134
135
халық күйлерінің аңыздары
тоқта, тоқта!»—деп айғайлайды. Міне, қыздың осы айғайлап
айтқанын домбырашылар күй етіп тартады. Мұны «Еркеатан
күйі» дейді.
149. «Еркеатан»
(ІІ нұсқа)
Баяғыда шал мен кемпір болады. олардың жалғыз қызы,
мал дегенде, боталаған түйесі бар екен.
Қыз бала ерке атанға
бауыр басып, әбден үйренісіп кетеді. Күндердің күнінде қыз бой
жетіп, оған құда түсіп, қыз ұзату рәсімі басталады. ол уақытта
қызға: «Не қалайсың?»—дейді екен. Сонда қыз: «Кішкен тай-
дан бірге өскен ерке атанды қалаймын»,—дейді. Бірақ,
әкесі
«ма лым ның басы» дей ме, әйтеуір, атанды қимайды. Сонымен,
қыз әке-шешесін, елін, жұртын тастап сыңсуға салып кете бара-
ды. Қызға әбден үйреніп, бауыр басқан
ерке атан қыздың кө ші-
нің артынан жүгіріп бара жатып дарияға түсіп кетеді. Сүйік ті
жануарына жаны ашыған қыз: «Әке-ке-ау, әке-ке-ау, ерке атан
кетті, қайтейін»,—деп жылайды.
Достарыңызбен бөлісу: