234
235
күй және күйшілер туралы аңыздар
жайлаған апайтөс алқымында
Шәбденнің әйдіңгер асы беріліп,
оған қазақтың жеті уезінен игі жақсылар шақырылады. Ар-
қаның Ақтау дуанынан Сайдалы Сары Тоқа бастаған бір топ
адам келеді. Тоқа құр қол келмейді, Шәбденнің асының жөн-
жоралғысы деп елу меңсіз қара жылқы айдап келеді. Бұған қоса
әнші-күйшісін,
сұңғыла шежірешісін, жауырыны жер иіске мес
балуанын, үкілеген бәйге атын, қысқасы, тамақсау мешкейіне
дейін жанына ертеді. Содан Алатауды теңселткендей айтулы
ас беріледі. Аста Тоқаның Тайқасқа
деген аты аламан бәйге-
ден бірінші келіп, Бақа деген балуаны белдескенін жығып, өзі
қырғыз-қазақ домбырашыларын аузына қаратып, үш бірдей
жеңіске ие болады. Сол жеңістердің жүлдесі ретінде мың сом
ақша, үкілеп
кілем жабылған жеті арғымақ, жеті тайтұяқ ал-
тын Тоқаның алдына тартылады. Сонда Тоқа: «Бұл дүние мені
пейішке енгізер деймісің, салдым ошаққа, жеті уезд елінің басы
бүйтіп күнде
қосыла бермес, қылдай етіп бөліп беріңдер!»—
деген екен.
Содан, Шәбденнің асы тарқап, абыройы аспандаған Тоқа
серіктерімен елге қайтып келе жатқанда: «о, шіркін, біздің
Арқа елі осы кезде бой жазып, жайлауға шашырап қонып
жатыр-ау!»—деп, туған жеріне деген сағыныш сазындай бір
күйді ат үстінде шертеді. Тоқаның әйгілі «Саржайлауы» осы-
лай
шығып еді дейді, ел ішіндегі әңгіменің бір парасы. Бұл де-
рек бойынша, «Саржайлау» күйінің алғашқы тыңдаушылары
Жетісу жұрты болған.
Достарыңызбен бөлісу: