126
127
халық күйлерінің аңыздары
Қос
келін қимыл-әрекеттерімен, ашық-жарқындығымен бай-
дың салтанатын толықтырып,
сәніне-сән, абыройына атақ
қосады. Қос келінді көрген әркім-ақ таңдай қағып тамсанады,
аузының
суы құрып мақтап қызығады, сүйсіне қарайды. Бір-
бірінен бөлінбестей ұқсас қос келінді таңдап тапқан байдың
тап қыштығына дән риза болады. Дүйім елдің назарын аудар-
ған қос келін боз балалардың да жүрегіне шоқ тастап,
сезімін
қытықтайды. Қос келінге деген ынтызары ауған бозбалалар дың
сонда да жолы болмайды. Күндіз жолығып, тіл қатудың орайы
келгенмен, түн жастап жолығудың сәті түспейді.
Сезім нің ыс-
тық лебімен жүрегін жалын шарпып келіндеріне деген бө тен
қолдың созылып, жат құшақтың ашылуынан күдіктенген бай,
қабаған ит ұстайды. Қабаған ит есіктердің құлыбы,
келін дердің
күзетшісі іспетті болады. Күндіз атты кісіні аттатпайтын иттер
түнде ауыл маңына ешкімді де жолатпайды. Қос келіншекке
созған қолы жетпеген жігіттер
олардың сұлулығын мақтап
және оларға деген арман-сағынышын білдіріп, «Қос келіншек»
күйін шығарыпты.
134. «Жорға аю»
(ІІ нұсқа)
Бір аю аралға апан салған екен. Бірде ол қонжықтарына
жем іздеп тауға шығып кетіпті. Сол уақытта нөсер жаңбыр
жауып, сел жүреді. Тасқын су аюдың апанын құлатып, кү шік-
терін шайып әкетеді. Судың бетінде
қалқып кетіп бара жат қан
қонжықтарын көрген аю таудан жорғалап түсіп, оларды құт-
қарып алып қалады. Содан аю жорға боп шыққан екен дейді.
Бұл күй сондағы аюдың жүрісін бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: