білім алушылардың қабілеттері
Болон процесі – еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) құрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 40 ел мүше болды. Болон процесі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, таңдау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады.
Болон процесі – жалпы қызмет принциптеріне негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі. Болон процесі шеңберіндегі басты ұстанымдарына:
- Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату;
- ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;
- жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесі, көп дәрежелі жоғары білімді енгізу;
- академиялық кредиттер жүйесін қабылдау;
- білім сапасын бақылау;
- студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту;
- нәтижелерге және студенттік орталықтандырылған оқытуға бағытталу жатады.
Ресми заңдық тұрғыда Болон процесі Батыс Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі ... формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім құжаттарының Еуропада мойындалуына мүмкіндік береді.
«магистр-докторант»
Әлемнің жалпы ғылыми бейнесінің маңызды құрамдас бөлігі – әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесі болып табылады. Бұл ұғым ХІХғ. екінші жартысында жаратылыстану біліміндегі революциялық қайта құрылуларға байланысты пайда болып, бүгінгі күнге дейін кеңейіп, толықтырылып, қазіргі уақытта толық қалыптасты. Әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесі жаратылыстану және философиялық білімнің өзара байланысын қортындылау мен жүйелеудің жоғары деңгейін білдіреді. Ол жаратылыстану ғылымдарының маңызды жетістіктері, олардың ұстанымдары, заңдары мен заңдылықтары, материяның қозғаушы күші ретінде оның дамуы, әлемнің және адамның пайда болуы туралы біртұтас түсініктеме береді. Әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесі бақылаудан өткізіліп тәжірибеде нақытыланған қоршаған әлем туралы іргелі білімді қамтиды. Оны жаратылыстану ғылымдарының жеке ғылыми бейнелерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Жаратылыстану ғылымдарының ішінде әлемнің физикалық бейнесі жақсы зерделенген. Мысалы, 2 ғасыр бойы "әлемнің ньютондық бейнесі" басымдық танытып келсе, ХХғ. басында ол жетілдіріліп, кеңістік, уақыт, атом, электромагнетизм, кванттық механика, салыстырмалық теориясы, релятивистік космология пайда болды.
ХХ ғ. орыс ғалымы ... ілімдері әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесіне үлкен өзгерістер әкелді.
Достарыңызбен бөлісу: |