294
295
күй және күйшілер туралы аңыздар
хат жазады. өтеп руынан шыққан лақ рубасы бұдан хабар та-
уып, игі жақсылар бас қосқан бір жиында бұл жайды айтып,
уақ елінің зәңгісі Темірхан бастаған ел ағалары Ергенбайды
елге алып келуге ағасы Ердан молланы аттандырады. ол нау-
рыз
айында аттанып, үш-бес күн дегенде Тұрпанға жетеді. Інісі
атын омар қариға өзгертіп, үйленіп алған екен. Сол медіресені
басқаратын Нияз деген шаңяға жалынып жүріп, әйелінен ажы-
ратып алып қайтады. Жолай Сауан ауданына жеткенде оларға
Нұрпай батыр кезігеді. Батыр таныса келе екеуіне екі ат мінгізіп
қайтарады. Екеуі Шөгей өңірінде рақадыл
деген ауқатты
ауылдың қорасында етік тігіп, өрімшілік істеп отырған неме-
ре туысы Бәзғаламның үйіне келеді. Бәзғалам әңгіме үстінде:
«Біздің туыстардың ішінде сен екеуіңдей ұзақ әрі киелі жол
басқан жолаушы жоқ, сондықтан көптен бері ойлаған бір күйім
бар еді»,—деп «Жолаушы» күйін арнайы шертіп берген екен.
307. «Сабазым-ай»
1917 жылдар уақ елі екі зәңгі ел болып, Дөрбілжін ауданы-
на қарайды екен. Қату тауындағы
Дәрбіті өзенінің бойында-
ғы Кеңтүбек деген қойнауға біреулер апиын егіп кеткендігі
байқалып, сол кездегі өкімет адамдары Шәуешектегі дутыңға
мәлімдейді. Дутың: «сол өңірге жауапты мәнсаптыны ұстап
әкеліңдер» деп бұйрық түсіреді. ол уақ алты қасымның бірі
өтептің бес ұлының Қожаннан
тараған Бөрібайдың немересі
ел ауызына ілініп жүрген Жайырбай Ботақанұлы еді. үкімет
адамдары бұйрық бойынша Жайырбайды Шәуешекке апарып
қамап тастайды. Бұл істен хабар тапқан мәмбет елінің үкірдайы
Жалбағай, дөртуілдің үкірдайы Көксеген, мәметек қошқарбай
елінің үкірдайы Еңселер ел жиып кеңес құрып, дутыңға арыз-
данады. Жайырбайдың күнәсіз екеніне елден факт жияды.
Сонымен бұған мойынсал болған дутың Жайырбайға ақ зоң
шапан кигізіп, қасына жеті
шерік ертіп жақын туысы Ер-
генбайды хатшылыққа тағайындап, төрт үкірдай елді арала-
тады. Жайырбайдың аталмыш қылмысын естіген жамағат
оның ақ зоң шапанына «жазықсыз адам жазаланбасын» деп
қолдарын қояды. Сонымен, ол ақталып аман қалады. Бәзғалам
Жайырбайға арнап «Сабазым-ай» деген күйін шығарады.