1.БҚА( тура және тура емес билирубин, АЛТ,АСТ, трансминаза тексеру) 2.ЖЗА 3.ЖҚА( лейкоцитер,лимфоцттерді тексеру) 4.ИФА қан ( HB2Ag,HBeAg,HBcAg-ді қаннан іздеу) 5.ПТР тест Инст.тексеру Ішастар астар бөлінімнің Удз 23. Науқас А., 18 жаста, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы шағымдарымен ауруханаға түсті. 7 күн бойы бас ауырып температурасы 38° көтерілген. Амбулаторлы емделген, диагнозы: ЖРВИ. 8-ші ауру күні қара зәр пайда болды, анасы тері және склерасының сарғаюын байқады, соған байланысты ол ауруханаға жатқызылды. Объективті: Пульс 60 рет минутына, АҚ 100/60 мм с.б.б. іші жұмсақ, бауырдың серпімді жиегін пальпациялауға сезімтал, қабырға доғасының астынан 2,0 см шығыңқы. Көкбауыр пальпацияланбайды. Зәр сыраның түсі, нәжістің түсі өзгерген.
1. Болжам диагноз?
2. Тексеру жоспары
24. Науқас И., 29 жаста, емханаға ауруының 2-ші күні түсті. Ауырып қалды өткір, қалтырау пайда болған кезде, басы, көз алмалары қатты ауырды, фотофобия, дененің ауыруы, кеудедегі ауырсыну, мұрын бітелуі, температурасы 39°. Аспирин қабылдаған. Келесі күні құрғақ жөтел басталған, 1 рет құсу болған. Обьективті жағдайы орташа ауырлықта. Температура 39,9°. Терісі бозғылт, ыстық түрту. Ауыр гиперестезия. Жұтқыншақтың шырышты қабаты ісінген, цианозды, бар жалғыз қан кетулер. Өкпесінде тынысы қатаң, шашыраңқы құрғақ трахея үстінде сырылдар, перкуссияда – түтіксіз. Пульс минутына 120, АҚ 100/60 мм сын.бағ Менингеальды симптомдар жоқ.
1. Болжам диагноз?
2. Тексеру жоспары
25. Науқас Р. басқа отбасы мүшелерімен бірге емханаға жеткізілді. Скумбрия жегеннен кейін 10-12 сағаттан кейін ауырып бастаған. Жағдайы орташа ауырлықта. Әлсіздікке, іштегі шуылға, дене қызуының көтерілуіне, қалтырауға, балтыр бұлшықеттерінің тартылуына, жиі сұйық нәжіске шағымданды. Құсу болған жоқ. Температура 38,5°. Пульс 88 рет, тыныс алу жиілігі минутына 20, АҚҚ- 110/70 мм сын. бағ. Жүрек тондары тұйықталған. Тілі ылғалды. Іші орташа ісінген. Пальпацияда – шуыл және ішектің ауырсынуы. Нәжісі жиі, сұйық, жасыл, өткіс иіспен.
1. Болжам диагноз?
2. Тексеру жоспары
26. 36 жастағы әйел, жедел ауырған. Түн ішінде сұйық сулы нәжіс, қайталамалы құсу, біраздан соң әлсіздік, бас айналу пайда болды. учаскелік ауруханада «Жедел тамақтан улану» диагнозы қойылды. Асқазаны шайылып, кордиамин 2.0 тері астына және 500мл 5% глюкоза С вит көктамырға берілген. Жағдайы нашарлаған: құсуы тәулігіне 15-20рет, сұйық сулы нәжіс санаусыз, кенеттен әлсіздік. Аяқ-қолының дірілі, қатты шөлдеу пайда болды. Аса ауыр жағдайда аудандық ауруханаға жеткізілді. Қарағанда: акроцианоз және цианоз мұрын-ерін үшбұрышында, беті үшкірленген, көз айналасында күңгірт дөңгелек, генерализденген діріл. Дауысы сырылдап шығады, тері тургоры төмен, температура 35,5oС, пульсі жіп тәрізді, АҚ 45/0 мм.с.б., Тілі құрғақ, сұр жабындымен жабылған, іші тартылған, жұмсақ, перистальтикасы күшейген. Нәжісі сулы «күріш қайнатпасы» тәрізді. Зәрі шықпайды. науқас есі бар, енжар, қатынасқа әзер келеді.
1. Болжам диагноз?
2. Тексеру жоспары
27. К.есімді науқас, 46жаста, жүргізуші, поликлиникаға екінші рет 23.04 күні келіп, оң жақ қабырға астында ауырсынуға, тәбеттің жоғалуына, әлсіздікке шағымданды. 2апта бұрын әлсіздік, жұмыс істеу қабілеті төмендегенде ірі буындарында ауырсынуды байқап, поликлиникаға келіп, бруфен қабылдаған. Буындарында ауырсыну азайып, бірақ қайта пайда болған. Зәрі қарайып, 19.04 күні склерасының сарғаюын байқаған. жағдайы нашарлап, тәбеті жоғалып, дене температурасы жоғарылап, екі рет құсқан. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, терісі және шырышы шамалы сарғайған, буын бөлігі өзгермеген, тілі жабылған, бауыры ұлғайған, пальпациялағанда ауырсынады. көкбауыры перкуторлы ұлғайған. Пульсі минутына 56 соққы, жүрек тондары естілмейді. Өкпесінде сырыл жоқ. Зәрі «сыра» тәрізді, нәжісі түссіз. Басы ауырады, ұйқысы нашар. Эпиданамнезінде – қаңтарда оң жақ бүйрегінде кистаны алып, операция жасаған. Б/х: қанда тура билирубин 84, тура емес – 42мкмоль/л, АлАТ-624, АсАТ-123нмоль/л, тимол сынамасы -4ед. Серологиялық зерттеуде HbsAg және Ig M HB cor Ag-ға.
1. Болжам диагноз?