«мәдениет-білім-тарих» Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – жан-жақты білімділігі, ұстаздық шеберлігі, жаңа әдістерді меңгеруі



бет13/15
Дата03.11.2022
өлшемі71.33 Kb.
#463966
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Тест для магистр 7М01515-География

В.И.Вернадскийдің

Географиялық білім берудің заманауи мақсат-міндеттері тұрғысынан географияны практикаға-бағдарлап оқыту географиялық білім берудің заманауи бағыттары болып табылады.


Заманауи мектепе географиялық білім берудің мақсаты – білім алушылардың географиялық берік білімі мен дағдыларын дамыту және оларды ақпараттық қоғамның сұранысына жауап беретін шығармашылықты, креативті және жаңашыл, бастамашы тұлға ретінде тәрбиелеу.
Теорияны практикамен байланыстыру мазмұны білім алушылардың алған білімін олардың жеке тәжірибелері мен бақылауларымен байланыстыру; оқытуды қоршаған ортамен байланыстыру; топсаяхаттар жүргізу; практикалық есептер құрастыру және оны шешу; еңбек арқылы оқыту; қоғамдық пайдалы еңбекпен байланыстыруды қамтиды.
Білім алушылардың теориялық игерген білім, білік және іс-әрекет дағдыларын нақтылы өмірлік жағдаяттарда және практикалық іс-әрекетте қолдана алуға дайын болуы географиялық білім берудің ...
әдістемелік міндеттерінің бірі

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Құзыртетілік білім беру үрдісін жобалаудың негізі, ол болашақ маманның кәсіби іс-әрекеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті әдістемелік, зерттеушілік, басқару, ақпараттық, коммуникативтік құзіреттіліктерден тұрады.


Педагог қызметінің нәтижелігі, нәтижелердің бағалануы, түсіну саналылығының болуы; өз тәжірибесін және әріптестерінің тәжірибесін кәсіби сауатты талдау; тілдік мәдениетпен қарулану, сонымен қатар рухани мәдениетінің болуы; жетістікке жету жолдарын көре білу және оны әріптестеріне сауатты түрде түсіндіре алуы; зерттеу әдістерін жан-жақты меңгеруі; пәндік құзыреттері, оқыту әдістемесі саласындағы теориялық білімі мен практикалық іс-әрекетінің жоғары болуы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі.
Берілген сипаттамалар мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін бағалаудың жалпы ....
критерийлері

Қоғам дамудың қазіргі кезеңінде білім берудің инновациялық нысандарына ерекше қызығушылық танытады, ол педагог пен білім алушылардың тұлғасын, олардың еркін дамуы мен өзін-өзі дамытуын негізгі құндылықтар ретінде таниды. Бұл мағынада «білім беру инноватикасы», «білім беру үрдісіндегі инновациялар» ұғымдары ғылыми психологиялық-педагогикалық негізге негізделген модернизацияның құндылық-семантикалық парадигмасын көрсетеді.


Жалпы білім беру мазмұнын жаңартудың және оны жаңғыртудың негізгі тетігі ретінде мемлекеттік бағдарламада жаңа мемлекеттік білім беру стандарттарын енгізу көрсетілген. Бағдарламада инновациялық білім беру ұйымдары мен олардың желілік бірлестіктерін қолдау білім беру мазмұны мен технологияларын озық жаңарту тетігі болатыны айқындалған.
Білім берудегі инновация ғылыми-педагогикалық білімнің жаңа саласы ретінде ... ғасырдың басында қалыптасты, оқытудың жаңа технологияларын зерттей отырып, бүгінде ол педагогикалық инновацияларды, оларды енгізу мен игеруді, сонымен қатар қолдану мен таратуды жасайды.
ХХІ

Сабақ – стандартты жүзеге асырудың негізі ретінде оқу үдерісінің негізгі дидактикалық бірлігі болып табылады. Педагогика ғылымында сабақтың бірқатар анықтамалары бар, мысалы, педагогика теориясы мен тарихы бойынша ғалым И.П.Подласыйдың пікірінше, сабақ – бұл белгілі бір уақыт аралығында оқытушылар мен білім алушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың формасы, білім алушыларды тәрбиелеу, оқыту мәселелерін шешу үшін жүйелі түрде қолданылады.


Бүгінгі таңда білім беру бағдарламаларын игеру нәтижелеріне қойылатын талап білім беру сапасының негізгі сипаттамасына айналады, ал құзыреттілікті дамыту, яғни іс-әрекет пен құзыреттіліктің жалпыланған тәсілдері немесе тұлғаны дамытудың жаңа деңгейлеріне қол жеткізу болып табылады. Жаңа білім беру бағдарламаларын игерудің күтілетін нәтижелеріне қойылатын талаптар жеке, әлеуметтік және мемлекеттік қажеттіліктерді, соның ішінде жеке, мета-пәндік және пәндік оқу нәтижелерін көрсетеді.
Егер жоғарыда аталған оқу нәтижелерінің әрқайсысын талдайтын болсақ, онда білім беру үрдісінде қалыптасқан жеке нәтиже – білім алушылардың өзіне, білім беру үрдісінің басқа қатысушыларына, білім беру үрдісінің нәтижелеріне деген құндылық қатынастарының….
жүйесі
Педагогикалық инновацияларды тиісті басқарусыз және ұйымдастырусыз игеру мүмкін емес, сондықтан белсенді инновациялық топтар немесе мектептер инновациялардан туындаған проблемаларды шешу жолдарын іздестіре бастады. Иинновациялық педагогтар:
- білім алушылардың, олардың ата-аналарының, мектептердің қажеттіліктеріндегі айырмашылықтарға;
- бір мектепте әртүрлі педагогикалық тұжырымдамалар мен тәсілдерді жақтаушылардың болуына;
- білім беру мекемелері тұжырымдамаларының қоршаған ортаның талаптарына, білім беру стандарттарына сәйкес келмеуіне;
- инновациялық оқу бағдарламаларының дәстүрлі оқу бағдарламаларымен сәйкессіздігіне;
- жаңа тұжырымдамалар бойынша жұмыс істеу үшін оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің болмауына;
- жаңалықтарды бар жағдайларға бейімдеу қиындықтарына;
-жаңашыл педагогтың жаңа түрінің, сондай-ақ инновациялық білім беру мекемесінің басшысының кәсіби даярлығының болмауына;
- инновациялардың әкімшілік органдармен, мониторингтің, диагностиканың және білім беру нәтижелерін бағалаудың Мемлекеттік жүйелерімен өзара әрекеттесуі сияқты бірқатар мәселелердің шешімін табу қажет болды.
Инновациялық үрдістер білім беру субъектілерінің кәсіби дамуына және өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік береді, білім алушылардың өзгермелі әлемде өмір сүру дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Білім алушылардың білім алу, даму, оқу іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыру:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет