48
49
халық күйлерінің аңыздары
Бозайғырдың үйірінен бұлайша бөлініп келуі тегін емес
екенін
білген байдың баласы, айғырды жүгендеп, ерттеп, қару-
жарағын асынып, жылқының соңынан қуады. Жылқыға же-
тіп, алдын орап үйірді кейін қайырады. Мұны көрген қарақ шы-
лар жан-жақтан қаумалап баланы ортаға алып, қолға түсі ріп,
қорламақшы болады. Бірақ олардың бұл ойын түк шық пай-
ды. өйткені бала
Бозайғырмен бір шетке шығып, ұрылар ға
тұтқиылдан тиісіп, екеуін құлатады. Қызып алған айғыр мен
қайта шауып, қарақшылардың тағы екеуін түсіріп, ауылға
қарай
жылқымен бет бұрғанда, баланың енді ұстатпайтынына
көздері жеткен ұрылардың тірі қалғаны оны білтелі мылтық-
пен атып, санынан жаралайды. оқ тиген бала бұрынғыдан да
бетер өшігіп, тұла бойын ыза кернеп,
жаралы санын қыл бел-
беумен қатты таңып, қарақшыларға қайта тиіседі. олардың
қалғандарын құлатып, жылқыны айдап ауылға қайтады. Жол-
шыбай бір төбенің етегіне жетіп, ілгері жүруге шамасы кел-
мей қансырап, атынан жығылады.
Бозайғыр әрі-бері оқыранып,
баланың қасынан кете алмай, ақыры болмаған соң ауылға тартады.
Баланың әкесі Бозайғырды көріп, «балам өлген екен,
енді не
болса да іздейін» деп жолға шығады. Бозайғыр иесіне бас бер-
мей, тауда қалған балаға қарай оны ала жөнеледі. Келсе, шы-
нында да бала өліпті. Баласының өліміне әкесі қатты қайғы рып,
жылап-еңіреп отырғанда қасында тұрған бозайғыр оқыра нып,
кісінейді. Тағы да
ұрылар келіп қалған екен деп, бай зәресі
кетіп орнынан ұшып тұрса, ерінің қасына ілген домбрасы бар,
салт атты жалғыз жүргінші екен.
Жолаушы баланың жанына
келіп, әкесіне көңіл айтады. Бай болған жағдайды оған түгел
баяндайды. Сонда жолаушы:
—Шіркін, жануарым-ай! Ат болса осындай, ер болса сенің
балаңдай болсын! «Жақсы ат ер сүйегін далаға тастамайды»
деген осы да. Балаңа астындағы аты сай екен. Жақсы ат ерге
қа
нат бітіреді деген. Мына жағдай дәл соған келеді,—деп,
домбы расын алып, бір күйді тартыпты. Күй күңірене
барып
аяқталғанда баланың әкесі:
—Замандас! Мына тартқан қайғылы сазыңыздың аты қа-
лай?—деп сұрағанда домбырашы:
—Бауырым, мына тұрған Бозайғырға разы болып, соған
арнап тарқан күйім еді, атын «Бозайғыр» қойдым. Бұл айғыр
болмаса, балаң қайда қалар еді, сен оның сүйегін қайдан табар
едің?—депті.
4-136