4.2.Білім алудағы пациенттің және оның жанұясының қажеттілігіне
баға беру
Пациенттердің қаңдайда бір қажеттілігін ашудағы қанағаттануының бұзылуы кезінде пациентте аурушаңдық жағдай дами түседі.
Пациенттің және оның жанұясының өміріндегі белгілі бір сәтіндегі қажеттіліктерін ашуды, оның денсаулығын жақсарту мақсатында белсенді әсер етуге болады және де бұл процесте мейіркешке көп көңіл болінеді. Ол үшін мейіркеш:
1.Пациенттің өмір қалпы бағалайды;
2.Пациенттің өзіне күтім жасау оқуындағы қажеттіліктерін анықтайды;
3.Пациенттің әлеуметтік және мәдени ортасын бағалайды;
4.Оқушының психологиялықерекшеліктерін, дамуын бағалайды.
Пациенттің білім және ептілігінің бастапқы деңгейіне баға беру. Оқыту процессінің нәтижесі болып іскерлік танылады. Іскерлік деп — өзгеріп отыратын жағдайлардағы қалыптасқан білім негізінде қандайда бір іс-әрекеттерді болдыру қабілеттілігін айтады. Әрбір оқушы жеке тұлғалық және іскерлік ерекшеліктерне, оқуға деген қарым-қатынасына ие болады.
Дәлелдеу - оқыту процесінің бірінші бөлігі.
Дәлелдеу — "дайын болу заңы" — ақыл-ой іс-әрекеттерінің қалыптасуының бірінші міндетті түрдегі кезеңі. Мотив - ол адамды қандайда бір іс-әрекет жасауға талаптанып, ынталануын анықтайды. Пациентті оқытуда ішкі және сыртқы мотивтері болуы мүмкін. Сыртқы мотивтерге денсаулығының қалпына келуі, материалдық пайдасы, сөгіс алуы, марапатталуы және т.б. жатады. Ішкі мотивтерге өзінің окулық деңгейін өсіруге талаптануы, бұрыңдары алған білім мен ептілік деңгейлерін көтерулер жатады.
Мотивациялаудың 4 құрылымдық компоненттері бар:
Қызыметтің өзінен қанағаттануы;
Жеке тұлғаның өз нәтижесіне деген мәнділігі;
Жасаған іс-әрскеттері үшін марапаттаудың "мотивациялау" күші;
Жеке тұлғаға күштеу арқылы қысым көрсету.
4.3.Пациенттің оның жанұя мүшелерінің қабілеттілігін бағалау
Адамның қабілеті өзінің жекелік психикалық ерекшелігіне тікелей байланысты. Адамның қабілеті жас кезінен денсаулығына, мінезіне байланысты әр алуан больш, танымдық белсенділігінің деңгейін анықтайды. Мейіркеш пациенттердің және оның жанүя мүшелерінің жекелік психикалық жағдайына, қызымет ету сипатына, окулық және тәрбиелік жағына, жеке қасиеттерін, қарым-қатынасын, ептілік дәрежесінің даму қабілеттіліктерін бағалап отырады. Мейіркеш оқушылармен туындайтын қиыншылықтарды ескеріп, өзінің, жұмысын әрі қарай жоспармен ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |