Дәрі және аспаптарды ұрлау
Барлық инструменттерді және дәрілерді емдеу және алдын-ала сақтандыру мекемелерінде ұқыптылықпен есепке алынып отырылуы керек. Мейіркеш кезекшілікті тапсырғанда аға мейіркештің алдында барлық қолданылған дәрі және инструменттер туралы есеп береді. Дәріні және инструментті ұрлағаны үшін заң алдында жауап береді.
Есірткі заттарды ұрлау және сақтау
Есірткі заттарды заңсыз әзірлеу, сақтау, алу, тасымалдағаны үшін заң алдында жауапкершілікке тартылады. Мысалы: есірткі заттарды немесе препараттарды қол сумкасында алып жүруге болмайды. Емдеу мекемелерінде есірткі заттарды сақтау және қолданудың белгілі тәртібі бар. Егер есірткі заттарды сақтау ережесін бұзса және нұсқауларды орындамаған жағдайда есірткі заттарды сатып және заңсыз қолданса ол жағдайда медицина қызметкерлері заң алдында жауапкершілікке тартылады.
Әр жағдайларда ауырғаны туралы жалған анықтамалар және жалған куәліктер беріледі. Орта буынды медицина қызметкерлері емдеу мекемелерінде медициналық документтермен жұмыс істеуді және оның сақталуына жауап береді. Орта буынды медицина қызметкерлерінің медициналық құжаттарды беру және толтыру ережелерін катаң; сақтауы моральдық және құқықтық міндет болып саналады. Мейіркештің меңмеңдік мінездерінің салдарынан өз бетімен шешім қабылдап, пациентке ем тағайындалса, ол жауапкершілікке тартылады. Медицина қызметкерлерінің арасындағы бұзықтықты үш түрге бөледі:
А. Күтпеген оқиға
Ә. Медициналық қателік
Б. Заң алдында жазаланатын кәсіптік бұзықтықтар.
Күтпеген жағдай — ол адам алдын ала ойламаған жағдайларда туындайды. Мысалы: жеке пациентке белгілі бір дәріні қолдануға болмайды екен, себебі оның сол дәрі-дәрмекке аллергиялық ауруы бар, бірақ мейіркеш пациенттің бұл ерекше жағдайы ауру тарихында көрсетілмеген салдарынан мейіркеш пациентке көрсетілген дәрі-дәрмекті қолданған. Міне, осындай жағдайлар күтпеген окиға деп танылады. Осы мәселе әдейі шақыртылған конференцияларда талданып қайталануын болдырмайтыны туралы, кінәлі адамға ауызша қатаң сөгіс беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |