«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет195/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

346. «Аллам жар»
Аспантайда ұрпақ болмаған екен. Әулие-әмбиелердің ба сы-
на қонып, ел аралап, Алла Тағаладан нәресте тілейді. «ұрпақ-
сыз қаламын ба?» деп қатты қиналады. Бір күні Аспантай биік 
төбеге барып түнейді. Түсінде ақ киімді ақсақал: «Алла Тағала 
ниетіңізді қабыл етті, көп ұзамай нәрестелі боласыз, атағы жер 
тарапқа тарайды»,—дейді. Көп ұзамай дүниеге ұл бала келеді. 
Алладан тілеп алған баласына Тілеп деген есім беріледі. Бала 
жыламай, емшек ембей, денесінде құр жаны бар болып ерек-
ше туылады. «иә, Алла, тілеуімізді бердің, бірақ баламыз аш-
тан өледі ғой» деп зарлап отырған кезде, Марал ишан деген 
көріпкел-бақсы баласына дем салып: «Балаларың бұл өмірге 
әулие болып туылған, бесігінде Алланың жіберген көмекші лері 
жанашыр болады»,—дейді. 
ЫБЫРАЙ
347. «Делдал күйі» 
өткен ғасырда арғы бет керейдегі төрт тайжының бірі—
Жайырдың асы болып, асқа сауыр Сайқан, Қаба, Алтайдан, 
бұл жағы Еренқабырға, Боғдадан адам шақырылады. Аты жер 
жарған асқа игі жақсылар, өз елінің небір өнер иесі болған ән-
ші-күйшілерін, атан жілік арыс азаматтарын алып келеді. 
Біріне-бірі жалғанып айтылып жатқан ән, жығысып жат қан 
палуан, шертіліп жатқан күй ішінде жалпақ жұрттың жү рек 
пернесін басқан «Делдал» күйі болады. 
он саусағынан өнер тамған қарт ыбырай қолына дом-
бырасын алысымен өзінің күй орындау өнерінің ерекшелігін 


326
327
күй және күйшілер туралы аңыздар
танытып, бірінің артынан бірін шерте отырып, әлден уақытта 
белгісіз бір күйді мың түрлендіре жөнелгенде, көзінің жасы са-
лалы сақалынан сорғалайды. Бұған отырған елдің де сай сүйегі 
сырқырайды. Қарт бұл күйін өзінің үлкен келіні қаза болғанда 
«Делдал» атты күйі екенін айтады. Әңгіме былай екен:
ұлы Наумел жайлауға көшерде қалыңдығының сырқат 
қалғанын көріп, ел жайлауға барған соң көңілі орнықпай дел-
сал жүреді. Жайын біліп келейін десе, қырық көш төр жай-
лаудан ойға түсу оңай болмай, күндері өте береді. ұлының бұл 
халін ұғып, түсінген ыбырай, ақыры ұлын барып хабарласуға 
жөнелтеді. 
Наумел күн жүріп, түн жүріп қайын жұртына таяғанда 
тобыр адамның зиратқа беттеп бара жатқанын көріп, жүрегі 
аласатып, ат басын тарта қалады. Жігіт ең соңында кетіп бара 
жатқан жалғыз адамнан жай ұғысса, жерлегелі әкетіп бара 
жатқан өз қалыңдығы болып шығады. Сонда Наумел төбесінен 
жасыл түскендей аттан құлап қалады. Ел де күйеу баланы та-
ниды, ес жидырып топырақ салуын айтады. Көз жасын көл ет-
кен Наумел күзде алғалы отырған қалыңдығын жерге көміп, 
сүлдерсіз жайлаудағы үйіне оралады. Неше күн нәр татпай, 
әкесінің ақылымен әрең есін жияды. Ақыры әкесі: «Ал, ба-
лам, өтер адам өтті ғой, сонда осы өлімде саған қатты батқаны 
қандай іс болды, айтшы?!»—дегенде, Наумел: «Маған бәрінен 
батқаны—зиратқа беттеп бара жатқан адамдарды көргенде, 
алуан түрлі оймен, делдал күйге түскенім» дейді. Әкесі ыбырай 
осы бір аянышты халден тудырып, «Делдал» күйін жаратқан 
екен. 
Күйді тыңдаған тамам жұрт: «ойпырым-ай, нағыз өнер ғой, 
осындай өнерлі қолдар да кәртейіп, бір күні топырақ астында 
саудырап қалады-ау»,—деп қимастық аңғартқан екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет