З.З.Медицина жұмыскерлерінің этикалық қарым-қатынасы.
Мейіркештердін; пациентке, кіші медицина қызметкерлеріне деген қарым-қатынастары өте маңызды болуы керек. Бұл қарым-қатынастар мейіркеш білім деңгеймен, және де өз қызыметін атқару білгірлігімен анықталады.
Мейіркеш әрқашанда өз қызыметінде ұстамдылық танытып, теріс
теріс қылықтарға жол бермеуі керек. И .Харди (венгер психсотеропевті) мейіркештердің
типологиялық жіктелуінің сипаттары негізінде олардың психоэмоционалдық ерекшеліктерін алып қоймай сонымен қатар пациентке және өз қызыметіне деген қатынасын қарастырған. Ол мейіркештерді келесі түрлерге бөледі:
Мейіркеш -керітартпа— пациенттерге қажетті көңіл бөлмей, оларға ешқандай жанашырлық сезімсіз өз міңдеттерін тиянақты, дәлме-дәл, машина сияқты орындайды. Олар кейде өз міндеттерін орындау үшін, мысалы пациенттің дәрі-дәрмек қабылдауы үшін оны ұйкыдан оятып алады.
Әртістік түрі— мұңдай мейіркештер өзінің көздеген мақсатына жету үшін белгілі-бір рөлді ойнайды. Егер де мұңдай мінезі шектен тыс шығып жатса, онда оның мінез-кұлқынша адалдық, өзімшілдік қасиеттерін жоғалады.
Қияли түрі – өкінішке орай біздің денсаулық сақтау саласында мейіркештердің бұл түрі кең тараған. Мұндай мейіркештер ылғида болдырьш қажыған, ашу кернеген, оның еңбегін қажетті түрде бағаламайтындай сезімдерде болады. Бұл мейіркештердің пациенттері өздерін қалыптты жағдайда сезіне алмайды.
Еркекшора түрі — әдетте ірі тұлғалы мейіркештер шешімді, қуатты болып келеді, Кейбір жағдайларда олар жақсы ұйымдастырушы және жас мамандардың тәрбиешісі болып табылса, ал кейбір жағдайларда мәдениеттіліктің, білімнің жетіспеушілігінен олар дөрекіде агрессивті болып келеді.
Меиіркештің аналық түрі - мейіркештердің бұл түрі пациенттерге аналық сезімге тән жанашырлық және қамқорлықпен қарайды. Олар үшін пациенттерге деген қамқорлық өмірлік бейімділік болып саналады.
Тар мамандықтың түрі — мұңдай мейіркештер өз әріптестері және пациенттерге деген аса басымдылық қарым-қатынасы салдарынан әрқашанда шиенелесуге апарып отырады.
Әрбір пациенттің өмірлік құндылығына және адамгершілігіне деген құрмет — мейіркештік практиканың негізгі қағидасы болып саналады.
Мейіркештік ісі ғылым саласында жылдан жылға көптеген жаңалықгар енгізіліп жатыр. Қазіргі жағдайларда медициналық этиканың әр бір жағдайларда өз ерекшіліктері бар. Медицина қызметкерлерінің өмірге және өлімге деген қатынасының үлкен мәні бар және ол дін, өнер, философия салаларымен сабақтасып жатады.
Қазіргі заманда медицина қызметкерлерінің өлімге деген қатынастары жаңа аспектілерге ие болып дүниежүзінде кеңінен талқылануда. Шет елдерде тұрғындардың 75-80%-ы эвтаназияны қолдайды. Эвтаназия грек тілінен аударгаңда жеңіл, бақытты өлім дегенді білдіреді.
Эвтаназия екі түрге бөлінеді: белсенді және енжар.
Достарыңызбен бөлісу: |