Мəдениеттану пəні дəрістер №1 Тақырыбы: МƏдениет ұҒымы жəне қҰрылымы жоспар


«Қазақ сəндік қолданбалы өнері жəне əлемдік өнер» пəні



Pdf көрінісі
бет21/22
Дата25.03.2024
өлшемі2.27 Mb.
#496458
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Снимок экрана 2024—03—07 в 16.35.06

«Қазақ сəндік қолданбалы өнері жəне əлемдік өнер» пəні
№ 10 дəріс. Тақырыбы: Орта ғасырдағы Қазақстан қолөнері.
Мақсаты: Қала құрылысы жəне культтік сəулет өнері. Петроглифтер.
Тамғалыдағы жартас суреттері. Мүсін өнері. Қолөнер.
Дəрістің мазмұны: Түрік қағанаты кезіндегі ескерткіштер туралы түсінік
қалыптастырып, «бал-бал тастар» мүсіні туралы мағлұмат беріп, сəулеттік
кешендерге, қала құрылысына түсінік беріп, кесенелердің өзіндік дара
ерекшелігін суреттей білуге үйрету.
Қала мəдениетінің ежелгі ошақтары. Қоныс орындарының түрлері.
Қалашық құрылысы. Тараз. Баба-ата қамалы. Ақыртас. Түріктердің Мемориалдық
сəулет өнері. Домбаул мавзолейі. Қараханидтер мавзолейі. Мемориалдық-рəсімдік
құрылыстар. Бабаджа-Қатын, Айша-бибі мавзолейі. Юрта. Мифологиялық
мазмұн. Стилистика. Кезеңге тəн сюжеттер. Ежелгі түріктердің Символдық-
космогониялық жүйесі. Композициялық құрылым. Ер адамдар мен əйелдердің
ескерткіштері. Мүсіндердің типологиялық ерекшеліктері. Керамика. Ою-өрнек.
Зергерлік іс. Металды көркемдеп өңдеу. Ағашты көркемдеп өңдеу. Тері. Сүйек ою.
Тас. Тоқыма.
VI ғасырдан бастап Қазақстанның оңтүстігінде егіншілікпен
айналысқан халықтар өздері тұрған мекен-жайларының орнына қалалар сала
бастады. Қазақ жеріндегі алғашқы қалалар Оңтүстікте, Жетісу өңірінде жəне
Орталық Қазақстанда пайда болған. Қалалар қолөнер, зат айырбастау жəне
сауданың дамуына байланысты пайда болды. VІІ-XIII ғасырларда жол бойында
Аспара, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб жəне басқа қалалар салынды. Қала
қамалдарының жеке билеушісі əсем оюлы өрнектермен, ағаш, бедерлі қыш
суреттермен əшекейленген кең сарайларда тұрған. Қалалар қолөнер мен сауданың
орталығы болды. Қалалар шет елдермен, қала маңындағы дала көшпенділерімен
алыс-беріс саудамен айналысты. Қалаларда жүргізілген археологиялық қазба
жұмыстарынан теңгелер табылды. Яғни, саудада теңгелердің пайдаланылғанын
көрсетеді.
ІХ-ХІІІ ғасырдың бас кезінде аталған аймақтар мұсылман мəдениетінің


ықпалына түсті. Осы өңірлерде көптеген жаңа қалалар салынып, құрылысында
өзгерістер байқалады. Жетісу маңындағы Талғар қаласы орман жəне мұнаралы
жолдармен қоршалып, орам-орам болып салынған. Талғар қаласында жүргізілген
қазбадан сүйектен жасалған шахмат фигуралары табылған. Қалаларда діни
мекемелер үшін құрылыстар, ел билеушілеріне арналған үйлер, су құбырлары
салынды. Қалалар өсті, олардың өзіндік ерекшеліктері болды. Қала үш бөліктен
тұрған: Цитадель-қаланың орталық бөлігі.Онда патшаның жəне əкімшілік
басқару 
орындары, 
қала 
билеушісінің 
сарайы
орналасқан. Шахристан-билеушілер, ақсүйектер, діни қызметкерлер жəне
қаланың бай халқы мен қолөнершілері тұрған бөлік. Рабад-қолөнер
шеберханалары орналасқан қала бөлігі. Осы кезде салынған көне қалалар бір-
біріне ұқсамайды.
Қазақстан қалалары əкімшілік, қолөнер, сауда-экономикалық орталық
болумен қатар, ғылым мен мəдениет ордасы қызметін атқарған. Бұл қалаларда
əлемге əйгілі Əбу Насыр əл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Қожа
Ахмет Яссауи сияқты ғалымдар өмір сүріп, еңбектерін жазған.
Қалаларда сəулет өнері дамып, архитектуралық ескерткіштер, мешіттер,
медреселер, кесенелер көптеп салынды. Х-ХІІ ғасырлар аралығында
салынған 
Бабаша хатун кесенесі
, Айша бибі кесенесі, Қарахан кесенесі,
Сырлытам кесенесі, Тараз, Отырар, Баласағұн қалаларындағы моншалар - сəулет
өнерінің тамаша туындылары болып табылады.
Қазақстан жеріндегі көне қала. Ол ІХ-Х ғасырларда гүлденген ірі қала жəне
ғылымның орталығына айналды. Бұл қалада сəулетті сарайлар, ірі медреселер,
мешіттер болған.
1219 жылы қыркүйекте моңғолдар Отырар қаласын қоршады. Халық
жаулап алушыларға қарсы ерлікпен 6 ай бойы күресті. Жақсы бекінген, ерекше
қарсылық көрсеткен Отырар қаласын Қайырхан əскерімен бірге қорғайды.
Қаланы биік дуалмен қоршап, жан-жағын айналдыра ор қазып тастаған. Қалаға
кіріп-шығу үшін, қақпа салған.Қайыр хан Шыңғыс ханның көрші мемлекеттерді
қалай жаулап алғанын жақсы білді. Сондықтан қаланы қорғау үшін барлық
даярлықты жасады. Жаяу жəне атты əскерлерді қақпа алдына қойды. Ал өзі қамал
қабырғасына шығып, қала сыртына қарағанда көз жетер жердің барлығында əскер
тұрды. Шыңғыс ханның жауынгерлері қамалдың айналасында бірнеше қатар
болып шеңбер құрып орналасқан болатын. Отырар қаласын еркектермен бірге
əйелдер де, балалар да ерлікпен қорғады. Отырар қаласы алты ай бойы
монғолдардың қоршауында болады. Монғолдар қаланы жермен-жексен етеді.
Талай ғасыр бойы гүлденген Отырар қаласы қиратылып, өртеніп кетеді. Қала
халқы қырылады, тірі қалғандарын Моңғолияға айдап əкетеді. Отырар-қаһарман
қала, оны қорғаушылар ерлік күрестің үлгісі. Отырар 1219 жылғы
шапқыншылықтан кейін қайта жанданады. Отырар Иран мен Орта Азиядан
Сібірге, Монғолия мен Қытайға баратын маңызды сауда қаласы болды.
Түркістан қаласы Сырдарияның оң жағалауында, Қаратау жотасының
бойында орналасқан. Есім хан тұсында Түркістан Қазақ хандығының орталығы
болады. Сол уақыттан бастап Иасы Түркістан қаласы деп атала бастады. Қаланы
балшықтан соғылған қамал қоршады. XIX ғасырдың екінші жартысында
Түркістан қаласында 20-дай мешіт, 2 медресе, 5 мыңдай тұрғыны болған.
1991 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Иасауи атындағы халықаралық қазақ-
түрік университетінің іргетасы қаланды. 2000 жылы ЮНЕСКО шешімімен
Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы дүние жүзінде атап өтілді.
Oрта ғасырдағы Қазақстан жеріндегі көне қала. Сығанақ қаласының
тұрғындарына ауыз су Сырдария өзені арқылы жер асты құбырлары мен жер
үстінен өтетін каналдар арқылы келген. Қала маңындағы жерлер Сырдария
алқабындағы каналдар арқылы суарылып, өңделіп отырған. Сыр бойындағы қала
төңірегінде суармалы егін алқаптары жайқалып тұрған. Сауда саттық жəне
айырбас дамиды.
Сығанақ қаласын 1219-1220 жылдары моңғол əскері қоршауға алып
қиратады. Бірақ ХІІІ ғасырдың екінші жартысында қала қайта жанданады. Ақ
Орда ханы Ерден хан (1320-1344) Сығанақ қаласына үлкен күш жұмсап, қайта
тұрғызған. Осы кезде Отырар, Сауран, Жент, Баршыкент қалалары да қайта
қалпына келтіріліп, жаңа құрылыстар салына бастаған. ХІV ғасырда Ақ Орданың
хандары Сығанақ қаласында өз аттарынан металл ақша шығарады. XVIII
ғасырларда сауда орталығы болды. Қала XVIII ғасырға дейін өмір сүреді.
Бүгінде «Мəдени мұра» бағдарламасына сай ежелгі қалалар мен қалшықтар
Бозақ, Отырар, Сауран, Талғар, Қойлық, Сарайшық қалаларында археологиялық
қазба жұмыстары зерттеулер жүргізіліп, тың мəліметтер жинақталып, кітаптар
шығарылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет