Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


Медициналық кәсіптік қателіктер



бет17/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

Медициналық кәсіптік қателіктер тәжірибесінің аздығынан, медициналық көмек көрсетуге жағдайының жоқтығынан, кәсіптік білім тәжірибесінін жеткіліксіздігінен болады. Бұндай кәсіптік қателіктерді екінші рет жібермеуі үшін жалпы жиналыстарда талқыға салынады.
Заң алдында жазаланатын бұзықтық жасау: әдейі немесе абайсыз әрекеттен қылмыс жасау. Оған жататындар: дәрігердің қызметін заңсыз атқару, криминалдық қылмыс болып табылатын аборт жасау, медициналық құпияны жариялау, эпидемияға қарсы күресудің ережесін бұзу, адамдарға жасауға болмайтын эксперименттер жүргізу.
Медициналық құпияны жариялау "Дәрігерлік құпияны"сақтау ертеден бері сақталынып келеді. Ежелгі «Гиппократтың антында» дәрігерлік құпияны ардақты сақтау керек деген. Кейбір жағдайларда медициналық құпияны жарияланған салдарынан әр түрлі келеңсіз жағдайлар болуы мүмкін.Ол үшін медицина қызметкері жауапқа тартылады.Медицина қызметкері пациентке байланысты құпияны пациенттің өзінен және басқада әріптестерінен құпия түрде сақтауы керек.
Медициналық көмек көрсету
Медицина қызметкерлері пациенттің шақыруына келмесе, жолда, далада, демалыста болғаңда адамдарға жедел көмек көрсетпеген кездерде пациенттің жағдайы қиындап немесе өліп кетсе, ол заңға тартылады.
Абайсызда байқамай олтіріп алу
Заңсыз жерде дәрігердің қызметін(жоғары білімі болмаса, дәрігер болуға болмайды) атқарып одан пациент өліп кетсе,орта буынды медицина қызметкерлері немқұрайлылықпен халі ауыр пациеттерге дұрыс күтім жасамаса,дәрігердің тағайындалған дәрісінен басқаны қолданса немесе дәрінің мөлшерін көбейтіп жіберсе,денеге басқа дәрі жіберіп қойса,осының бәрі пациенттің жағдайын қиындыққа әкеліп соқтырады.Бұл медицина қызметкерлерінің дәрігер этикасына немкұрай қарағанынан және пациеттің қабылдаған дәрі-дәрмекке деген ағза әсеріне қалыпты көңіл бөлмегеңдігінен болады.
Дәріханада дәріхана қызметкерлерінің немқұрайлылығынан дәрі-дәрмектердің этикеткаларының ауысып жіберілгендігінен абайсызда кісі өлімі болуы мүмкін. Мысалы: физиологиялық ертіндісінің орнына "Мүсәтір сіпиртін" жаңа туған балаларға беру, бөлімшеде балаларды құлатып алу, тыныс мүшелерін ақжайма немесе көрпешікпен жауып тастағаннан баланы тұншықтырып алуы да кездеседі. Менменділік пен немкұрайлылық кәсіптік қылмыс болып саналады,себебі мұндай мінез көптеген зияндар келтіреді.Мұндай адамдарға балалармен, хирургияда акушер-гинекологиялық бөлімдерде жұмыс істеулеріне тыйым салынады.
Медицина қызметкерлері тағайындалған емдік тиісті жағдайда немесе мүлде орыңдамаса,ол қылмыс болып саналады.Дәрігер тағайыңдаулары орта буыңды медицина қызметкерлері аса жауапкершілікпен және өте ұқыптылықпен орындауға тиісті.Мейіркеш әлеуметтік заңды және моральдық тұрғыдан өз міңдеттерін ұқыпты орындаған болса, оңда олардың өз кәсіптік деңгейде сырқатқа қайырымды,ұқыпты көңіл бөлуге,сәтсіз уақиғаның болмауына, өз қыметтіндегі қателікке және заң бұзушылықтың болмауына жол берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет