146
147
күй және күйшілер туралы аңыздар
болған шағында жүрісіне тұяқ біткен шыдамайтын, табаны
мұздан таймайтын, жеті күн, жеті түн от оттап, су ішпесе, мыңқ
етпейтін, тықыр бұйра Желмая болып шыға келеді.
Қорқыттың «Желмая» күйі
осынау қанатты көлігіне, сенім-
ді серігіне арналған екен.
161. «Желмая»
(ІІ нұсқа)
Халықтың айтуына қарағанда, Қорқыт деген аттың қойы-
луы кездейсоқ емес көрінеді. Қорқыт туған кезде жиналған
жұрт бала орнына пішінсіз «құбыжықты» көріп, қорқып қаша-
ды. Анасы бала туғанын сезіп, пішінсіз «құбыжықтың» қабы-
ғын
жарып жібергенде, жылаған баланың даусы естіледі, әлгі
қорқып қашқандар қайта келіп, бұл баланың атын «Қорқыт»
қою керек деседі.
Бір заманда біреулер түсінде Қорқытқа: «Қырық-ақ жыл
жасайсың!»—деп аян беріп кетіпті, содан кейін Қорқыт желден
жүйрік Желмаяны жазылап мініп, мәңгілік өмір іздеп шыға ды.
Әлемнің бүкіл
елдерін аралап, бәрінде де өлім бар екенін көр ген
соң, Сырдарияға қайтады. Желмаясын құрбандыққа шалып,
өзі судың үстіне кілем төсеп отырып, Қорқыт қобызымен өмір
әнін шығарыпты. осы ән айтылып тұрған кезде өлім Қорқытқа
жақындай алмайтын болыпты. Қалжыраған Қорқыт бір ме-
зет қалғып кеткенде,
ажал оны жылан болып шағып, өлтірген
екен. Бірақ Қорқыт күйі ажалмен айқасын тоқтатқан емес. Күй
тартылған жерге ажал бара алмайды-мыс. Сол заманнан бастап
Қорқыт бейнесі өмір үшін өлімге қарсы күреспен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: