296
297
күй және күйшілер туралы аңыздар
шырағындай жанарынан айырылып, аяқ жолын тауып жүру
мұң болады.
Балымды ару
кезінде қадірлей алмаған төре, енді көзіне ақ
түсіп, кіріптар болғанда тіптен керексіз етеді. Ақыры, күндер-
дің бір күнінде, тотыдай тарантып алып келген Балымды
тоқымдай сүйретіп, төркініне апарып тастайды. осыдан кейін
Балым өмір бойы тағдырына налып, Тәңіріге мұңын шағып
өтеді. Көкірегінен небір зарлы әндер ақтарылып, төңірегіне
«Соқыр қыздың әні» деп таралып жатады.
Бұл өнердің сарыны, ән мен күйге құлағы түрік жүретін
Динаға да жетіп жатады. Бірақ «Соқыр қыздың»
бір кездегі,
ауыл-аймақты аузына қаратқан Балым екенін білмейді. «япыр-
ай, әні қандай мұңды еді, сазы қандай есті еді» деп, таң қалып
жүреді.
Бір күні ауыл-аймақтың әдеттегідей бас қосуында Дина
сырттай ынтығып жүрген «Соқыр қыздың» өзін көреді. Мұн-
дайда сырттай мүсіркеп қоя салатын Дина ма, бақытсыз бей-
бақ тың көңілін аулау үшін жанына барып, қолын алып, күйін
тартып, сырласады. Әңгіме үстінде «Соқыр қыздың» баяғы Ба-
лым қыз екенін біледі. Мұнан соң Дина тіптен тебіреніп, өз ба-
сына түскен нәубеттей күйзеледі.
Әрине, қанша тебіреніп, күйзелгенмен күйректікке са-
лыну Динаның табиғатында жоқ. Сол
жерде есін жиып, бой-
ын бекітіп, замандас құрбысы Балымға тіл қатады: «Балым,
шүкірлік еткенің жөн, ата-анаңның әлпештеген бұлбұлы бо-
лып өсіп едің, енді, міне халқыңның ардақтаған бұлбұлы болып
жүрсің»,—дейді. Жай ғана сөзбен жұбатып қоймайды, кейін
Балымға арнап «Бұлбұл» атты күй шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: