«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет25/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

ФƏН ЗЫГƏЙ
Фəн Зыгəйдың жанама аты – Хуазұң. Лужяң ауданынан. Үлкен 
əкесі Фəн даузы – Ляң əулетіндегі Юежоуға дуанбасы, əкесі Фəн ру Ху 
Жиңның бүлігі кезінде (Солтүстік) Чи əулеті жағына өтіп, Рынжоуға 
дуанбасы болған [...]


 104
105
(Да-йеның) 11 жылы (615) патшамен (Яңдимен) Фыняң сарайына 
барды. Янмынға келгенде патшаны түріктер қоршауға алды. Оларға 
қарсы жасалған сан реткі қимыл сəтсіз аяқталды. Осылайша патша 
сайлауыт атты əскермен қоршауды бұзып шықпақшы болды. Зыгəй 
былай деп насихат айтты: «Тақсыр, сіз қарайған қауымның иесісіз. 
Ондай жеңілтектік істеуге бола ма? Алда-жалда оқыс жағдай болса, 
бұл орны толмас өкініш қой. Онан да жаудың тегеурінді күшін тежеп, 
жетіттердің келуін тосқан жөн шығар. Жауға патша басыңызбен өзіңіз 
шабатындай не күн туды?» Сонан ол көз жасын төгіп тұрып тағы да 
былай деді: «Тақсыр, уақытша болса да Ляудұң соғысын тоқтатып, 
ел-жұртыңыздың алғысына бөленіңіз, еліңізді аралап əлеуметтің 
көңілін аулаңыз. Нəпақаны молайтыңыз, қарашаңыз уайымнан 
арылып, аз күнге болса да есін жисын». Патша оның ұсынысын қа-
былдады. Соңынан жетіттер келіп қалды да, лулар зытып берді. Аға 
жандар Су Уей сыйлық тым көп, оны қайта қарау қажет деген уəжді 
айтқанда, Зыгəй айтқан сөзде тұруды көп дəріптеді. Патша онан 
«Жақсы аттанғың келе ме?» – деп сұрады. Зыгəй жауап беруге жүрегі 
дауаламай үнсіз қалды. Сонан ол патшаға ілесіп Шығыс астанаға 
келді. Сол тұста Жяңжюн аймағынан шыққан Жиң Пəнто, Чəй Баучаң 
бастаған қарақшылар өз алдына сан түмен жасақ ұстап Фыняң, Жиняң 
өңіріндегі ел-жұртты қатты күйзелтті. Патша Зыгəйға соларды аластау 
туралы жарлық шығарды. Қалың қауым алдында Зыгəй кімнің дос, 
кімнің жау екенін айыра алмай, Фыншұй өзенінің солтүстігіндегі 
қыстақ біткенді бірін қоймай өртеді. Осылайша үріккен бейкүнə жұрт 
қарақшыларды сағалады. Олар берілгендерді кəрі демей, жас демей 
түгел тірідей жерге көмді. Бірнеше жыл соғысып қарақшыларды 
сан түмен əскермен жоя алмаған соң, оны астанаға қайтарып əкетті. 
Ол яңнан шыққан бүлікшілерге де қарсы жорық жасады. Арада 
науқастанып қалды да, бұл ісінен нəтиже шығара алмады. Сонан 
астанадағы тұрағында 72 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. 
Патша оның қайғысына көп қайғырды жəне сарай жанауылы Пей 
Жюйдан: «Зыгəй көз жұмар шағында не айтты?» – деп сұрады. Пей 
Жюй: «Зыгəй ауруы əбден меңдеткен кезде патшаның Янмында 
қоршауда қалғанына əлі арланамын», – деді деп жауап берді. Патша 
бұл сөзді естігенде ауыр күрсінді. Барша ұлыққа оның қазасына аза 
тұтуды бұйырды. Азасына сарай атынан 300 топ торқа, 500 ху күріш 
атады. Мəртебесін ордагер санаттас үштік деп таныды. Марқұм 
болғаннан кейінгі аты «Жиң» (арай) болып бекітілді. Жерлеу салтына 
10 мыңнан астам адам қатысты.
ЯҢ ИЧЫН
Ян Ичын Дəй ауданынан. Асылындағы науғысы – Юйчы. Əкесі – 
Юйчы Чұң (Солтүстік) Жоу дəуірінде санаттас тайсеңүн боп, əскері-
мен Хыңшəн тауын ұстап тұрды. Бұл кезде Гаузу Диңжоуға төбенай 
еді. Юйчы Чұң Гаузудың бітімін ұнатып, онымен жиі барыс-келіс 
жасады. Гаузу оны өзіне жақын тартты. Гаузу бас уəзір болғанда, 
Уей Жюң бүлік шығарды. Юйчы Чұң онымен аталас болғандықтан, 
өзін абақтыға жапқызып, сарайға адам жіберіп қылмысына кешірім 
сұрады. Гаузу оған хал сұрап хат жазды. Оны жам көліктерімен сарайға 
алдырып, үнемі өз жанында ұстады. Кəйхуаңның алғашқы жылында 
Юйчы Чұңға Чиншиң кіші сұлтаны деген лауазым лайықталды. Арада 
жылдан астам уақыт өткенде ол жорық төбенайы Даши Жаңрудың 
қолағалығында Жоупəнға барып түріктерге шабуылдап, шайқаста 
қазаға ұшырады. Сонан ол сарай тарапынан тайсеңүн, Юйжоуға 
дуанбасы болып танылды да, Ичын əке лауазымына мұрагерлік етті. 
Бұл кезде Ичын сарай бағымындағы бала еді. Кəмелет жасына 
келмей жатып бірнеше жыл қылышкер тоқсауыл болып, көптеуіл 
деген міндет атқарды. Шахналық сыйлықты да көп алды. Патша 
жай əңгіме арасында ескі достарын еске алғанда Ичынға қарап ұзақ 
күрсінетін. Сондықтан ол мынадай жарлық шығарды: «Жаратушының 
қалауымен тақ басына алғаш келгенімде қарақшы тобырлар əлі толық 
тыныштандырылмаған еді. Аймадет ардагерлерді ұмыта алмаймын. 
Уей Ичын мен Уей Жюң асылында туыс қой. Уей Жюң Йечыңда бүлік 
шығарғанда мұның əкесі (Юйчы) Чұң Чаңшəнда қосынға қолбасы 
болып тұрған. Ол Уей Жюңмен көрші десе – көрші, туыс десе туыс 
еді. Сəттілік пен кереғарлықтың жөніне жетік, тағдыр мен адамның 
қалауын жыға танитын болғандықтан, ол өзінің адал жүрегін паш етті. 
Қарақшылармен байланысты болып қалуына алаңдап, өзін-өзі тұтқын 
етіп уəзіриятқа апаруды сұранды. Солтүстіктегі рейлер шапқыншылық 
жасағанда жауға қарсы шауып, əділдік үшін басын бəйгеге тігіп, қан 
майданда қаза тапты. Оның адамгершілігі өлім мен өмір тартысында 
сыналды, оның ерлігі тірілерді де, əруақтарды да ризалады. Оған 
қандай биік мəртебе, мол сыйлық берілсе де, оның лауазымы ұрпағынан 
ұрпағына мирас болуына жағдай жасалса да, бұлар оның қарағайдай 
қайсарлығын əспеттеуге, əулетімізге деген адалдығын марапаттауға 
татымас еді. Ичынның əулет есімі былайғы жерде Яң болсын, оған үш 
түмен тізбек жармақ, 30 ху арақ, 100 худан күріш жəне бидай сыйлық 
берілсін. Оның өзі Яң əулетінің шежіресіне енгізіліп, патша – менің 
тумалас немерем болсын». Көп ұзамай ол Шянжоуға дуанбасы болып 
тағайындалды. Ичын өз ісіне ұқыпты, əулетке адал еді, ат үстінде 
шауып келе жатып нысанаға дəл тигізетін мерген еді, қолағалыққа 
жарарлық дарыны бар еді. Сондықтан ол патшаға қадірлі болды. 
Осыдан кейін Түрік Тарду шекара бекіністеріне шапқыншылық жасады. 
Ичын жорық төбенайы санатында аттылы-жаяулы үш түмен əскермен 
Ақбелдеуден аттанып, қарақшылардың тобына кезікті. Шайқаста 
түріктер ойсырай жеңілді. Екінші жылы түріктер шекарамызға тағы да 
шабуыл жасады. Янмын, Ма-и өңірлері қатты шабылды. Ичын оларға 
қарсы аттанды, лулар Қорған сыртына қашты. Ичын оларды қуып, 


 106
107
Дажин тауына барғанда олармен бетпе-бет келді. Бұл тұста Тəйпиң 
сұлтаны Шы Уəнсүйдың қосыны да келіп үлгерді. Ичын мен Уəнсүй 
тізе қоса қимылдап луларды ойсырата жеңді. Шы Уəнсүй Яң Судың 
қастандығымен өлтіріліп, Ичынның ерлігі де соған байланысты есепке 
алынбады. Риншоудың алғашқы жылы (601) Ичын Шожоуға төбенай 
болып тағайындалып, сыйлыққа шахналық сауыт-сайман берілді...
ПЕЙ ЖЮЙ
Пей Жюй, жанама аты – Хұңда. Сарыөзеннің шығыс алабындағы 
Уынши ауданынан. Ұлы əкесі – Пей Та Уей патшалығында əділет 
санаты болған. Əкесі Пей нажы Солтүстік Чи патшалығы мұрагер 
патшазадасына жанайдар болған. Пей Жюй жөргегінде жетім қалды. 
Ол талапты, жазып-сызуға құмар болып өсті. Алғыр да ақылды еді. 
Əкесінің ағасы Пей Раңжы оған: «Ерекше зейінділігіңе бақсам, түбі 
адам боласың-ау деймін. Бірақ жұрт сұрайтын ұлық болуың үшін 
дүние істері жайынан білім алуың қажет», – деді. Сонан Пей Жюй 
сол кездегі ауқымды істерге назар аудара бастады. (Солтүстік) Чи 
патшалығының Бейпиң ханы Гау жын Сыжоуға дуанбасы болғанда 
Пей Жюйды жасақ мекемесіне шабарлыққа шақырды. Сонан кейін 
Гаупиң ханына тəлімгер болып жұмыс атқарды. Пей Жюй сол 
орнынан (Солтүстік) Чи патшалығы жойылғанша ауыспады. Гаузу 
Диңжоу дуанына төбенай болып тағайындалғанда Пей Жюйға хатшы 
бек деген міндет берді əрі жақын тартып өте құрмет көрсетті. Ол 
шешесі қайтыс болғанда бұл жұмыстан қол үзіп қалды. 
Гаузу уəзір бола, уəзірліктің хатшылық жұмысына қатыстыру үшін 
оны шақыртып кісі шаптырды. Гаузу патша болып тақ басына келгенде, 
ол сарапкер болып өсті де, жанайдарлардың маңызды-маңызды жұ-
мыстарын басқарды. Чын əулетіне қарсы аттанғанда бас сардарға 
хатшы бек болды. Дəн-яң қаласы алынғанда Жин ханы Яң Гуаң Пей 
Жюйға Чын əулетінің карталары мен деректемелерін жиғызды. Соның 
келесі жылында патша оны Лиңнəн бұлығына əкім етіп тағайындады. 
Ол жолға шығып үлгермей Гау Жыхүй, Уаң Уынжиндердің бүлігі 
бұрқ етті. У, Юе өңірлерінде жол жабылып қалды. Патшаның Пей 
Жюйды аттандыруы қиын еді. Пей Жюй кідірмей жүрейін деген 
тілегін білдірді. Патша рұқсатын берді. Нəнкаңға барғанда мұның 
тобына бірнеше мың əскер қосылды. Сол тұста Лилердің қолағасы 
Уаң Жұңшюан Гуаңжоуға қауіп төндірген үстіне, аламан сардар Жоу 
Шыжюйды Дұңхыңжоуды қоршауға жіберіп еді. Пей Жюй тайсеңүн 
Лу Юанмен тізе қоса отырып оларға тап берді. Қарақшылар бір-біріне 
жəрдем жасау үшін көп жерді қашалап Даюйлиңге бекінген еді. Пей 
Жюй жаудың шебін тас-талқан етті. Зəресі ұшқан жау Дұңхыңжоуды 
тастап, Юанчаңлиңге барып паналады. Пей Жюй Юанчаңлиңдегі 
жауларды да талқандап, Жоу Шыжюйды жер жастандырды. Іле-
шала Оңтүстік теңіз тараптан əскер төгіп, Гуаңжоуға жəрдем берді. 
Күйрей жеңілген Уаң Жұңшюан жанын қоярға жер таппай тайып 
тұрды. Пей Жюйдың қарауындағы бұлықта 20 шақты дуан бар еді. 
Сүй патшалығының түзімі бойынша мансап беріліп, ағамандарынан 
дуанбасы мен əкімдер тағайындалды. Бұл істерден патшаға мəлімет 
жасалды. Дəн риза болған патша хал сұрау үшін оны сарайға 
шақыртты. Патша Гау Жюң, Яң Суларға: «Уей Гуаң 20 мың əскермен 
Юйлиңнен күн ілгері аса алмай, оның əскері аздық етер деп көп 
алаңдап едім. Пей Жюй онан-мұнан жиылған үш мыңдай əскермен 
Нəнкаңға дейін ұрыс салып барды. Осындай қызметкерім тұрғанда, 
мен неден қамығамын!» – деді. Пей Жюй соғыста сіңірген еңбегі 
үшін ордагер болып тағайындалды жəне Уыншидың кіші сұлтаны 
деген лауазым, 2000 топ торғын-торқа сыйлық алды. Кейінірек Санақ 
бөліміне жанауыл болып жұмыс істеп атқарды. Одан кейін көп ұзамай 
ішкі баған жанауылы болып ауысты.
Бұл кезде түріктер мықтап күшейген еді. Толұм қағанның жұбайы 
Көшелі ханша (Солтүстік Жоу əулетінен) Юйуын Жаудың қызы еді. 
Ол шекара бекіністеріне жасалған көп реткі шапқыншылыққа себепші 
болды. Кейінірек Көшелі ханшаның өзінің бір хумен көңілдес екені 
байқалып, мұны Жаңсүн Шың бірінші болып əшкереледі. Пей Жюй 
Юйуын ханшаны жазалау мақсатында Толұмға елші болып баруға 
тіленді. Патша оның өтінішін қабыл алды. Ол айтқанына жетіп ханшаны 
өлтірді. Осыдан кейін Толұм қаған мен Төле қаған сөз біріктіріп 
көтеріліс жасады да, шекара бекінісіне сан мəрте шапқыншылық 
жасады. Патша Тəйпиң сұлтаны Уəнсүйды жорық төбенайы етіп 
тағайындап, оны Диңшяңнан аттануға жарлық шығарды. Пей Жюйды 
жорық зұрғаны етіп тағайындап, оған қорғанның сыртында Тарду 
қағанды талқандауды бұйырды. Шы Уəнсүй (сарайда) өлтірілді. 
Пей Жюйдың ерліктері де естелікке алынбады. Патша Пей Жюйды 
бағынғанына ұзақ болмаған Қымын қағанның көңілін орнықтыруға 
жіберді. Астанаға қайтып оралғаннан кейін Пей Жюй санаттың сол 
шобаны болып тағайындалды. Сол жылы патшайым Уыншян дүние 
салды да, жөрелгі мүшір патшалық жосықты білмегендіктен, Пей Жюй 
мен Ню Хұң «Чи əулетінің салттары» деген кітапты пайдалана отырып, 
жерлеу рəсімдерін дайындады. Кейінірек лауазым бөлімінің жанауылы 
болып ауысты да, міндетіне лайықты жұмыстар тындырды.
Яңди патшалық құрғанда Лояңды Шығыс астана етіп, сарайды 
сəулеттендіру жұмысын Пей Жюйға тапсырды. Ол бұл міндетті 90 
күнде орындап шықты. Сол кезде Батыс өңірдегі əрменелердің дені 
Жаң-йеға керуен жіберіп, Кіндік қағанатпен сауда жасаушы еді. 
Патша Пей Жюйға сол жердегі істерге бас-көз болу туралы жарлық 
шығарды. Пей Жюй патшаның алыс аймақтармен арадағы қарым-
қатынасты нығайтқысы келетін ойын жақсы білетіндіктен, Жаң-йеға 
келген керуенші хуларға амалдап өз елдерінің тұрмыс-салтын, жер-
су жағдайын айтқызу арқылы «Батыс өңірдің суретті естелігі» деген 


 108
109
үш бумалы кітап жазып, оны кейінірек сарайға тапсырды. Оның алғы 
сөзінде былай делінеді:
«Естуімше, Юй тоғыз дуанның суларын тізгіндегенде Сарыөзеннен 
алған жарманы (каналды) Жишыдан асыра алмапты. Алты елді өзіне 
қосып алған құдіретті Чин патшалығы да қорғаныс тоспасын Линтауға 
дейін ғана жеткізіпті. Ал Батыс өңірдегі əрмене хулар 40 темірдің 
қылауы əрі қиян-шетке қоныстанған халық болғандықтан, оларға 
салттық үлгілер оңай жетпейді. Заң-жарлықтар мен мағрипат өнегелері 
де там-тұмдап қана таралады. Хəн əулеті көркейіп, Сарыөзеннің 
батысындағы аймақтар ашылғаннан кейін ғана оларға атақ берілді. 
Алғашқы 36 ел кейін келе ыдырап 55 хандық болды, оларды билеуге 
қолайлы болу үшін аламанбасы жəне басқақ тағайындалды. Бірақ бұл 
хулар бірде бағынса, бірде бүлік шығарып арада талай соғыс дүмпіді. 
Соңғы Хəн заманына келгенде бұл мансаптар біртіндеп жойылды. Дад-
уаннан бергі елдердің түтін санын шамалап білгенімізбен, əр елдің 
жер-су аймағының аталымы жоқ. Науғы-илат, тұрмыс-салт, киім-салым 
жəне түрлі байлықтары жөнінде мүлде дерек-естелік жоқ. Оның үстіне 
əулеттер аумасқан, дəуір озып алыстаған ықылым сəтіндегі жазалау 
жəне қосып алу жорықтарына байланысты олардың кейі көркейді, кейі 
жойылды. Кей жерлерде ежелгі халық қазіргіше ат алды, кей кісілер 
асылындағы руға тəн болмаса да, бұрынғы кездегі атқа мұрагер болып 
қалды. Сонымен қатар ұлыстық қауымдар аралас қоныстана келе 
шекараларында да өзгеріс болды. Нұмдардың, тиектердің тілі басқа-
басқа болғандықтан, жағдайды толық анықтаудың өзі де шынында 
қиын еді. Ұдұнның солтүстігінен Көгарттың шығысындағы жерлерде 
бұрынғы əулеттердің жылнамаларындағы анықтамаларда 30 неше ел 
болды делінсе, кейінірек жойыла-жойыла олардан ондай ел ғана елдігін 
сақтады. Басқаларының қиранды жұрты ғана қалғандықтан, оларды 
естелікке алудың шарасы табылмады.
Патша көктің қалауы бойынша күллі ғаламның асыраушысы ре-
тінде хəндіктер мен Төрт рейді бір-бірінен оқшауландырмай, төрт 
теңіздің арасындағы ел-жұртты түгел тəрбиелеп санатқа қосты. Жел 
жүйрік жеткен, күн жарығы нұрландырған өңірлердегі ұлыстар жер 
мойны қаншалық қашық болса да сарайға көпшір төлеп, таралғы 
тартуға елші жібермегені жоқ. Мен оларды қабылдадым, шекара 
бекіністердегі сауда жағдайын бақылап ұғыстым, дестір жəне жазба 
баяндар қарастырып, хулармен сұхбаттастым. Күмəнді істерге кезік-
кенде əр түрлі пікірдегі адамдардың пікірлеріне құлақ қойдым. 
Олардың киім-салым, əлпеті бойынша хан-қарашаларына дейін 
түр-түрпетін, іс-қимылын кес кіндемелік жолмен өрнектеп, «Батыс 
өңірдің суретті естелігін» үш бумаға бөліп жаздым. Онда 40 төрт 
ел естелікке алынған. Мұның сыртында карта сызып, маңызды-
маңызды айрықша көрсеттім. Онда Шичиңның қиырынан Солтүстік 
теңіздің оңтүстігіне дейінгі көлденеңі мен ұзыны 20 мың ли келетін 
иен өңір қамтылды. Бұл өңір, межелеуімше, ежелден керуенші ірі 
саудагерлердің көп шиырлаған жері. Сондықтан əр елдің жағдайының 
олардан қағыс қалғаны жоқ. Дегенмен кей иен, кереғар өңірлердің 
жағдайын асығыс жүргендер бірден игере алмайды. Соның үшін 
ойдан қиыстырғаннан гөрі осындай айтпай кеткенді жөн деп білдік. 
Ал екі Хəн əулеті тұсында Батыс өңір бекет болды да, іркес-тіркес 
мемлекеттер құрылып, ондаған түтіннің өзі ел делінді. Олардың 
аты болғанымен, атына заты сай емес еді. Қазір түтін санағына 1000 
шақты отбасы кіріп отыр. Олар батыс теңізге мүдделі, жерінен құнды 
ғажайып заттар өндіріледі. Ал тау сағалаған халықтардың елінің аты 
жоқ. Ұсақ ұлыстарға келсек, олардың дені естелікке алынбады. 
Дахатадан шыққанда батыс теңізге апаратын үш жол бар. Əр жолдың 
өз жүлгесі сайрап жатыр. Солтүстіктегі жол И-уды, Барыскөлдегі 
телек ұлыстарын, Түрік қаған жерлерін басып, Сырдария арқылы 
Пұрұмға, онан Батыс теңізге апарады. Орта жол Гаучаң, Агни, Күсəн, 
Шəліктерді басып, Көгарт асуынан асып, онан Перғана, Шутршна 
(Ұратөбе), Каң елі, Кебұт, Қай, Кіші Бұхара, Мургаш елдері арқылы 
Парсыға, онан Батыс теңізге апарады. Оңтүстік жол Пышамшан, Ұдұн, 
Чұғұпан, Каванталарды басып, онан Көгарттан асып, Уақан, Тохар, 
Абдал, Бамиян, Газни (Ягуда) арқылы Теріскей Брахманға, ең соңында 
Батыс теңізге апарады. Жоғарыда айтылған үш жолдың бойындағы 
елдердің əрқайсысы өзді-өзіні жолымен оңтүстік-солтүстік болып бір-
бірімен қарым-қатынас жасайды. Шығыс Қыз елі, Күнгей Брахман 
елдері барар жеріне сол бағытпен жүріп отырса, бəрі де өз бетімен 
бара алады. Мұнан И-у Гаучаң, Пышамшандардың – Батыс өңірдің 
қақпасы екенін, тоғыз жолдың торамы Дахата бүкіл Батыс өңірдің 
көмейі есепті екенін аңғарамыз.
Патшалығымыздың құдіреті мен шарапаты, қолағалар мен лəш-
керлеріміздің ерен ерлігі арқасында Мыңсы кешуінен өту, алмауыт 
-
пен Құрымнан асу оп-оңай іске айналды. Сонда біз ала алмайтын, бара 
алмайтын жер болсын ба! Түріктер мен тұйғұндар бірі – қияндарды, бірі 
хуларды билеп, солар ғана бізге кедергі болуда. Əрменелер жөнелткен 
таралғылар сарайға жетпей жатыр. Ал қазір Батыс өңір дің саудагерлері 
тартуларын құпия жеткізіп, сарайға бағынышты бодан ретінде өтеу 
ниеттерін білдіріп келеді. Патшамыздың мейір-шапағаты күллі адам-
затқа жетіп, бүкіл жер жүзін рақымына бөлеуде. Біз иландыра біліп, 
біраз нəпақа жеткізсек, олар сөзсіз бағынады да, тыныштық орнайды. 
Сондықтан мен патша құзырынан соғысуды емес, елші жіберуді 
өтінер едім.Тек əрменелеріміз ырқымызда болса, тұйғұндар мен 
түріктерді жоюымызға əбден болады. Мен патшалығымыздың нұмдар 
мен бүкіл Хуашяны бірлікке келтіретін сəт сағаты жетті деп білем! 
Егер естелікке ешбір жағдай патшамыз атынан жазылмаса, онда оның 
айбынды ақылияты мұратына қалай жетпек».
Бұл датнаманы оқыған Яңди патша қатты қуанып, Пей Жюйға 500 
топ торғын кездемені сыйлықа берді. Əр күні Пей Жюйды құзырына 
шақырып, Батыс өңірдің ахуалын сұрап ұғысты. Пей Жюй əрмене 


 110
111
хулардың асыл кенішке кенендігін марапаттай келе, тұйғұндарды 
өзімізге оп-оңай қосып аламыз деп мəлімет жасады. Яңди патша 
бұған мəз болып, Батыс өңірмен қарым-қатынас жасау, Төрт рейді 
бірлікке келтіру ісін түгелімен соған тапсырды.
Санақ бөлім жанауылы болып жұмыс бастағанша, ол тағы сарай 
жанауылы болып ауысты. Патша батыстағы əрменелердің сарайға 
қол тапсыру ісін ұйымдастыру үшін Пей Жюйға Жаң-йеде тұруға 
жарлық шығарды. Ол барған соң 10 шақты елдің адамы сарайға
келді, (Яңди заманы) да-йеның 3 жылы (607) патша Хыңюе деген 
жерге тасаттық беруге барғанда, бұлар да келіп құрбандық шалысты. 
Патша Сарыөзеннің Батыс өңірін өз көзімен тексерерде Пей Жюйға 
Дахатаға алдын ала бару жөнінде жарлық шығарды. Пей Жюй Гаучаң 
ханы Чюй Бо-я мен И-удың тұдыншадтарына мол сыйлықпен елші 
жіберіп, олар ды сарайға қол тапсыруға насихаттады. Патша батыстағы 
аймақтарды көруге барып Еншітауға шатыр тіккенде Гаучаң ханы, И-у 
шады жəне батыстағы əрменелерден 20 жеті елдің билеушісі жолдың 
сол жағына келіп арнайы амандасты. Патша оларға асыл бұйымдарын 
тағынып, үлде мен бүлдеге оранып, Шяң тұтатып музыка ойнауды, 
əн-би думанына қатысуды бұйырды. Сондай-ақ У-уей, Жаң-йе 
аймағындағы дегдарларға наз бикелерімен сəнді киініп салтанатқа 
қатысуға жарлық шығарды. Нəтижесінде тамашаға келушілердің 
керуені 10 шақты ли жерге созылып, Кіндік қағанаттың салтанаты 
ереуіл етілді. Патша халықтың сəн-сəулетін көріп айрықша қуанды. 
Ақырында тұйғұндар талқандалды да, ел іргесі мыңдаған лиге 
кеңейді, оны қорғауға қосын тұрғызылып, жыл сайын миллиондаған 
зат-бұйым жеткізіліп жатты. Бой баққан əрмене елдерден де көпшір 
тапсырушылар үзбей келіп тұрды. Патша Пей Жюйды бұратана 
халықты бағындыруға амалы көп деп, күміс таңба шашақты санаткер 
абыз етіп көрсетті. Сол жылы қыста патша Шығыс астанаға көшті. 
Пей Жюй сарайға күнгейдегі бұратаналар мен рейлердің сарайға 
таралғы-көпшір ұсынуына лайықтау есебімен патшаға сарай алдында 
жəрмеңке базар ашу, əлемдегі ғажайып өнер үлгілерін сарайдың қақпа 
алдындағы көшесіне тізу жайында ұсыныс берді. Сол тұста үлде 
мен бүлдеге оранып, алтынмен апталып, күміспен күптелгендердің 
ұзын саны 100 мыңнан асты. Барша шенділер мен бұқара халыққа 
мінбеде қатар отырып тамашалауға жарлық берілді. Ел-жұрт тегіс 
ашық түсті бір киер киімдерін киді. Күрік жалпы айдан аса уақытта 
аяқтады. Үш қала бойынша дүкендер перде ұстап, ас-шараптың 
əр түрін əзірлеп қойсын, əрмене елдер ісіне жауапты ұлықтар 
күнгейдегі бұратаналар мен рейлерден келген саудагерлерді бастап 
хəндіктермен сауда жасатсын, əрмене жұрттың адамы барған жерлер 
мол дастарқан жайып, қонақуарлық рай көрсетіп, мейлінше ішіп-
жегізсін деген жарлық шықты. Сонан əлгі күнгейлік бұратаналар мен 
рейлер Кіндік қағанат нағыз əулиелердің елі екен деп алқады. Пей 
Жюйдың адалдығына тəнті болған патша Юйуын Шу мен Ню Хұңға 
бұрылып: «Пей Жюй көңілімдегіні табады. Оның датнамасындағы 
айтылған іс көбіне менің енді істейін деген ісім болып шығады
оны жариялағанымша Пей Жюй айтып үлгереді. Еліме бүкіл ынта-
пейілімен қызмет етейін деген ниеті болмаса, ол қайтіп осылай істей 
алады?» – деді. 
Патша И-уда қамал салуға Шюе Шышюң сеңүнді жібергенде, Пей 
Жюйға онымен бірге барып тəртіптеу жұмысын істеуді бұйырды. Пей 
Жюй Батыс өңірдегі елдерге: «Көктің ұлы əрмене халықтың сауда 
жүргізуіне жер мойны тым қашық деп, осы И-удан қамал салғызып
жатыр» деп насихат айтты. Сонан бұл жөн іс екен деп, олар бұларды 
екіншілей мазаламады. Ол қайтып оралғанда 400 мың шақа берілді. 
Пей Жюй датнама жолдап араға іріткі салу жолымен Шағырды Чориға
құпия қайрап салу ұсынысын көтерді. Бұл іс «Батыс түрік баянында» 
айтылды. Кейінірек Чори Шағырдың мəжбүрлеуімен сарайға қол 
тапсыруға елшісін жіберді. Төтенше қуанған патша Пей Жюйға сусар 
ішік жəне Батыс өңірден əкелінген біраз асыл бұйымдарды сыйлыққа 
берді.
Патша Ұлы Қорғанның солтүстігін көзбен көргенде Пей Жюй ере 
келді. Патша Қымын қағанның шатырына түсті. Осы кезде түріктермен 
тіл табысу мақсатында корейлер оларға алдымен елші жіберді. Қымын 
бұл істі жасырып қалуға батпай, оны патшаға алып келді. Сол 
байланыспен Пей Жюй былай деп кеңес айтты: «Корей – асылында 
Гужу елі, Жоу əулеті тұсында ол Чизыға иелік ретінде берілді. Хəн 
əулеті кезінде үш аймаққа бөлінді. Жин əулеті заманында Ляудұңға 
бірікті. Қазір сырт тартып, боданбыз деген сөзді айтпайтын болды. 
Соның үшін марқұм болған патшамыз бұларға өшігіп, едəуір уақыт 
жазалау жорығын жасады. Бірақ Яң Ляңның босаңдығынан жорықтар 
нəтижесіз аяқтады. Тақсыр, осындай орайлы сəтте ұлағатты істі орын-
дамай, өркениеттің ырысты өлкесін жабайылардың билеуіне неге 
тастап береміз? Ал қазір Корейдің елшісі түріктерге қол тапсырып 
Қымынға амандаса келіпті. Бұлардың бүкіл ел-жұртымен бағын 
болып отырғанын көріп отырғанда корейлер патшалығымыздың 
құдіретінен қалайда жасқанады да, кейін бағынғандардың алдымен 
жойылатындығын ойлайтын болады. Егер оларды сарайға қол тап-
сыруға зорлап көндіре алсақ, онда мақсатымызға жеткен боламыз». 
Сонда: «Не істейміз?» – деп сұрайды патша. Пей Жюй: «Олардың 
елшісімен сөйлесуді маған тапсырыңыз. Оларды босатып еліне жібе-
рейік, олар патшаларына сарайға қол тапсыруға шапшаң келсін деген 
жарлығыңызды жеткіз сін. Олар көнбей жатса, түріктермен барып 
олардың шаңырағын өзім-ақ ортасына түсіремін», – деді. Патша 
бұл ұсынысты қабылдады. Кейінірек Гауюан жарлыққа аспаған соң, 
сонда ғана Ляудұңға жорық жасау жоспары қарастырылды. Қосын 
Ляудұңға барғанда, (Пей Жюй) өзінің бұрынғы мансабымен бірге 
жарақты нөкер сардар міндетін атқарды. Келесі жылы ол қосынмен 
бірге Ляудұңға тағы барды. Содан кейін Жасақ бөлім жанауылы Ху 


 112
113
Сыжың Корейге қашып кетті де, патша Пей Жюйды қосымша жасақ 
ісін басқаруға жауаптандырды. Ілгерінді-кейінді Ляудұңдағы бірнеше 
реткі шай қасқа қатысқандықтан, ол оң қол санаткер абыз болып 
көтерілді. Ол кезде сарай тəртібі босаң болды да, ұлықтар қиянатқа
көбірек баратын еді. Бекзада тоқсауыл сол жанақ тайсеңүн Юйуын 
Шу, ішкі баған жанауылы Юй Шыжи ерекше тəртіп бұзды. Сарай
ұлықтарының дені пара алумен аты шулы болып жатты. Сондай 
жағдайда Пей Жюй ғана пəктікті сақтап, жаман аты шықпағандықтан, 
оны жұрт дұрыс бағалады.
Пей Жюй Жожюн аймағына қайтып оралғанда Яң Шюангəн 
бүлігін енді ғана тыныштандырған патша оған Луңның батысындағы 
аймақтарды орнықтыруды бұйырды. Осылайша ол Хүйниңге барып, 
Қарсана ұлысынан хал сұрап, Күл Тарду шадты тұйғұндарды шабуға 
қайрап салды.Олардың мал-жанын олжалай-олжалай бұл ұлыс бірте-
бірте байыды. Пей Жюй қайтып келіп сарайға бұл жайды хабарлады. 
Патша оны барыншы марапаттады. Соңынан Пей Жюй қосынмен 
бірге Хуайюан бекінісіне барды. Патша оны солтүстіктегі əрменелер 
жасағын жамғаруды бұйырды. Шібір қағанның ұлысының күн санап 
күшейіп келе жатқанын байқаған Пей Жюй олардың күшін ыдырату 
үшін Шібірдің інісі Шегір шадқа шахналық жамағаттан бір қыз жəне 
Күнгей қаған деген атақ беруді патшаға ұсыныс етті. Шегір шад 
оны қабылдауға батылдығы жетпеді. Бұдан хабардар болған Шібір 
(патшалыққа) біртіндеп жауыға бастады. Пей Жюй патшаға тағы 
да былай деді: «Түріктер – ақымақ халық, олардың арасына іріткі 
салу оп-оңай. Тек олардың арасында хулардың залым бір тобы бар. 
Түріктер қулық-сұмдықты солардан үйреніп жүр. Естуімше, бүкіл 
арамзалықты ойлап табатын Шыжуғасет дейтін біреу бар екен. 
Шібір оны жанындай жақсы көретін. Рұқсат берсеңіз, мен соны 
шырғалап өлтірер едім». Патша «Рауа!» – деді. Осылайша Пей Жюй 
Шыжуғасетке хабаршы жіберіп: «Көктің ұлы Ма-и базарына өте 
көп асыл бұйым салып, əрмене жұрттың айырбас саудасына жағдай 
жасамақ. Неғұрлым бұрын келгендер оның таңдаулыларын ала 
алады», – деп сəлем айтты. Пайдаға бой ұрған Шыжуғасет бұл сөзге 
сенді де, Шібірге айтпай, өз ұлысының адамдарын бастап, сауданың 
бірінші кезегіне ілінуі үшін сататын малдарын айдап түн қатып жүріп 
кетті. Ма-иға тосқауыл қойған Пей Жюй сол арада оны шырғамен 
өлтірді. Шібірге мынадай жарлық жолдады: «Шыжуғасет қағаннан 
іргемді бөлдім, мені қабылдаңыздар деп өз ұлысының мал-жанын 
алып маған келген екен. Түріктер менің боданым екен, ін ішінен 
ін қазуға жол бермеймін, бұл істі сəйкесе отырып шешерміз. Қазір 
оның көзі жойылды. Соның үшін бұл істі кісі шаптырып арнаулы 
мəлімдеп отырмын». Бұл жағдайлардан хабар алған Шібір сарайға 
елші жіберуін тоқтатты. 
(Сүй Яңди заманы) да-йеның 11 жылы (615) патша аң аулап 
солтүстік аймақтарға барғанда Шібір 100 мың атты əскермен Янмында 
патшаны қоршауға алды. Патша мəслихат алып тұру үшін Пей Жюй 
мен Юй Шыжиға əр күні сарайда қонуды бұйырды. Янмындағы 
қоршау босағаннан кейін Пей Жюй патшамен бірге Шығыс астанаға 
қайтты. Шағыр қағанның немере інісінің бастауындағы батыстағы 
əрмене хулардың елшілігі сарайға тарту-таралғы əкелді. Оларға 
қонақасы беру Пей Жюйге бұйырылды.
[...]
Юйуын Хуажидың бұлғағы кезінде Пей Жюй сарайға баруға ерте 
бет алып, көшенің қақпасына келгенде бірнеше көтерілісшілерге 
кезікті. Олар Пей Жюйды мінген атымен араларына салып отырып. 
Мың Жиңның тұрағына алып келді. Көтерілісшілер: «Бұл іске сарай 
жанауылы Пей Жюйдың қатысы жоқ», – деп шулады. Көп ұзамай 
Юйуын Хуажи 100 шақты адаммен осы араға келді. Пей Жюй оған 
тағзым етіп амандасты. Хуажи бұған оң лебіз білдірді əрі Пей Жюйға 
салт бойынша Чин ханының ұлы (Яң) Хауды патша көтеруді бұйырды. 
Сонан Пей Жюй аға жандар ретінде Хуажимен бірге Сарыөзеннің 
солтүстігіндегі аймақтарға барды. Хуажи бұйрықтан озып таққа 
отырғанда Пей Жюй санаттың оң қол атарманы əрі санаткер абыз 
болып тағайындалды, оған Цəй ел-сұлтаны, Хыбей бұлығының аға 
жебеуілі деген шен де берілді. 
Юйуын Хуажи жеңіліс тапқанда Пей Жюй Доу Жянды тарапынан 
тұтқындалды. Бірақ Пей Жюй Сүй əулетінің көне көз мүшірінің бірі 
болғандықтан, оған үлкен қамқорлықпен мəміле жасады. Оны қайтадан 
Лауазым бөлімінің санаты етті. Іле-шала ұлықтарды саралау, дəрежелеу 
ісіне жауаптандырып, санаттың оң қол атарманы етіп ауыстырды. 
Доу Жянды қарақшыдан шыққан, жөн-жосықты білмейтін адам 
еді. Пей Жюй оған шахналық низам дайындап берді. Қазан айының 
ішінде ереже-түзім негізінен, дегдар патшаның заманындағыдай, төрт 
тұрманы түгел күйге келтірілді. Бұған Доу Жянды мейлінше риза 
болды. Ол маңызды істерде Пей Жюйдан кеңес алып отырды. Доу 
Жянды Сарыөзеннен өтіп, Мыңхəй сұлтанын жазалауға аттанғанда, 
Мижоуды қорғап тұру үшін Цау Дəндармен бірге Пей Жюй да қалды. 
Доу Жянды У-лау деген жерде ойсырай жеңіліп, қолағалар қай жаққа 
шығарын білмей дал болды. Осы кезде Цау Дəнның зұрғаны Ли 
Гұңян мен Ұлы Таң əулетінің жаушысы Уей Жыңдар Цау Дəн мен 
Чи Шəншиңге (Ұлы Таң əулетіне) бағыну туралы насихат айтты. 
Цау Дəндар олардың насихатын қабыл алды əрі Пей Жюй арқылы 
əулеттерден əулеттерге ауысып келе жатқан қас тасынан (нефриттен) 
ойылған таңбаны Уей Жың мен Ли Гұңяндарға тапсыртты. Осылайша 
Шяушəн тауының шығыс жағындағы жерлер түгелімен Ұлы Таң 
əулетіне қарады. Пей Жюйға сол атеке лауазымы берілді. Кейінірек 
бөкеуіл, Санақ бөлімінің санаты болып міндет атқарды.


 114
115


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет