«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет74/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

АЛЫП ЕР ТОҢҒАНЫ ЖОҚТАУ
«Алып Ер Тоңғаны жоқтау» – аты аңызға айналған тарихи тұлға, Тұран елінің 
билеушісі, сақтар əскерінің қолбасшысы, ержүрек батыр Алып Ер Тоңға өліміне 
байланысты шығарылған жоқтау жыр. Орта ғасырдағы аса көрнекті түркі ғалымы 
Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» атты атақты сөздігі арқылы жеткен. 
Түркі тіліндегі мəтіні М.Қашқари еңбегінде жарияланған. Бұл жоқтау «Алып Ер Тоңға» 
дастанының соңғы тарауы болуы мүмкін деген ғылыми жорамал бар.
«Алып Ер Тоңғаны жоқтау» атты ұзақ жырдың түпнұсқаға жақын, ғылыми 
жағынан да, көркемдік жағынан да ежелгі түркі поэзиясының табиғатына сəйкес 
келетін аудармасын белгілі қазақ ақыны Фариза Оңғарсынова жасады. Томда 
ақынның осы аудармасы оның өзі тəржімалаған М.Қашқаридің «Жаз бен қыстың 
айтысы» жинағында жарияланған мəтін бойынша беріліп отыр. Бұл аудармадан 
үзінді кейін «Түркі халықтары əдебиеті» хрестоматиясында (Түркістан, 2005) 
жарияланды (4–5-бб.).
«Алып Ер Тоңғаны жоқтау» мəтініне белгілі түркітанушы-ғалым И.В.Стеблева ның 
«Развитие тюркских поэтических форм в ХІ веке» монографиясында (М., 1971) жария-
ланған осы жырдың көне түркі тілінде жазылған түпнұсқа мəтінімен салыстырулар 
жүргізілді. Түпнұсқа Ф.Оңғарсынова аударған өлең мəтініне сəйкес келеді.
С. Қорабай
ТАҢҒҰТТАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖЫРЛАРЫ
«Таңғұттарға қарсы күрес жырлары» – түркі тайпаларының таңғұттарға қарсы 
күресін баяндауға арналған жыр. Тұтқиылдан тиген жауға тойтарыс бере білген 
түркілердің қарсы келген дұшпанға қарсы ұрыс салған ерлік істерін ежелгі заман 
жырауы ерекше шабытпен жырға қосып, мақтаныш сезіміне бөленеді, болашақта 
осындай қиын сəттер болған кезде туған жерін жан аямай қорғауға дайын екендігін 
білдіріп, елдікті, ерлікті ту етіп көтерді, күнəсін мойындаған дұшпанға аяушылық 
көрсетіп, имандылық танытады.
Бұл ұзақ жыр Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегінде жарияланған. 
Белгілі түркітанушы-ғалым И. В. Стеблева өзінің «Развитие тюркских поэтических 
форм в ХІ веке» атты монографиясында (1971) түпнұсқа мəтінін жариялап, орысша 
аудармасын берді. 1985 жылы көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова жырды түпнұсқадан 
қазақ тіліне аударып, М. Қашқаридің «Жаз бен қыстың айтысы» атты жинағында 
жариялады. Аударма барысында ежелгі жыр үлгілерінің ерекшеліктері сақталып, 
белгілі түркітанушы-ғалым Құлмат Өмірəлиевтің ақыл-кеңестері ескерілгенін 
айтады. 
Томда жыр мəтіні М.Қашқаридің осы басылымдағы жарияланымы бойынша 
беріліп отыр. 
С. Қорабай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет