48
күй аңыздар
құла тып,
кейін қарай бет бұрғанда, ұстай алмасына көздері жет-
кен ұрылар садағымен баланы атып санынан жаралайды. Ба ла
жаралы санын белбеумен таңып алып, ұрыларға өшіге қай та
тиісіп, өзі аттан түсіп, жүруге шамасы
келмей қансырап жата ды
да, атты қоя береді. Бозайғыр босанған бойда ауылға тартады.
Бозайғырды көрген бай қамығып: «Балам өлген екен, енді
не болса да ізіне түсіп іздейін» деп айғырға мінгенде, Бозайғыр
байға
бас бермей, тауда қалған балаға қарай ала жөнеледі.
Келсе, шынында, бала өліпті. Баласының өліміне қайғырып,
жылап-еңіреп бай далада отырғанда қасында тұрған Бозайғыр
оқыранып қоя берді. «Тағы да ұрылар келіп қалған екен»,—деп
бай зәресі кетіп,
орнынан ұшып тұрса, бір салт атты жалғыз жо-
лаушы екен. Ерінің қасында домбырасы бар. Әлгі жолау шы ға
бай болған жағдайды түгел баяндайды. Сонда жолаушы:
—Шіркін, жануарым-ай! Ат болса осындай, ер
болса сенің
балаңдай болсын. «Жақсы ат ер сүйегін далаға тастамайды» де-
ген осы да. Балаңның ерлігіне астындағы аты сай екен. «Жақсы
ат жаман жігітті де ер етеді» деген бар ғой. Мына жануар дәл
соған сай келеді екен,—деп қолына домбырасын алып бір күйді
тарта беріпті.
Күй күңірене барып аяқталғанда күйзеліп отырған бай:
—Замандас! Мына тартқаның қайғылы саз болды ғой? Атын
не дейсіз?—депті. Сонда күйші:
—Жануар мына тұрған Бозайғырға разы болып,
соған арнап
тарттым, өйткені бұл айғыр болмаса, сенің балаң қайда қалар
еді, сен балаңды қайдан табар едің?—депті.
осыдан бастап бұл күй ел арасында «Бозайғыр» атанып,
таралған көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: