78
79
халық күйлерінің аңыздары
ыңыршағын ал мастан, бәйге болып жатқан ауылға барыпты,
оған ешкім қарап та қоймапты. Тек аттарды айдайтын кезде
кедей: «Атымның
арқасы жайдақ мінуге келмейді, ыңырша ғы-
мен балам мініп барады»,—депті де қалың жүйріктердің соңы-
нан ілестіріп жіберіпті.
Бәйге келеді-ау деген мезгілде аты барлар да, басқалар да
кезеңге шығып, шаң көрінген жаққа қараумен болады. Бірі ана
ат
келеді десе, бірі мына ат келеді деп тұрғанда, жалғыз шыққан
боз ат екені анық болады. Аздан соң басқа аттардан көш бұрын
ыңыршағын сүйретіп боз ат келген екен.
үстіндегі
баласы жығылып, ыңыршағымен келген атқа, жол
бойынша екінші бәйге беріліпті. осыдан бастап, бұл кедейдің
күйсіз көлігі—боз атқа арналып «ыңыршақты боз» деген күй
шығарылған екен.
75. «Алшаң қоңыр»
Базарқұл Байынқара деген кісі болыпты. ол киімді тым
сәндеп
киетін сәнқой, атты таңдап, баптап мінетін мырза екен.
Бір жолы бір ауылда үлкен той болып, тойдың дыр-думанын
анадайдағы дөң басына шығып, тамашалап тұрған ел ағалары,
топ арасынан өзімен аты құп жарасқан, атқа отырысы мен дене
бітімі келіскен бір жігітке таңырқасып қалады.
Бұлардың өзін
сөз қып тұрғанын аңғармаған әлгі жігіт қоңыр атты алшаң басты-
рып көлденеңдей өте берген екен. Мәми Бейсі қасындағыларға:
—Әке-ау, керейден де мұндай келісті азамат, осындай әдемі
ат шығады екен-ау?!—депті.
Мұны өз құлағымен естіп Бейсімен
бірге таңырқаған бір
күйші, әлгі жігіттің қоңыр атының алшаңдай басқан әсем жү-
рісіне «Алшаң қоңыр» деген күй арнаған екен.
Достарыңызбен бөлісу: