«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет16/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

22. «Сал жігіт» 
Бұл күйдің аңызы «Кербез қыз» күйінің бірінші аңызына 
жалғаса айтылады. 


40
күй аңыздар
ол аңыз бойынша, қыз қылығы мен ақыл-парасатына риза 
болған жігіт «өзіңе бір белгі болсын» деп «Кербез қыз» күйін 
тартады ғой. Сөйтсе, кербез қыз өзінің ақыл-парасаты мен көз 
тартар көркіне қоса дәулескер күйші де екен дейді. Сол жерде 
өнерпаз жігіттің ықыласын аяқсыз қалдырғысы келмеген қыз: 
«ықыласыңа дән ризамын. Халқымыз «Сыйға—сый, сыраға—
бал» деуші еді ғой. Менен де бір белгі болсын, «Кербез қыз» 
күйінің жауабы»,—деп, «Сал жігіт» күйін тартқан екен. 
23. «Қос келіншек» 
(I нұсқа)
Бір байдың мәпелеп өсірген егіз ұлы болады. Ата-ананың 
тілегіне сай егіз ұлдың екеуі де жұрт аузына іліккендей аза мат 
болып өссе керек. Қай істе де екеуінің жұбы жазылмай, бірі не-
бірі сүйеу болып, бірін-бірі толықтырып, көрер көзді қуан тып 
жүреді екен. 
Бір күні бай отырып: «Бұл екеуінің кіндігін Құдай бір етіп 
жаратқанда, менің айырғаным болмас, екеуіне егіз қызы бар 
үйге құда түсейін»,—дейді. Сол оймен бойжеткен егіз қызы бар 
үй іздеп құлағдар болып жүреді. 
Ел іші болған соң әртүрлі гәп кездесе бермей ме, бір үйден 
егіз ұл туғанда келесі үйден егіз қыз неге тумасын? Кешікпей-
ақ, бойжеткен егіз қызы бар үй белгілі болады да, бай құлшына 
қимылдап құда түседі. Екі жақтың да ықылас-ниеттері жара-
сып, құйрық-бауыр жесісіп, төс қағыстырған құда болысады. 
Содан уәделі мерзім жетіп, қос келіншек ақ тілеумен босаға 
аттайды, келін болып түседі. Бір басы екеу болып, екі басы төр-
теу болып, тілегі орындалған бай неден аянсын, аяқ жетер жер-
ге жар салып, ұлан-асыр той жасайды. 
Бірақ, бәрі де жазудан ғой, той қызып, ел мәре-сәре болып 
жатқанда «аттандай» шауып жаушы келеді. Ел шетіне қа ра-
құрым қаскөй жаудың киліге кіргенін хабарлайды. 
Сонда отау үйде мәз-мейрам болып отырған егіз жігіт жұбын 
жазбастан атқа қонады. Тас-түйін болып бекініп, қатыгез жау-
дың алдын алу үшін ағайынға ұран салып, қол бастап шығады. 
Ал қос келіншек болса әлгінде ғана шырқап отырған шат-
тық әнін мұңды зарға ұластырып, Тәңірге жалбарынады. Ақ 
тілеумен қосылған асыл азаматтарының аман-есен оралуын, 


40
41
халық күйлерінің аңыздары
жаудың беті қайтып, ел ішіне қайтадан тыныштық орнауын 
тілек етеді. 
Естіген жанның жүрегін елжіреткен қос келіншектің осы-
нау зарлы тілегін кейін бір өнерпаз домбыра тіліне түсірген 
екен. Сол күйі «Қос келіншек» деген атпен жұртқа жайылған. 
«Қос келіншек» күйі—тел бұраумен тартылатын санаулы 
ға на күйлердің бірі. Домбыраның астыңғы және үстіңгі ішекте-
рі бір дыбысқа келтіріліп тартылғанда, шынында да үміт-тілегі 
бір егіз келіншектің қатар шыққан мұң-сырындай әсер береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет