44
күй аңыздар
кен ел Ақ Ертістің қос қапталына кезек аунап көшіп, мұңсыз-
қамсыз ғұмыр кешеді екен дейді. яғни
өзеннің бір беті қыстау,
бір беті жайлау болған ғой.
Бір жыл көктем ерте белгі беріп, қар аяқ астынан күрт еріп,
Ақ Ертістің суы көтеріліп кетеді де, қалың ел жайлауға шығып
үлгере алмай қалады. Қыс бойы
аяқты малдың тебінінде бол-
ған қыстау маңының өрісіне қамалуға мәжбүр болады. Сол жы-
лы төрт түлік мал қоң жинай алмай біраз шығын болып, елдің
берекесі кетіңкіресе керек.
Ел бейғам болмасын, Ақ Ертістің де
ақ өркеш толқыны бо-
латынын ұмытпасын деген ниетпен бір өнерпаз «Ақ Ертіс»
күйін шығарыпты дейді.
Бұл күйді ел ішінде «Ертіс толқыны» деп тартатындар да бар.
Достарыңызбен бөлісу: