлысындағы адамдардың дені қайтып оралды. Олар Ұлы Қорғанның
іш жағына қоныстанғанымен, əлі де Оңғылдың шапқыншылығына
жиі ұшырап, қайта-қайта үркіп қатты күйзелуде. Сондықтан оларды
Уюанға көшіруге рұқсат етсеңіз. Сонда Сарыөзен оларға қамалдық
рөл атқарады. Сосын Шяжоу мен Шыңжоудың аралығынан шығыстың
батысқа қарай Сарыөзенге дейін, оңтүстіктен солтүстікке қарай 400 ли
ұзындықта ор қазылады да, ол соның ішінде тұрады. Осылайша талан-
тараждаудан құтылып, емін-еркін мал өсіреді, оның елі де орнығады».
Патша оның айтқанын түгел қабылдады.
20 жылы (600) Толұмның ұлысынан бүлік шығып, қағанға өз
адамдары қастандық жасады. Сонан Жаңсүн Шың сарайға былай деп
датнама жолдады: «Қазір шахналық қосынымыз Түрік жерінде ұрыс
салып, сан мəрте ерлік жасады. Сонан қарақшылар өз ішінде бүлініп,
билеушілерін өлтірді. Осы орайда оларды бағынуға насихаттайтын
болсақ, кет əрі дей қоймайды. Намғанның адамдарын оларға жіберіп,
патшалығымызға бағыну туралы насихат өрістетілсе». Патша оның
бұл ұсынысын қабыл алды. Айтқандай-ақ олар түгел бағына бастады.
Тарду шошып тағы да жасақ жинады. Жаңсүн Шыңға бағынған
түріктерді бастап, Чинчуанға жорық төбенайы деген санатта Жин ханы
Яң Гуаңның қолбасшылығында жауға аттану туралы жарлық шықты.
Тарду хан қолымен қарыса соғысты. Жаңсүн Шың: «Түріктердің
ауыз суы мен суатына у салайық», – деп ақыл айтты. Сонан оларға
қарай ағатын өзен суының жоғарғы жағынан у тасталды. Оны ішкен
Тардудың мал-жаны көптеп қырылды. Осылайша ол: «Тəңірдің жаң-
бырымен өзенді улы суға айналдыруы менің көзімнің жойылуына
көрінбесе неғылсын», – деді де, түн жамылып зытып берді. Жаңсүн
Шың оларды өкшелей қуып, 1000 шақты адамның басын алды, 100
шақты адамды тұтқындады, бірнеше мың бас малын олжалады. Жин
ханы төтенше қуанып, Жаңсүн Шыңды шатырына бастап, бірге арақ
ішіп, дыр-думан құрды. Дастарқан басында түріктердің тізе бүккен
бір орда ұлығы да бар еді, ол: «Түрік жерінде Жаңсүн төбенайдан
қорықпайтын пенде жоқ. Оның атқан жебесін көктің жасыны, мінген
атын аққан жұлдыз деп есептейді», – деді. Жин ханы күліп: «Сеңүн
шын қаһарланса айбатынан жер зілзала болады, оны көктің жасынына
теңеу тегін емес. Мұның өзі қандай керемет!» – деді. Шахналық қосын
жеңіспен оралғанда, оған ордагер санаттас үштік деген шен берілді.
Сосын тағы да Дали қаласына соңғы кездері кірімтал болғандарды
орналастыруға жіберілді.
Рыншоудың 1 жылы (601) Жаңсүн Шың патшаға мынадай датнама
жолдады: «Түнде мен қорғанның мұнарасына шыққанда шөлдің сол-
түстігінен жалпы ұзындығы 100 шақты ли келетін қып-қызыл мұнарды
көрдім. Сіркіреп жауған жауын сияқты көрінеді. Əскери болжамдық
кітаптарда мұны «қызыл жаңбыр» деп атайды. Оның мұнары шөк-
кен ел түбінде жойылады. Ғұндарды жоямыз десек, осы бүгін қам-
данайық». Осылайша Яң Суға жорық бас сардары, Жаңсүн Шыңға
бағынғандарды қабылдаушы елші ретінде солтүстікке жорық жасауға
Намғанды шығарып салу туралы жарлық шықты. (Рыншоудың)
2 жылы (602) қосын Бейхыға барды. Қарақшылар атаманы Сіліг
Іркін жəне басқалар кезігіп бұлармен қарсыласты. Жаңсүн Шың
мен тайсеңүн Ляң Мо олардың табанын тайдырып, алпыс неше ли
жерге дейін айнала ұрыс салып, қарақшылардың денін тізе бүктірді.
Жаңсүн Шың Намғанға айтып солтүстіктегі Телек сияқты ұлыстарға
оларды берілуге насихаттау үшін бөлек-бөлек елші жібертті. 3 жылы
(603) телек, сегет, бүлергу, ғұн, қоқсар, абар, бұқыт сияқты 10 шақты
ұлыс Тардудан бетбұрып кірімтал болуға өтініш білдірді. Ел-жұрты
торғайдай тозған Тарду тұйғұндарға барып паналады. Жаңсүн Шың
Намғанды Чикоуға апарып орналастырды.
Жұмысын аяқтатқан Жаңсүн Шың сарайға оралғанда Гаузудың
қазасының үстінен түсті. Сарай патшаның қазасын жарияламай, жа-
бық ұстады. Яңди патша Жаңсүн Шыңды Гаузудың табытының алдына
ертіп келіп, ішкі жамбыл көптеуілі, орталық сарай қақпа ағасы болуды
тапсырды, аз күннен кейін сол қолаға сеңүн болып тағайындалды.
94
95
Яң Ляңның бұлғағы кезінде патша оған сарай мансаптысы санатында
Шяңжоуға дуанбасы болып баруды, сондай-ақ Хуашəнның шығысын-
да тұратын лəшкерді сол араға апарып, Ли Шюңдармен бірге Шяңжоу
дуанын орнықтыруды бұйырды. Жаңсүн Шың: «Менің Шиңбу деген
балам бар, қазір ол қарсы топтағылар тұрған жерде жүр. Кенет мұндай
маңызды міндетке жегілсем, іштей қатты мазасызданамын», – деп
бұл істен бас тартты. Патша: «Адалдығың мен іскерлігің маған аян.
Қазіргі Шяңжоу кезінде Чи патшалығына астана болған, онда біздің
тілеуімізді тілейтіндер азшылық, сондықтан бүлік оңай шығады.
Егер ол жерден бүлік шықса, қарақшылардың күші өседі. Меніңше,
ол жерді сақтап тұра алатын жалғыз сен ғанасың, патшалығымызға
деген шынайы ықыласың болса, балам деп шахналық ұлағатымызға
нұқсан жетер іске бармайсың. Сондықтан өзіңе тапсырдым. Бұл істен
бас тартушы болма», – деді. Осылайша ол Шиңжоуға дуанбасы болып
тағайындалды. Яң Ляң талқандалғаннан кейін, Жаңсүн Шың астанаға
оралып, қаһарлы тоқсауыл сеңүн болып ауысты.
Да-йенің 3 жылы (607) Яңди патша Юйлинді тексеру үшін Ұлы
Қорғанның сыртына шығып, мұздай қаруланған əскерлердің қорғауын-
да Түрік жері арқылы Жожюн аймағына бармақшы болды. Намған
қорқып қалар деп, патша сапарының мəнісін нақтылап түсіндіру үшін
оған күн ілгері Жаңсүн Шыңды жіберді. Намған жағдайдан хабардар
болған соң өзіне қарайтын елдерді, қай, сеп, шығай сияқты ұлыстардың
ондаған ұлыс бектерін шақыртып бір араға жиды. Жаңсүн Шың ауыл
отырған жұрттың шөп басып кеткен əрі былғаныш екенін ескеріп, оның
шөбін Намғанның өзіне отату арқылы ұлыс адамдарына патшаның
ұлықтығын əйгілемек болды да, шатырдың алдындағы шөпті нұсқап:
«Мына шөптер хош иісті болар», – деді. Намған оны жалма-жан иіскеп
көріп: «Иісі құрысын», – деді. Жаңсүн Шың: «Көктің ұлы мархаббат
етіп бұл араны көзімен көрмек. Патшаға деген қошемет ретінде
оның жүретін жол да рын бектеріміз өздері бас болып су шашып
тазалауы керек. Ал қазірге дейін ордаңыздың алды шөп басып қоқсып
жатыр. Менің оны əдейі өсірген хош иісті шөп шығар деп сөз салты
ретінде сұрағаным», – деді. Оның сөз мəнін сонда барып аңғарған
Намған: «Бұл – менің пендешілік айыбым! Менің осы тұрған тұла
бойым Көктің ұлына тəн. Біраз терлеймін деп патшаға қызмет ету-
ден аянамын ба? Тек шет жайлап, қиыр қонған жөн-жосықтан хабар-
сыздығымнан болып отыр. Дес бергенде сеңүн рақым етіп жөн көр-
сетті, сеңүннің шапағаты – менің ең зор бақытым!» – деді. Сонан
қынабынан қылышын суырып, арам шөптерді шауып отай бастады.
Басқа ақсүйек дегдарлар мен ұлыс бектер де көргендерін істеп шөп
шапты. Юйлинның солтүстік тарапындағы бұқара түгел жұмылып
орда тігілген жерге дейін, шығыста тағы жидиға дейін ұзыны 3000
ли, ені 100 қадам жердің шөбі шабылды. Сөйтіп олар патшаға бүкіл
ел болып жол ашты. Кейінірек мұның Жаңсүн Шыңның амалы екенін
естіген патша оны тіпті марапаттады. Кейінірек оған Хуайяң бас уəлиі
деген шен берілді. Бұл міндетке барып жегілгенше, оған оң қол аду
тоқсауыл сеңүн боласың деген тағы бір жарлық келді.
(Да-йенің) 5 жылы (609) Жаңсүн Шың елу сегізге қараған шағында
қайтыс болды. Патша оның қазасына қатты қайғырды. Оның азасына да
көп нəрсе атады. Кейінірек түріктер Янмынды қоршауға алды. Патша
күрсініп: «Жаңсүн Шыңның көзі тірі болса, ғұндар мұндайға бармас
еді», – деді. Жаңсүн Шың өте амалшыл еді. Ол өз жұмысына жəне
абыройына мұқият болды. Туадан опагер болды да жанашырларының
қазасына қайғырып, денсаулығына да нұқсан жеткендігі сарай
қайраткерлерінің аузына ілінді. Таң əулетінің жынгуан жылдарында
төреші, аға баған, Чи елінің сұлтаны деп танылып, марқұм болғаннан
кейінгі аты «Шян» (ұсынық) болып бекітілді. Бұл лауазымдарына кіші
баласы (Жаңсүн) Ужи мұрагерлік етті.
Достарыңызбен бөлісу: |