124
125
халық күйлерінің аңыздары
жылы орнымды суытып ере қашқаным Кит пе десем, ит екен
ғой»,—деп бетіне түкіріпті. Қалажанның күйеуі сыбызғышы
екен, менсінбей қашқан әйеліне арнап осы күйді тартып,
«Қалажан қашқан» атапты да: «Аңсағаның
Кит болса, арам
өлерсің, осыңмен-ақ кете бар»,—ауылына қайтқан дейді.
130. «Арбиян-қоңыр»
Арбиян қазақ қызына үйленгеннен кейін, бір балалы бо ла-
ды. Баласы көз тартарлықтай көріктеніп өсіп келе жатқан ке-
зінде, бір күні Арбиян аң аулауға кетеді. осы кезде суға міне
құ лап жатқан қарағайдың үстінде жүгіріп ойнап жүрген бала-
сы ның
аяғы тайып кетіп, суға кетіп өледі. Арбиян аңнан кел-
геннен кейін баласының қайтыс болғанын естіп, бүк түсіп отыра
қалады да,
сыбызғысын алдырып, қоңырлата тарта жөнеледі.
Бұл күй әйеліне жұбатуы және ұлының өліміне деген еңіре ген
зарын білдіргені екен дейді.
Достарыңызбен бөлісу: