98
99
төбенайы ретінде Солтүстік-батыс бағыттан барып оны қарсы алуға
жарлық шықты. Бұл сапардан оралған Зыгəнға Юнжоу төбенайы деген
шен берілді жəне түріктер сыйға əкелген 100 жылқы мен 1000 қой
да оған сыйлық етілді. Бұл туралы жарлықта: «Терістік қақпамызға
қарауыл болғаныңыздан бері ел шеті орнықты. Соның үшін Түріктің
əкелген қой-жылқысын сізге сыйлыққа беруді лайықтадым» делінген.
Кейінірек шешесінің қазасына байланысты ол міндетінен босады. Бірақ
Юйганның аса маңызды бекініс екенін ескерген сарай көп ұзамай оны
жұмысқа қайта шақырды. (Кейхуаңның) 14 жылы (594) Зыгəн міндетін
атқарып жатқан кезінде алпысқа қараған
шағында науқастан қайтыс
болады. Гаузу оның қазасына ұзақ уақыт қайғырды, азасына 1000 топ
торғын, 1000 ху астық салды. Оны Хуайжоу, Уейжоулар қосылған төрт
дуанға дуанбасы деп таныды. Марқұм болғаннан кейінгі аты «Хуай»
(ұмытылмас) болып бекітілді. Шен-мəртебесіне ұлы Хылоу Шəнжу
мұрагерлік етті əрі ол өз алдына Чян-əн аймағына бас уəли деген
мансаптар алды.
Достарыңызбен бөлісу: