330
күй аңыздар
отырған елдің үстіне төрт жігіт қана келеді. Төрттің бірі
ыбырайұлы
Наумел екен, неше күн ел-жұртпен аманда-
сып, сағыныш мауқын бас қан соң, Наумел ертелі-кеш белгі-
сіз әуенмен, қолына домбыра алып толғанып, ақыры «Төрт
жаяу» күйін шығарған екен.
ЖАНЖІГІТ
350. «Салкүрең»
Ертеде
өнері елге таңсық, өлеңіне қауым ғашық, күйімен
ессізге ес бітіріп, естінің делебесін қоздыратын атақты Жан-
жігіт дейтін сал болған екен.
Жанжігіттің бір күрең, бір қоңыр аты болған екен. осы
күреңнің жүрісі, жорғасы, шабысы, сұлу тұлғасы Жанжігіт
салға жарасымды болғандықтан «Салкүрең» десе,
қоңыр аттың
сүйек бітімінің ірілігіне қарап «Молқоңыр» дейді екен. осы
екі атының жүрісін Жанжігіт домбыраға салып күй ғып шер-
те ді екен. Бара-бара ол «Салкүрең», «Молқоңыр» деген халық
күйіне айналыпты.
РАҚЫМ
351. «Рақымның өмір толғауы»
Еренқабырға өңірінде он саусағы түгел өнер рақым деген
шебер өткен. ол қазақ халқының мәдени өмірі мен заттық
тұрмысына қажетті бұйымдарды өнер өресіне көтерген,
өнермен қалың қауымға танылған шебер еді. рақым
тіккен
саптама етікті, көксауыр кебісті, ою басқан мәсі мен күміс
белбеуді жұрт қадыр тұтқан. рақымның таутекенің мүйізінен
жезбен оюлап жасаған сары ала шақшасы, сол заманның
қолы жеткендері мақтанышпен алып жүретін зіннат бұйымы
бол
ған, десе де рақымның шеберлігін елге айырықша
танытқан өнері—оның жасаған домбырасының көркемдігі
мен шешендігі екен. рақым шеберлік өнерінің сыртында,
асқан домбырашы да болған кісі. оның
мұндай қасиетіне
өз қолымен жасаған домбырасының ойдағыдай шешен де,
көркем болуы негіз болатын. Сондықтан ол домбыраның
330
331
күй және күйшілер туралы аңыздар
құлағынан тиегіне дейін өзі орналастырып, әрбір пернені ор-
нын тауып байлап қолынан бір-ақ шығарған.
Домбыра алуға
келгендерге рақым алдымен өз күйі «өмір толғауын» тартады
екен. «Әзір аттанамын» деп отырған жүргіншілер рақымның
күйін қимай, ақыры атының ерін алуға мәжбүр болады
екен. Міне, осылай «өмір толғауы» жұрттың жүрек қылын
тербететін күйге айналған. рақымның көптеген шәкірті, не-
месе рақым қолынан шыққан
домбыра ны ұстайтын домбыра-
шылар қашан, қай жерде болсын өздері нің күйін рақымның
«өмір толғауымен» бастайтын болған.
Достарыңызбен бөлісу: