«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет83/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

158. «Қорқыт»
(ІV нұсқа)
Қазақ халқы Қорқытты саз құдіреті, оның ішінде қобыз дың 
атасы деп атайды. Адам жанының ең асыл сыры қобыз үнін-


142
143
күй және күйшілер туралы аңыздар
де деп біледі. Сондықтан да өз кезінде бойларындағы құпия 
қуаттың сипатын жұртқа жария ету ісінде ел ішіндегі бақсы-
лар қобыз сарынын пайдаланып отырған. Қобызды дәріптеп, 
киелі саз құралы санатында жұрттың санасын ұйытып, жүре-
гін елжіреткен. Қобыздың сиқырлы қасиеті жалынды жырмен 
бейнеленген. 
«Қарағайдың түбінен
Қайырып алған, қобызым.
Ақ қайыңның безінен
Айырып алған, қобызым.
үйеңкінің түбінен
үйіріп алған, қобызым.
өзегінен еменнің
ойып алған, қобызым.
Ақ ырғайын қиянның
Құлақ қылған, қобызым.
Қыл құйрығын құланның
Ішек қылған, қобызым.
Тәутекенің мүйізін
Тиек қылған, қобызым.
Тобылғының шыбығын
Қияқ қылған, қобызым».
осылайша бұрқырата жыр төгу арқылы қобызбен күңі рен-
те күй шерте отырып, Қорқыт атаның жарық дүниеге құш-
тар лығын, өмірде жақсылықты асыру жолындағы арманын
қа жыр-қайратын аңыз қып айтады. Бабаның ұлы мұратының 
желісін қобыз сарынымен ел жүрегіне жеткізіп, ой-сананы 
тербейді, жанын елжіретеді. Сарнаған қобыз үні құдірет болып 
сезіледі. Ал домбырада шертілетін «Қорқыт» күйінің ырғағы 
да, желісі де өзгешелеу. Мұңды күңіреніс сарыннан гөрі толға-
ныс, бұрқаныс бунағы басым. Қасиетті бабамыздың басынан 
кешкен уақиғалар мен көңіл-күйін ашып, адам ойына ұлылық-
тың ұрығын себуге арналған сыңайы бар. осыған орай, аңыздар 
да сол мұраттан тарамдалады. 
Қорқыт ата желдей жүйткіген желмаясымен қалың қат-
парлы таулардың сай-саласын аралап, есілте жортып келе жа-
тады. Жайқалған жасыл нуға бөленген таудың бір жотасына 
шықса, екі жағы жалама жартасты шұңғыл аңғардың ішінде 
қиян-кескі соғыс жүріп жатыр екен. Қирай сұлаған адам 


144
күй аңыздар
өлігінен аяқ алып жүргісіз, әлі тірі қалғандары бірін-бірі най-
залап, қылыштап, таласқан итше шайнасады. Біреуді-біреу 
парықтамайды. Көздерін қан жапқан, әкесі қарсы келіп қалған 
баласын, ағасы інісін соққылайды. 
Ақыл-есінен адасып, құтырғандай арпалысады. Тағы аңша 
жұлқысып, бірін-бірі жүндей түтеді. осы арада Қорқыт ата 
төбенің басына отыра қалып, қобызын күңіренте сарнатады. 
Сиқырлы, зарлы сарын тау-тасты жаңғыртады. Зарлы үнге 
балқығандай тау шайқалып, жер теңселеді. Ес-түссіз алысып 
жатқан адамдар тәлтіректей теңселіп барып, сұлай-сүлай ке-
теді. Қан жоса боп жатқан өліктер қорғасындай балқып ериді 
де, әрқайсысы домалаған қой тастарға айналып кетеді. 
Күйін безілдете сарнатқан Қорқыт атаның жаны күйзеліп, 
ойы шалқиды. Мына тайпалардың адамдарына мына ұлы 
таудың құшағы тарлық етті ме? Туыстығынан бездірген обыр-
лықтың кесірінен бір-бірінің жаулығы соның салдары ма? 
Неге түбін ойламайды бұлар? Мынандай қанды қырғын ха лық-
ты құрдымға құлатпай ма? Жалпақ әлемнің құшағынан құ-
лашты еркін жаятын жер табылар-ай. Ал адам баласын ақыл ға 
келтіретін, өлімді тиятын шара бар ма? тәңір сормаң дай пен-
делеріңе өзің жар бола гөр!.. ендігі өмірімді, ақыл-ойым ды осы 
жолға жұмсайын... 
«Құлпырып тұрған қамқа тон,
Шүперек болар тозған соң.
Бүрлеп тұрған бәйшешек,
Қурай болар солған соң...»
Елінің қамын ойлаған Қорқыт атаның жүрегі қан жылай ды. 
Тайпаның тағдыры жанын күйзелтеді. Жердің желінін ембей, 
желкесінде ойнақтаған асау тайпаның күйреуі—қайғысы бола-
ды. осы қасіретті тебіреніспен Қорқыт ата желмаясына мінеді 
де, тынысы кең, тарпығы жоқ, өлімді білмейтін жер іздеу үшін 
дүниені шарлап кетеді. ұзақ жол тартады. Бір күні қалың 
орманның шетіне шығып, жалпақ жазыққа көз салып тұрады. 
Айналасына қараса, орманның шетінде біреу жер қазып жа-
тады. Бұл күннің батысына барған кезі екен. Әлгі жер қазып 
жатқан адамның қасына келсе, жас жігіт екен. Қорқыт ата жөн 
сұрайды: 
—Бір адамның өмірі өшкен екен-ау, бұл кімнің көрі? Жігіт 
жолаушыға қадала қарайды да:


144
145
күй және күйшілер туралы аңыздар
—Бұл Қорқыттың көрі,—дейді. 
Мұны естіген Қорқыт ата өзінің де қартая бастағанын сезеді. 
Бірақ адам баласын өлімнен құтқарып, бақытқа кенелтемін 
деген ойы жебейді. «Мен әлі мұратыма жеткен жоқпын, арма-
нымды орындамай өлмеймін». осы оймен артына бұрылады. 
Қатпар-қатпар құм кешіп, аңызғақ ескен жол басып, асқар-
асқар таулардан асады. Таудың етегіне түскен кезде жер қазып 
жатқан біреуді көреді. Дене бітімі шомбалдай жігіт ағасы екен, 
жөн сұрайды. ол да сұсты көзбен қарап, Қорқытқа көр қазып 
жатқандығын айтады. Алдынан шырадай жайнап шығып келе 
жатқан күнді көреді де, солға бұрылады. Қалың орман, қатпар 
таулардан, адырлы өлке, батпақты саздардан өтіп, жайқын те-
ңізге жетеді. Теңіз жағасында тасты ойып, жер қазып жатқан 
орта жастағы адамға кезігеді. ол да Қорқытқа көр қазып жат-
қандығын айтады. Қорқыт ата өзінің қуаты қайта бастағанын 
сезеді. Тағы да бөгелместен жылжып оңға бұрылады. Көлдерді 
жағалап, айдынды өзендерден өтеді. Жалпақ даланы шарлай-
ды. Алдынан айнадай жарқырап жатқан жалпақ өзен кезігеді. 
өзеннің жар қабағында бір шал жер қазып жатады. Шаршап-
шалдығып жеткен Қорқыт ата:
—о, қадірлі қария, бұл кімнің көрі?—деп сұрайды. Шал 
қамыға қарайды да:
—«өзекті жанға бір өлім», одан қашып қайда барып құ-
тылмақсың, Қорқыт? Бұл сенің көрің, енді осыған кір де, ты-
ныс ал!—дейді.
Қайда барса да өзіне қазылған көрге тап болған Қорқыт 
атаның көзіне өлім нышаны елестейді. Аппақ қудай сақалы 
желбіреп, сол арада жүгіне отыра қалады. «о, жарық дүние, қа-
діріңді білмеген адам баласына ақыл бер, қамқор бол! Жердің 
көркі елмен, елімді емірентпек едім, ол ойымды асыруға уа-
қы тым жетер емес. Жалғыз өзімнің қолымнан келмейді екен, 
соны білмеппін. Көп біріксе, көл емес пе, соны ойламаппын. 
Сол күйімді қолдай көр...».
Қорқыт ата сол арада жарық дүниеге тілегін айтып, өзінің 
ақырғы қоштасу күйін шерткен екен...
осы арман домбыра үнімен берілетін «Қорқыт» күйі мұң-
ды да, зарлы да емес, теңіздің толқынындай ширатыла бұ-
рал ған дауылды бұрқаныс, домбыраның бунақты үні, күм бір-
леген дүмбірлі сарынмен өне бойды шымырлатады. Жүректі 
10-136


146
күй аңыздар
тебірентіп, ғажайып сырлы ойларға батырады. Адамның са-
насын шайқап, жігерлі сенімге баурайды. Күй ырғағындағы 
тебіреніс ойға бөлеген толғаныспен құшағы кең әлемге жете-
лейді. Бауырмалдықтың, тіршіліктің сырын ұғуға баулиды. 
Жаныңды жайнатып, туыстық сезіміңді жетілдіреді. Қырқыс 
қиянаттан жирендіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет