20. Ғұндардың номадтық мәдениеті.
Номадизм - [грек, nomades - көшпенді] - өндіріс процестерінің қарқынды интернационализациясы кезеңінде (ұлттық шекаралардың шайылуы, капиталдың жөнсіз "құйылуымен" және диаспоралар белсенділігімен ерекшеленетін) аса танымал болған қоғамтанудағы ұғым.
Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Ғұндардың негізгі өмір салты : көшпелі еді. Негізгі шаруашылығы: көшпелі мал шаруашылығы еді. Ғұндар барлық мал түрін өсірген. Ғұндардың жүннен киім тоқып кигендігін көрсететін негізгі дәлел Ұршық бастары еді. Жазба деректер бойынша, былғары киімдері мықты әрі ыңғайлы, жеңіл және әдемі болған. Ғұндардың негізгі баспанасы күйіз үй болған. Б.з.б III ғ-дың соңы мен б.з.б II ғ-дың басында Еуразия құрлығында бірден бір ірі мемлекетке айналған. Өз мемлекетін құрып, 24 рудан тұрған. Жоғарғы билеушісі «тәңірқұт» қытай деректерінде «шанью» деп аталған. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптаудан жетік меңгерген. Ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Кен қазып, металл қорытқан. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Көк тәңіріне табынып, дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырды. Шекаралық аймақтарда сауда орындары ашылады Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды).Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді. Ғұндардың діни-наным, сенімдері ата – бабаның аруағына сенді. Жалпы ғұн тайпалары пұтқа табынған, тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған.Ғұндардың жауынгерлік құдіретінен сескенген қытайлар Ұлы Қытай қорғанын салдырған.
21.Түркі мәдениеті
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мəдениеттің жалпы атауы.
Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жəне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа]] территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі" терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |