инновациялық оқыту технологияларының сипаттамасы
Шығармашылық – бұл сапалы жаңа өнімді, яғни мәдени және материалдық құндылықтарды құруға, проблемалардың дәстүрлі емес шешімдерін іздеуге бағытталған қызмет процесі. Сондықтан іс-әрекеттің нәтижесі шығармашылық процестің қажетті және маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Философиялық тұрғыдан алғанда, шығармашылық – шындықтың объективті заңдары негізінде қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес адамның қызметі. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі философтар шығармашылықтың мәні туралы мәселені әртүрлә тұрғыда қарастырады. Шығармашылық-сенсорлық-моторлы, көрнекі, жедел-әрекеттік және логикалық-теориялық нысандардағы өзгеретін және белгісіз жағдайларға бейімделуге бағытталған ойлау процестерінің деңгейі мен сапасын анықтайтын қабілеттердің иерархиялық құрылымдық бірлігі.
Психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулерде шығармашылық әр түрлі қызмет салаларында адамның жаңа туындысын зерттейтін білім саласы ретінде түсініледі. Педагогикалық сөздікте шығармашылық мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісінің үнемі өзгеріп отыратын жағдайында, балалармен қарым-қатынаста оңтайлы және стандартты емес педагогикалық шешімдердің дамуы мен жүзеге асырылуы ретінде анықталады. Педагогикалық шығармашылық педагогта терең және жан-жақты білімнің болуын және оларды сыни өңдеу мен ұғынуды; білім мен интуицияға негізделген импровизация қабілетін; жағашылдықты көре білуін сипаттайды.
Болашақ география мұғалімдерінің шығармашылық іс-әрекеті мұғалімнің кәсіби ... қабілетін қамтиды.
өзін-өзі жетілдіруі, проблемаларды көре білуі
Инноватиканың басталуы: инновациялық процесс – инновациялық іс-әрекет – инновациялық потенциал – инновациялық процестерді басқару. Жаңалық ғылыми-зерттеу құралы болып көріну үшін, олар ұйымдасқан, көпшілік қолдану, қарама-қайшылық болып қоғам өміріне өзінің қажеттілігін көрсету.
Оқу үдерісіндегі инновациялық модельдің құрылымы:
- жалпы инноватикадағы инновациялық процес идеяларынан;
- педагогикалық инноватиканың пайда болуы, таралуы, педагогикалық жаңалықтарды меңгеруден;
- оқу процесі кезінде теориялық талдау жасау немесе іс-әрекетнен көрінеді.
Инновацияда, жаңалық енгізу, новация бір-бірімен тікелей пән ретінде байланысты. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.
Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығын Н.В.Горбунова, М.В.Кларин, А.В.Лоренсов, М.М.Поташник, П.И.Пидкасистый, Л.И.Романова, В.И.Загвязинский, А.Я.Найн, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова және тағы басқа зерттеулерінде қарастырылған.
Н.И.Лапин басқа қазіргі зерттеушілер сияқты жаңалық айтқандардың (Мор, Роджерс, Сазанов, Шумпетер) осылардың барлығы да негізгі ерекшеліктері болып саналатын жылдамдық, барлық инновациялық процестердің сапасы басқа ортаның спецификасымен анықталып, инновация көмегімен қолданылады.
... инновациялық процеске байланысты екі ілім қолданады:
1) қарапайым түрде қолдану, ол яғни ашылу – жаңалық енгізу (новация) – қолданушылардың арасындағы бөлінуі – көпшіліктің қолдануы;
2) кеңейтілген түрде қолдану – ашылу – новация – таралуы – меңгеруі және модификация – рутинизация, яғни дәстүрге айналуы.
Достарыңызбен бөлісу: |