«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры


ӘМІРЕ 352. «Әміренің арманы»



Pdf көрінісі
бет198/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

ӘМІРЕ
352. «Әміренің арманы» 
Әміре—Алтайда туып, кейінірек Еренқабырғаға көшіп 
келіп мекендеген. Күйші, қолөнершілікпен жан бағып, етікші, 
ағашшы, темірші болған. Жас ортасында әйелі қайтыс бо-
лып, жалғыз ұлынан басқасын ауру жалмап кетеді. Бұл соққы 
оған қатты батады. уайым-қайғы бұлты басынан айналып 
шықпайды. Жалғыз ұлы азамат болып қалса да, аяғын қол 
қысқалықтан шырмай алмайды. өстіп жүргенде сол жалғызы 
да өліп, қу басы ғана қалады. Жалғызының қызығын көре ал-
май, одан айырылып қалғанына қатты назаланып, есінен тана 
жаздайды. Халық жиылып, қабір басынан қайта оралғаннан 
кейін, ел ішіндегі тілді, жақты адамдар Әміренің көңілін аулап 
жақсы сөздерін айтып оны жұбатады.
осы кезде домбырашы Әміре, ашада ілулі домбырасын 
қолына алып, бір мұңлы күйді:
ой, жалған, жалған ай!
Жалғаннан көңіл қалған ай!
Жалбарынып өткен Алламның,
Жалғызымды да алғаны-ай!
Көкірегіме шер боп байланды,
Таусылмайтын мына арман-ай!деп күңірентіп 
шерте жөнелген екен. Содан бастап қалған өмірінің әр күні на-
мазын өтегеннен кейін қолына домбырасын алып, баласының 
өліміне арнаған осы «Арман» күйін шертіп өткізген екен.


332
күй аңыздар
АҚЫМЖАН 
353. «Ақымжанның қоңыр күйі» 
Ақымжан—Алтай өңірінде жасаған атақты күйші, сы-
быз ғышы өнерімен елге танылған адам екен. Сол тұста оның 
өнеріне таңдай қаққан үкірдай, билер қайда барса да, Ақым-
жанды қастарынан тастамай ертіп жүріп, сыбызғы тарттырып 
қызықтайтын болған. Ақымжанның «Қоңыр күйі» сол кез-
де Еренқабырғаға дейін кең таралған күй басы еді. Ақымжан 
сыбызғы тартқанда басындағы кепеші бірде желкесіне кетсе, 
бірде маңайына келіп жүріп тұрады екен. Күйші өзі жылқы 
бағуды ұнатыпты, Естіген құлаққа қарағанда, Ақымжан жыл-
қыны сыбызғымен жусатады екен. ол сыбызғы тартқанда, 
жылқы құлағын қайшылап, еріні жыбырлап, мүлігіп тыңдап 
қалады екен. Бірде бір байдың жылқысын жортуылшылар қуа 
қашып бара жатқанда, Ақымжан сыбызғы тартқан екен. Сонда 
айдаудағы жылқы тоқтап, қайта желісіне оралыпты.
Қазақтың көптеген сыбызғы күйін Ақымжан ақсақал кейін-
гі ұрпаққа жалғастырып, танытып, мұра етіп қалдырып кет-
кен. Қай жерде ойын-сауық, топ болса, той басын «Ақымжан-
ның қоңыр күйімен» бастау әдетке айналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет