130
131
халық күйлерінің аңыздары
алған. Сондай сауда-саттық жүргізген
қалаларының бірі
Бейжін (Пекин) болса керек. Бейжінге дейін түйемен барып
қайтатын болған. Сауда-саттық жасау ниетімен аттанған бір
топ керуен талай шөлді, талай белді басып ұзақ жол жүреді.
Адамдар да қажиды,
мал да қажиды, бөтен жерді жерсінбеген
мал жол-жөнекей бірлеп-екілеп өліп те отырады. Қажыған ке-
руен жол ортасынан астық-ау деген мөлшерде тағы тынығады.
Керуеншілер түйені матап-байлап, жүктерін жиып тастайды да,
өздері ұйықтайды. Керуеншілер
жол бойында артына жиі-жиі
қарап, ұзақ жолды боздаумен өткізген сары атанды «осы қа шып
кетуі мүмкін» деп ойлайды да, жүгімен қойып, мұрынды ғы-
нан қазандай тасқа байлап тастайды. Түн ортасы болған ме зет-
те сары атан
байлаған тасты тісімен көтеріп, жүгімен қашады.
өскен жерін сағынған сары атан осылайша туған жеріне келеді.
Түйе екеш түйенің туған жерге деген сағынышына таң дан ған
сыбызғышы осы күйді шығарыпты.
142. «Ат келді»
Бір тойда тұс-тұстан келген халық атпен бірге бәйгеге
Көгалай дегеннің көк аты қосылады. Көк ат ұзақтан келген
екен де, той істеген елдің ешкімі оның сырын білмейді. Сон-
дықтан оған назар да аудармайды. Қазақта тойдың сәні жүй-
рік пен жорға болғаны мәлім. Ат кеткеннен кейін қайтып
оралғанға дейінгі әңгіме тек ат туралы болады. Біреу ананы,
біреу мынаны айтып елпілдеген
халық еліре сөйлеп алдыңғы
аттың кімнің аты екенін білмейді, бірақ көк ат екенін толық
айырып, сыбызғымен «көк ат
келеді, көк ат келеді» деп күй
шертіледі. Көмбеге бірінші боп Көгалайдың көк аты келеді де,
сыбызғышының күйі «Ат келді» аталады.
Достарыңызбен бөлісу: